Күндердің күнінде Әсия есімді бір кішкентай қыз қолына екі алма алып, ас бөлмеде отырады. Кенет, бөлмеге анасы келіп Әсиядан қолындағы бір алманы беруін өтінеді. Сонда қызы дереу бір алманы тістейді де, артынша екіншісін де тістейді. Анасы бауыр еті баласының алма бөліспегеніне ренжігендей болып, үнсіз қалады. Сол сәтте Әсия кідірместен оң қолындағы алманы анасына ұсынады да:
– Анашым, алыңыз, мына алма тәттірек екен,-деп күлімсірейді.
Түйін: Көпті көріп, көп оқысаңыз да, жасыңыз үлкен болып, өмірлік тәжірибені бойыңызға сіңірсеңіз де біреу туралы сын айтуға, жаман ойлайға асықпаңыз. Себебі, сіздің көзіңізге көрінген нәрсе басқаша көрініс табуы мүмкін.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы