Қазіргі таңда елімізде неке қиған жастардың үштен бірі, тіпті кей өңірлерде тең жартысы кейін ажырасып кетіп жатыр. Бұның себебі неде? Имансыздық па, әлде материалдық жағдайдың салдары ма? Біз осы сұрақтарды Нұр-Сұлтан қаласы «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлына қойып, жауабын білген едік.