Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады. Әдеп – жақсы тәрбие, адамдар арасындағы жақсы мәміле, көркем мінез, тазалық, сыпайылық деген мағыналарға келеді. Бабаларымыз баланы бесігінен-ақ жақсы әдептерге баулыған. Абай атамыз да «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп, мәдениеттіліктің мәнін ашып көрсеткен.