Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған үкіметін қолдайтын Араб коалициясы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтың солтүстігінен анықталған үш ұшқышсыз ұшу аппаратының (дронның) жойылғанын хабарлады. Бұл туралы коалицияның ресми өкілі, генерал-майор Турки әл-Малики америкалық X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Әл-Маликінің айтуынша, Эр-Риядтың солтүстігінде үш дрон анықталып, олардың жолы кесілген және көздері жойылған. Алайда ол ұшқышсыз аппараттардың қай жерден ұшырылғанын нақтыламады.
Йемен үкіметтік күштері мен Иран қолдайтын «Ансаруллах» қозғалысы (хуситтер) арасындағы қақтығыстардың шиеленісуі аясында хуситтер Сауд Арабиясының аумағына баллистикалық зымырандар мен дрондар арқылы соққы беріп келеді. Қозғалыс мұндай әрекеттерін өздеріне жасалған шабуылдарға жауап ретінде түсіндіреді.
Йеменде азаматтық соғыс 2014 жылдың қыркүйегінен бері жалғасып келеді. Қақтығыс хуситтердің ел астанасы Сана мен бірқатар провинцияға бақылау орнатуынан кейін басталған.
Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясы 2015 жылдың наурызынан бері Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған үкіметіне қолдау көрсетіп келеді.








