Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы және «Жат ағымдардан сақтану» бағыты аясында Шымкент қаласы, Абай ауданындағы «Кенесары хан» мешітінде жат ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша уағыз-насихат шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһардың Бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың тапсырмасына сәйкес Абай ауданы бойынша «Жат ағымдардан сақтану» бағытының маманы Нұрсұлтан Орынбаев қатысып, тарауық намазы алдында жамағатқа насихат айтты.










