Бейсенбі, 9 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түркі әлемінің бишілері бас қосты

01.04.2026
- Жаңалықтар
0
23
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алматыда хореографиялық оқу орындарының VII Халықаралық «ӨРЛЕУ. Түркі билерінің жаңғырығы» фестивалі өтті. Бұл –  Орталық Азиядағы хореографиялық өнер саласындағы ірі мәдени-білім беру жобаларының бірі. Биыл фестиваль қазақтың көрнекті ақыны, Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орайластырылды.

Фестиваль тұжырымдамасы халықтар арасындағы мәдени бірлік пен тарихи байланыстарды көркемдік тұрғыда айқын көрсетіп, түркі әлемінің ұлттық хореографиялық дәстүрлерін бір арнада тоғыстырды. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан және Саха Республикасы (Якутия) делегациялары қатысты.

Алматыға академиялық балет мектебі мен ұлттық би дәстүрлерін танытатын жетекші хореографиялық оқу орындары келді. Фестиваль аясында жетекші педагогтар мен мамандардың шеберлік сабақтары, шығармашылық көрсетілімдер, ұлттық хореография мектептерінің таныстырылымдары, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда мәдени мұраны сақтау және дамыту, хореография өнерін заманауи тұрғыда тұжырымдау және түркі әлемі елдері арасындағы кәсіби әрі шығармашылық байланыстарды нығайту мәселері кеңінен талқыланды.

Фестиваль Almaty Theatre сахнасында өткен гала-концертпен қорытындыланды. Онда қатысушылардың үздік нөмірлері ұсынылып, түркі халықтарының хореографиялық мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігі толық көрініс тапты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

09.07.2026

1,7 миллионнан астам адам концерт тамашалады

09.07.2026

«ӨРЛЕУ» фестивалі Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі мен Еуразиялық мәдениет қорының бірлесуімен алғаш рет 2008 жылы ұйымдастырылды. Осы жылдар ішінде фестиваль кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және шығармашылық ынтымақтастық үшін беделді халықаралық алаңға айналды. Бүгінге дейін шараға әлемнің түрлі елдерінен 3000-нан астам адам қатысты.

Таңбалар: "Өрлеу" фестиваліАлматытүркі әлемі
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

25.06.2026
Алматы: Медресе түлектеріне диплом табысталды
Жаңалықтар

Алматы: Медресе түлектеріне диплом табысталды

19.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
“Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті

"Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Республикалық бас мешіт “Нұрсұлтан мешіті” деп аталады

    Республикалық бас мешіт “Нұрсұлтан мешіті” деп аталады

    33
  • Жаңа Конституция – жаңа құқықтық кезең

    29
  • «Тақсыр» сөзі жайлы

    19
  • Ұстаздың ұрпағына құрмет

    16
  • Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

    16

Соңғы жарияланымдар

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

09.07.2026
Жаңалықтар

1,7 миллионнан астам адам концерт тамашалады

09.07.2026
Ең ұзын студент диплом алды
Жаңалықтар

Ең ұзын студент диплом алды

09.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00