Әбу Ханифаға көйлек сатқан әйел

    0
    3

    Әбу Ханифа:

    –  Бұл көйлек қымбат көйлек қой, аз сұрап жатырсыз, – деді.

    Әйел:

    –  Маған жүз динар жетеді, – деді.

    –  Жүз динардан да қымбат тұрады, – дегенде әйел:

    –  Болмаса, екі жүз динар беріңіз – деді.

    Әбу Ханифа:

    –  Бұл көйлегіңіз одан да қымбат, одан да көбірек сұрасаңыз болады– деді.

    Әйел:

    – Күлкі қылып жатырсыз ба? Мен жүз динарға сатуға разымын. Сіз сонша ақша берсеңіз де жетеді, – деді.

    Әбу Ханифа:

    – Ханым, егер мен бұны біліп тұрып, қымбат көйлегіңізді арзанға сатып алсам, Алла Тағала менен сұрайды. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мұсылманды алдаған бізден емес, олар мұсылманмен ара-қатнасы үзілгендер» – деген. Бұл деген Мұхаммедпен (с.ғ.с) алқасынан үзілгендеген сөз. Осы жағдайға түсіп қалудан қорқамын. –  деді.

    –  Болмаса, төрт жүз динар беріп, көйлекті ала қойыңыз.

    Әйел көйлектің бағасын басқа сатушылардан сұрап көріп еді «Бес жүз динар тұрады» деген жауап алды. Әйел Әбу Ханифаға қайта келді. Әбу Ханифа әйелден көйлекті бес жүз динарға сатып алды. Ақшаны алған кезде әйел көз жасын тоқтата алмады.

    – Бұл – менің келіншек болғанда киген көйлегім. Ол – мен үшін өте қымбат. Үйде мұнан басқа сатып, тамақ алатын басқа ешнәрсе қалмады. Барлығын саттым, соңынан бұл көйлекті де сатуға мәжбүр болдым. Жетімдік көрген балаларым екі күннен бері еш дәм татпады, қарындары аш. Егер бұл көйлектің сонша қымбат екенін білгенімде ертерек сататын едім. Бұл – көп ақша, енді біздің көрген қиыншылықтарымыз жеңілдейді. Алла сізге разы болсын, – деп дұға қылды сатушы.

    Әйелдің жағдайын түсінген Әбу Ханифа бес жүз динар мен алтын беріп, көйлегін қоса өзіне қайтарып берді.

    Асылхан ЖАҚЫПОВ

    Пікір жазу