Жұма, 13 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
- Ағымдар ақиқаты
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпараттың таралу жылдамдығы бұрынғыдан әлде қайда артты. Интернет, әлеуметтік желілер және түрлі медиа платформалар адамдардың көзқарасы мен сенімінің қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Ақпараттық кеңістікте қоғам үшін қауіпті құбылыстардың бірі жалған діни үгіт-насихат. Бұндай құбылыс адамдардың діни сенімін бұрмалап қана қоймай, психологиялық жағдайына, дүниетанымына және әлеуметтік өміріне де әсер етеді.

Дін – адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі, рухани бағыт-бағдар беріп, моральдық құндылықтарды қалыптастырады. Алайда кейбір топтар немесе жеке тұлғалар дінді өз мақсаттарына пайдаланып, манипуляциялау құралына айналдырады. Шынайы діни құндылықтар бұрмаланып, жалған идеялардың ықпалына түседі. Жалған діни үгіт-насихаттың негізгі ерекшелігі адамның психологиясына әсер ету арқылы сенімін өзгертуге тырысуында. Әсіресе жастар өмірлік қиындықтарға тап болған немесе діни білім деңгейі төмен тұлғалар ықпалға тез берілуі мүмкін. Сондықтан мәселені психологиялық тұрғыдан зерттеу қоғам үшін өте маңызды.

Жалған діни үгіт-насихат діннің шынайы мәнін бұрмалап, адамдарды белгілі бір топтың немесе идеологиялық ықпалына түсіруге бағытталған ақпараттық және психологиялық ықпал. Үгіт көбіне дінді үстірт түсіндіру, қасиетті мәтіндерді контекстен бөліп алу немесе олардың мағынасын өзгерту арқылы жүзеге асады.

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026

Едіге Жұмахметов: Олар дәстүрлі діни білімге сүйенбейді

13.03.2026

Кейбір топтар өз идеяларын «ең дұрыс жол», «жалғыз ақиқат» ретінде көрсетеді. Адамдардың сенімін пайдаланып, өз ұйымдарына тартуға тырысады. Мұндай жағдайда дін рухани құндылық ретінде емес, басқару құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Өз пікірін абсолютті ақиқат ретінде көрсетіп, толық бағынуын талап етеді. Өз бетінше ойлаудан алыстап, топтың ықпалына толықтай тәуелді болады.

Жалған діни үгіт жүргізетін топтар психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы әдістерді қолданады. Әдістер арқылы адамның санасына әсер етіп, ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған.

Топтар көбіне «сен дұрыс өмір сүріп жатқан жоқсын» немесе «құтылу үшін біздің жолды таңдауын керек» деген ойды сіңіреді. Мұндай тәсіл адамның бойында қорқыныш пен кінә сезімін тудырып, психологиялық тұрғыдан әлсіз күйге түсіреді.

Жалған діни топтар көбіне өмірлік қиындықтарға тап болған адамдарды іздейді. Адамдарға қолдау көрсетіп, түсіністік танытқандай әсер қалдырады. Тұлға өзін топта қауіпсіз сезініп, сенім арта бастайды.

Психологияда «топтық конформизм» деген ұғым бар. Адамның пікіріне бейімделуі. Жалған діни топтар осы құбылысты пайдаланып, өз ортасына енгізеді. Уақыт өте келе топтың пікірін өз көзқарасымен теңестіре бастайды.

Кейбір топтар басқа ақпарат көздерін пайдалануға тыйым салуы мүмкін. Тұлғаның сыни ойлау қабілетін әлсіретіп, бір жақты ақпаратқа тәуелді етеді.

Жалған діни үгіт-насихат психологиялық жағдайына терең әсер етеді. Соның салдары жеке өмірінде, мінез-құлқында және ойлау жүйесінде байқалады.

Топтардың ықпалына түскен адамдар көбіне өз пікірін қалыптастырудан гөрі жетекшінің сөзін қабылдауға бейім болады. Ұсынылған ақпаратты талдамай, дайын күйінде қабылдайды.

