Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құран секторының кезекті жұмыс жиналысы өтіп, 2026 жылға арналған негізгі бағыттар мен жоспарлар жан-жақты сараланды.
Жиын барысында мешіттердегі Құран оқыту ісін біріздендіру сондай-ақ,хатым құран өткізу Құран жаттау орталықтарының жұмыс сапасын арттыру, имамдар мен қарилардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мәселелері кеңінен қаралды. Сонымен қатар Құран жарыстарын бекітілген талаптарға сай ұйымдастыру және өңірлердегі жұмысты үйлестіру тетіктері пысықталды.
Басқосу қорытындысында алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.









