Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасиетті Рамазан және тарауық намазының сауабы

19.02.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
7
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан айы – күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті де берекелі ай. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл ай кіргенде адамдарды былай деп сүйіншілейтін болған: «Сендерге Рамазан айы келді, бұл берекеге толы ай. Алла осы айда оразасын парыз етті. Бұл айда жәннат есіктері айқара ашылып, тозақ есіктері жабылады».

Ата-бабаларымыз да бұл ай кірісімен бір-бірлерін құттықтап, балалар үй-үйді сүйіншілеп: «Мұхаммед үмбетіне айтқан жарапазан, оразаң қабыл болсын ұстаған жан!» – деп, жарапазан айтатын болған.

Бұл айда адамзат баласын тура жолға, білімділік пен бейбітшілікке үндеген Қасиетті Құранның алғашқы аяттары түскен. Бұл қасиетті айды күллі мұсылман жұртшылығы сағынып, ерекше қадірлеп, асыға күтіп алады. Алла Тағаланың әміріне бас иіп, ораза ұстап, мұқтаждарға жәрдемдесіп, тағат-құлшылықтар жасап, жан дүниесі рухани демалады.

Бірінші: қасиетті Рамазан

Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?

19.02.2026
Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды

Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды

19.02.2026

Рамазан айының келуі әр мұсылман үшін үлкен қуаныш, зор бақыт. Бұл қасиетті ай – ізгіліктің, кешірімнің, рухани тәрбиенің, мейірімнің айы. Алла Тағала қасиетті Құранда:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ        

«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол нұсқаушы және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді», – деген («Бақара» сүресі, 185-аят).

Ораза ұстаушы таң атқаннан кеш батқанға дейін жеп-ішуден тыйылу арқылы аш, мұқтаж адамдардың жай-күйін бүкіл болмысымен сезініп, жүрегінде оларға деген мейірім пайда болады. Жүрегінде мейірімі бар адам өзге жандарға мейірімін төгу арқылы өзі де Жаратушының мейіріміне бөленеді. Негізі адамдар бір-біріне әркез мейірімді, жанашыр болуы қажет. Әсіресе, Алла Тағаланың мейірімі төгілетін қасиетті айда барынша өзгелерге мейірімді, жанашыр болған дұрыс.

Екінші: тарауық намазы  

Қасиетті Рамазан айында мұсылман адам күнделікті парыз етілген бес уақыт намаздан бөлек нәпіл намаздарды атқаруға ерекше ден қоюы қажет. Әсіресе, Рамазан айының түндерін намазбен өткізу жай түндері оқылатын намаздан сауабы мен дәрежесі тұрғысынан көп есе артық. Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَ اِحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Кім рамазанды иманмен және сауабын үміт етіп, түнгі намазбен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі», – деп айтқан (имам Бұхари, Мүслим).

Рамазан айында құптан намазынан кейін тарауық намазын оқу  – бекітілген сүннет. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айында жеке өзі жиырма рәкағат (тарауық) және үтір намазын оқитын», – деген (имам Байһақи).

Ибн Аббастан жеткен тағы бір риуаятта Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) Рамазан айында адамдарға Әбу ибн Кәғбті имам етіп, ол жиырма рәкағат нәпіл және үш рәкағат үтір оқитындығын жеткізген «Әл-фиқһ әл-ислами уа әдиллатуһу». Хазіреті Алидің заманында да (Алла оған разы болсын) Рамазан айында адамдар имамға ұйып, жиырма рәкағат оқитын («Әл-фиқһ әл-ислами уа әдиллатуһу»). Тарауық намазының жиырма рәкағат жамағатпен оқылуы әділетті халифалар заманында бекіп, бүгінге дейін сүннет болып жалғасуда.

Имам Ән-Нахаи (Алла оны рақымына алсын): «Рамазан айындағы бір күндік ораза басқа мың күннен артық, осы айдағы әрбір зікір мың зікірден артық, осы айда оқылған бір рәкағат намаз басқа уақытта оқылған мың рәкағаттан артық», – деген (Уәдәифу әр-рамадан).

Тарауық намазының басты сауаптары мен артықшылықтары:

  1. Күнәлардың кешірілуі (жоғарыда келтірген хадиске сай).
  2. Түнгі құлшылықтың (қиям әл-ләйл) орындалуы.
  3. Тарауық – бұл Рамазан айындағы түнгі намаз болып табылады. Ол берекені арттыратын, жамандықтарды өшіретін ұлы ғибадат. Бұл құлшылық мұсылманның рухани дәрежесін көтеріп, жүрегін тазартады.
  4. Соңғы он күннің қасиетіне бөлену. Рамазанның соңғы он күндігі келгенде, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «белін бекем буып, түнін ғибадатпен өткізген және отбасын оятқан» – деп Айша анамыз (Алла оған разы болсын) айтқан. Тарауық намазын тұрақты оқу – мың айдан да қайырлы Қадір түнін құлшылықпен қарсы алуға мүмкіндік береді.

Рамазан – нәпсіні тізгіндеп, рухты тазартатын тәрбие мектебі. Ораза адамды сабырға, шүкіршілікке және мұқтаждарға мейірім танытуға үйретеді. Ал Тарауық намазы – жүрекке тыныштық сыйлайтын, рухани қуат беретін ерекше құлшылық. Бұл қасиетті айдың әр сәті пенденің иманын бекемдеп, болмысын ізгілікке бағыттайды.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: оразаРамазантарауық намазы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?

19.02.2026
Рамазан – рақым айы
Видео

Рамазан – рақым айы

19.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Референдум

Референдум

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

ШҚО-да жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

ШҚО-да жаңа мешіт ашылды

19.02.2026
Жаңалықтар

Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?

19.02.2026
Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды
Жаңалықтар

Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды

19.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00