Жалған діни үгіттің ықпалы адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Бұрын белсенді, ашық болған тұлға тұйықталып кетуі немесе керісінше агрессивті мінез көрсетуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда адам топұа немесе жетекшіге психологиялық тұрғыдан тәуелді болады. Ол өз өміріндегі маңызды шешімдерді де солардың пікіріне сүйеніп қабылдайды.

Жастар – қоғамның ең белсенді әрі болашағы зор бөлігі. Алайда олардың өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, кей жағдайда жалған ақпараттың ықпалына тез түсіп кетеді.

Жастар көбіне өмірдің мәнін іздеп, түрлі идеяларға қызығушылық танытады. Осы кезеңде жалған діни топтар оларды өз қатарына тартуға тырысады.  Әсіресе интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін үгіт жастар арасында кең таралған.

Жастардың психологиялық ерекшелігі эмоцияға тез беріледі және жаңа идеяларды қабылдауға бейім келеді. Сондықтан жалған діни үгіттің алдын алу үшін жастар арасында діни сауаттылықты арттыру маңызды.

Жалған діни үгіт-насихат тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға әсер теуі мүмкін. Мұндай құбылыстар қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.

Біріншіден, адамдар арасында түсініспеушілік пен бөлінушілік тудыруы мүмкін.  Әртүрлі радикал көзқарастар қоғамдағы келісімге нұқсан келтіреді.

Екіншіден, жалған  діни идеология кей жағдайда әлеуметтік қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Жастар өз сенімін қорғау мақсатында агрессивті әрекеттерге баруы ықтимал.

Үшіншіден, мұндай құбылыс қоғамдағы рухани құндылықтардың бұрмалануына әкеледі. Нәтижесінде дінге деген сенімін жоғалтуы мүмкін.

Жалған діни үгіт-насихаттың алдын алу үшін бірнеше маңызды бағытта жұмыс жүргізу қажет.

Дін туралы дұрыс білім алған жағдайда жалған ақпаратқа оңай алданбайды. Сондықтан білім беру жүйесінде діни мәдениет пен толеранттылық туралы ақпарат беру маңызды.

Сыни ойлау кез-келген ақпаратты талдап, оның шынайылығын бағалау қабілеті. Бұл қасиет адамның жалған ақпараттан қорғануына көмектеседі.

Отбасы – алғашқы әлеуметтік ортасы. Егер отбасы мүшелері бір-бірімен ашық сөйлесіп, қолдау көрсетсе, сыртқы ықпалға аз ұшырайды.

Интернет кеңістігінде жалған діни үгіттің таралуын бақылау және адамдарға дұрыс ақпарат ұсыну да маңызды.

Жалған діни үгіт-насихат қазіргі қоғамдағы күрделі әлеуметтік және психологиялық мәселе. Адамның сеніміне, дүниетанымына және мінез-құлқына әсер етіп қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылыққа да қауіп төндіруі мүмкін.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін білім беру, ақпараттық сауаттылық және сыни ойлау қабілетін дамыту аса маңызды. Сонымен қатар қоғамда діни төзімділік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру қажет.

Осындай кешенді шаралар арқылы жалған діни үгіт-насихаттың зиянды әсерін азайтып, қоғамның рухани тұрақтылығын сақтауға болады.

А.БЕКІШЕВА,

«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу

  және оңалту орталығы» КММ

 бөлім басшысы, Жетісу облысы

Таңбалар: жалған діни ағымсекта
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?
Ағымдар ақиқаты

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026
Ағымдар ақиқаты

Едіге Жұмахметов: Олар дәстүрлі діни білімге сүйенбейді

13.03.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120784 бөлісті
    Бөлісу 48314 Твитерге 30196
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1433 бөлісті
    Бөлісу 573 Твитерге 358

Соңғы жарияланымдар

Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік
Ағымдар ақиқаты

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде
Қоғам

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

13.03.2026
Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?
Ағымдар ақиқаты

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00