Қазақ дүниетанымында «балуан» деп тек жауырыны жер иіскемеген алып күш иесін емес, өзінің ішкі жан-дүниесіндегі келеңсіздіктерді жеңе білген рухты адамды да айтқан. Бүгінгі таңда бұл сөздің рухани жағы ұмытылып, тек сыртқы формасы ғана сақталып қалған. Жуырда жарық көрген «Балуан тас» кітабының авторы, мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров «Kazislam.kz» порталына берген сұхбатында қазақ руханиятындағы «балуан» ұғымының қыр-сырын ашып түсіндірді.