Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құлдың құлы

14.03.2026
- Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Көне заманның бірінде айбынды бір патша өмір сүріпті. Оның сарайы алтынмен апталған, айналасы қалың күзетпен қоршалған екен. Бірақ сол байлық пен салтанаттың ішінде оның жүрегі көбіне тыныштық таба бермейтін.

Әсіресе Рамазан айы келгенде патша оразаның ауырлығын қатты сезінетін. Күн ұзақ аштық пен шөлге төзу оған қиын болатын. Сондықтан ол Рамазан айында ерекше бір бұйрық шығаратын: екінті намазынан кейін күн батқанға дейін сарай алдында дабыл қағылып, түрлі аспаптар ойналсын, ойын-күлкі тоқтамасын – деп.

– Уақыт тез өтсін, аштық сезілмесін, – дейтін ол.

Сөйтіп, әр күні екінті ауғаннан кейін сарай маңы у-шу мен думанға толатын. Дабылдар дүрсілдеп, сырнайлар сарнап, адамдар күліп-ойнап жататын. Ал патша сарайының биік терезесінен қарап тұрып, уақыттың тез өткенін күтетін.

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026

Бір күні дәл осындай сәтте сарай маңынан ақ сақалды, жүзінен нұр төгілген бір қария өтіп бара жатты. Ол айналаға құлақ түріп, дабылдың қатты үнін, аспаптардың дауысын естіді. Бейне бір мереке емес, қияметтің шуы секілді.

Қария тоқтап, көкке көз тастады.

– Қазір ауыз ашарға жақын уақыт. Бұл – рақым мен кешірімнің төгілетін сәті. Ал мына жерде болса, ойын-күлкі, дабыр… Мұндай уақытта мұсылманға бұлайша бейқам болу жараса ма? – деп күбірледі ол. Сөйтті де, батыл қадаммен сарай қақпасына қарай бет алды.

Қария дабылшылардың қасына келіп:

– Тоқтатыңдар бұл шуды! – деді.

Бірақ ешкім оның сөзіне құлақ аспады. Көп ұзамай бұл жағдай сарай ішіндегі патшаға жетті. Патша терезеден қарап, әлгі қарияны көрді де ашуланып:

– Оны ұстап әкеліңдер! – деп бұйырды.

Күзетшілер қарияны патшаның алдына алып келді.

Патша салқын жүзбен:

– Неге сен біздің думанымызды тоқтатпақ болдың? Бұл не қылған орынсыз іс? – деді.

Қария сабырмен:

– Өйткені бұл – орынсыз іс. Ал біз жамандықты тоқтатуға міндеттіміз.

Патша қасын түйіп:

– Менен қорықпадың ба? – деді.

Қарияның жүзі өзгермеді.

– Сенен келетін нәрсеге сабыр етемін. Алла Тағала Құранда: «Басыңа келген нәрсеге сабыр ет» деп бұйырған. Мен сенен қорықпаймын.

Патша таңырқап:

– Неге қорықпайсың? – деді.

Қария нық дауыспен:

– Өйткені сен – менің құлымның құлысың, – деді.

Сарайда тұрғандар ду ете қалды.

– Бұл адам есінен адасқан! – десті олар.

Қария басын шайқады.

– Жоқ, мен ақылымнан айырылған жоқпын. Ақиқатты айтып тұрмын.

Сосын ол сөзін былай деп жалғастырды:

– Адамдар екі түрлі болады. Біріншісі – нәпсісін жеңген адам. Ол нәпсісін өзіне бағындырады, қалаған жаққа бағыттайды. Екіншісі – нәпсісіне жеңілген адам. Ол нәпсінің айтқанынан шыға алмайды.

Қария патшаға тіке қарады.

– Айтшы, патша, сен осы екеуінің қайсысысың?

Сарай іші тып-тыныш болып кетті. Патша бір сәт ойланып қалды. Оның жүрегінде бұрын сезілмеген бір ауырлық пайда болды.

Ақыры ол баяу ғана:

– Мен… екіншісімін, – деді.

Қария басын изеді.

– Онда нәпсі – менің құлым. Ал сен – сол нәпсінің құлысың. Демек, сен – менің құлымның құлысы болып тұрсың.

Бұл сөздер патшаның жүрегіне найзадай қадалды. Ол алғаш рет өз өміріне сырт көзбен қарағандай болды. Сарайдағы думан, дабыл, ойын-күлкі – бәрі бір сәтте мағынасыз болып көрінді.

Патшаның көзіне жас келді.

– Сіз дұрыс айттыңыз, – деді ол баяу ғана.

– Мен нәпсімнің құлы болыппын – деді.

Сол жерде ол тәубе етті. Дабылшыларға думанды тоқтатуды бұйырды. Қарияға құрмет көрсетіп, сый-сияпат ұсынды.

Ал сол күннен бастап патша бір нәрсені:

Нағыз билік – халықты билеу емес, нағыз билік – өз нәпсіңді билеу екенін терең түсінді.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: ізгі жанқұлойын сауықРамазан
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Қостанайда Жарапазан жыры айтылды
Жаңалықтар

Қостанайда Жарапазан жыры айтылды

13.03.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120857 бөлісті
    Бөлісу 48343 Твитерге 30214
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1596 бөлісті
    Бөлісу 638 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00