ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауға Алматы қаласы өкілдігі бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Әуезов ауданы «Таугүл» мешітінде өткен іріктеу сайысы тартысты жағдайда өтті. Байқауға жалпы саны 27 қыз қатысып, Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынасты.
Нәтижесінде:
30 пара бойынша:
1-орын – Тлеуова Ырысайханым (200 000 тг) және республикалық байқауға жолдама;
2-орын – Әлібай Әмина (170 000 тг);
20 пара бойынша:
1-орын – Нұртуғанқызы Фатима (150 000 тг) және республикалық байқауға жолдама;
2-орын – Рискидинова Сумая (130 000 тг);
3-орын – Абдулла Мариям (120 000 тг);
10 пара бойынша:
1-орын – Иминова Саджида (100 000 тг) және республикалық байқауға жолдама;
2-орын – Уразбек Хадия (80 000 тг);
3-орын – Балтабай Айша (60 000 тг);
5 пара бойынша:
1-орын – Ернарқызы Айша (70 000 тг) және республикалық байқауға жолдама;
2-орын – Қуандықова Айару (60 000 тг);
3-орын – Дәділ Айша (50 000 тг);
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы Құран жаттап, сайысқа қатысқан барлық қари қыздарға алғыс білдірді. Сондай-ақ 24–25 сәуір күндері Түркістан қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алған қатысушыларға сәттілік тілеп, батасын берді.










