Жұма, 11 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Президент: Алғыс айту дәстүрі – төл руханиятымыздың темірқазығы

01.03.2026
- Жаңалықтар
0
37
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды Алғыс айту күнімен құттықтады.

“Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше.

Біз осы мейрамда ең алдымен қиын-қыстау жылдары елімізді аман сақтап, ұрпаққа аса құнды әрі мол мұра қалдырған ата-бабаларымызға тағзым етеміз. Ұстаздарға, дәрігерлерге, мәдениет саласы қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмысшыларға, тәртіп сақшыларына, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға және адал еңбегімен сүйікті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша азаматқа алғыс айтамыз.

Сондай-ақ жастарға және еріктілерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғам игілігі үшін еңбек етуге әзір, мұқтаж жандарға көмектесуге дайын адамдардың еңбегі ерен. Бұл – Жасампаз әрі Жауапты отаншылдықтың айқын көрінісі.

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026

Еліміз ауқымды әрі тарихи бетбұрыс кезеңіне қадам басты. Республикалық референдумға шығарылған жаңа халықтық Конституцияның жобасы адам құқықтарын қорғау жүйесін жақсартуға, билік институттарының жауапкершілігін күшейтіп, тиімділігін арттыруға, қастерлі Тәуелсіздігіміз бен Егемендігімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Жаңа Ата Заң бәріміз бір ел болып іргесін қалап жатқан жарқын болашаққа жол ашады.

Алғыс айту күні ел тағдыры әрбір азаматтың қолында екенін аңғартады. Себебі алдағы өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы жұртымыздың бірлігіне, парасаттылығына және саналы азаматтық ұстанымына байланысты екені сөзсіз. Біз Заң мен Тәртіп, тілектестік пен ынтымақ қағидаларын басшылыққа алып, салт-дәстүрімізді сақтай білсек, Қуатты, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз.

Татулық пен өзара сенімді нығайта отырып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасын көркейту жолында биік мақсаттарымызға бірге жетеміз деп сенемін.

Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!” делінген құттықтауда.

Таңбалар: Алғыс айту күнібасты тақырыпПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті
Жаңалықтар

Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

07.09.2026
Тәрбиесіз берілген дін қауіпті
Видео

Тәрбиесіз берілген дін қауіпті

03.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алғыс айту – ілтипат пен ізет үлгісі

Алғыс айту – ілтипат пен ізет үлгісі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    535
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    523
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    517
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді
Жаңалықтар

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің қоғамдағы қызметі қандай?

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00