Қасиетті Рамазан айы және Халықаралық еріктілер жылы аясында Зекет және қайырымдылық қоры ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттер үйінде тұратын жастарға арнайы ауызашар жеткізілді. Қайырымдылық шарасы аясында 600 студентке арналған ауызашар таратылды.
Игі бастаманың мақсаты – қасиетті Рамазан айында студент жастарға қолдау көрсету, ораза ұстаған білім алушылардың ауызашарын бірлесе ұйымдастыру және рухани орта қалыптастыру.
Шара барысында студенттерге дайын ауызашар тағамдары жеткізіліп, еріктілер белсенділік танытты. Бұл бастама қоғамдағы мейірімділік, жанашырлық және өзара қолдау құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Айта кетейік, қор жыл сайын Рамазан айында ауқымды қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып, мұқтаж жандар мен студент жастарға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.











