Бұл мақаламызда Бараат түніне қатысты діни дереккөздерімізде айтылған ақпараттарғасүйене отырып, шындыққа жанасатын және шындыққа жанаспайтын мәселелерді салыстырмалы түрде түсіндіруге тырысамын. Шағбан айының он төртінші және он бесінші күндерін байланыстыратын түн Ислам дінін ұстанатын мұсылмандар оның ішінде сүнниттерарасында «Бараат түні» деп аталады. «Берат» сөзінің түбірі арап тіліндегі (براءة) «берает» сөзінен шыққан, яғни бір нәрседен арылу, азат болу дегенді білдіреді. Түннің осылай аталуының себебі, осы түні көптеген Аллаға сенген мұсылмандар тозақ азабынан арылып, зұлымдықтан құтқарылады.
- ТҮННІҢ ҚАСИЕТТІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ РИУАЯТТАР
Бұл түнге қатысты Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) жеткен мынадай хадистерді айтуға болады.
Хазірет Әлиден (р.а.) жеткен риуаятына сәйкес, Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген:«Шағбан айының ортасындағы түн келгенде, түнді намазбен, ал күндіз оразамен өткізіңдер.Өйткені күн батқанда, Алла өзінің мейірімін көрсетеді және былай дейді: «Кешірім сұрайтын адам бар ма, оны кешірейін? Ризық сұрайтын адам бар ма, оны ризықпен қамтамасыз етейін? Басына қиындық түскен адам бар ма, оны жеңілдікпен қамтамасыз етейін? Анадай жағдайда жүрген адам бар ма, оған мынадай іс жасайын…» Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады. (Ибн Мажа, Иқамати Сала бабы, 191)
Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятқа сәйкес былай деді: «Бір түні мен Алла Елшісін (с.ғ.с.) бөлмесінен таппадым. Сондықтан сыртқа шықтым және Бақи зиратынан таптым. Ол менен: «Алла мен Оның Елшісі саған әділетсіздік жасайды деп ойладың ба?» деп сұрады. Мен де: «Расында, мен сенің әйелдеріңнің біріне барғаныңды ойладым», деп жауап бердім. Пайғамбар (с.ғ.с): «Шабан айының ортасындағы түні Алла Тағала өзінің мейірімітүседі және Қалб тайпасының қойларының жүнінен де көп адамды кешіреді», деді» (Тирмизи, Ораза бабы, 39).
Әбу Мұса әл-Ашаридің риуаятында, Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деп бұйырады: «Шағбан айының ортасындағы түнде Алла құлдарының жүректерінен хабардар. Ол Өзіне серік қосқандардан және бір-біріне дұшпандық пен жеккөрушілік сақтағандардан басқалардың бәрін кешіреді» (Ибн Мажа, Иқамати Сала бабы, 191)
- ТҮННІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?
Жоғарыда айтылған риуаяттар түннің қасиетін атап көрсеткенімен, бұл түннің толықтайартықшылығының себептерін көрсетпейді. Ал ислам ғұламалары бұл түн жайында бірнешепікір айтқан.
Құран Кәрімнің Алла жанынан (Ләуһу Мәһфуз) жер бетіне түсірілуі:
Кейбір ғалымдар Құран Кәрімнің Ләуһу Мәһфуздан аспан әлеміндегі Бәйт әл-Изза деп аталатын жерге бірден түсірілгенін айтып, «Духан» сүресіндегі аятты да «Бараат түні» деп түсіндірген.
«Біз оны (Құранды) берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертушіміз. Әр-бір һикметті (берекетті) іске осы түні үкім беріледі» (Духан, 3-4).
Бұл көзқарасты ұстанушылардың пікірінше, алдағы жылы болатын барлық нәрсе, мысалы, кім тірі қалады, кім қайтыс болады, кім қажылығын орындайды, ризық-несібе және т.б. Берат түнінде анықталады. Табиғун тәпсіршілерінің бірі Икрима бұл пікірді қабылдағаны айтылады. Кейбір риуаяттарға сәйкес, тағдырға қатысты бұл мәселелер Бараат түнінде (Ләйләт әл-Бараат) анықталып, Қадір түнінде (Ләйләт әл-Қадр) оларды жүзеге асыратын періштелерге тапсырылады. Құран Кәрімнің кейбір тәпсірлерінде осылай айтылғанымен, ғалымдардың көпшілігі бұл пікірді дұрыс деп санамайды. Олардың пікірінше, жоғарыдағы аяттарда айтылған түн Бараат түні (Шабан айының 15-ші түні) емес, Қадір түні (Ләйләт әл-Қадр). (Табери, Жами ул-Баиан, XXII, 8; Салаби, әл-Кәшшаф уә л-Баиан, VIII, 349; Бәгәуи, Мәләмут ТӘнзил, IV, 173; Ибн Кайиум, Шифау Алим, 22-бет)
Құбыланың Иерусалимнен Қағбаға ауысуы.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, құбыланың Байт әл-Мақдистен Мешіт әл-Харамға ауысуы хижраның екінші жылында, Шағбан айының 15-ші күні болған. Алла Елшісі (с.ғ.с.) хижрадан кейін он сегіз ай бойы Байт әл-Мақдиске қарап намаз оқыған. Пайғамбарымыз және сахабалар құбыланың Ибраһим пайғамбар салған Қағба болуын қалады. Ақырында, сейсенбіде, Шағбанның 15-ші күні, құбыланың бағыты Қағба екені анықталды. (Табари, Тарихи Табари, II, 416)
Кейбір ғалымдар Бараат түнінің Шағбан айының ортасында тойлануын мынаменбайланыстырады. Меккеде болған мүддет ішінде, «Миғраж» көкке көтерілу сенушілер мен сенбеушілерді арасында бір сынақ болғаны сияқты, Мәдина қаласына көшкенде құбыланың ауысуы да осындай сынақ болды. Құбыланың ауысуымен Мұхаммед үмметі тәуелсіздікке ие болды, бұл оның басқа діндерден толықтай бөлек екенін көрсетті.
- БАРААТ ТҮНІН ТОЙЛАУ ТУРАЛЫ ҮКІМ
Берат түнінің күндізін тойлауға қатысты ғалымдар арасында екі түрлі пікір бар. Ғалымдар, әсіресе Дамаск аймағындағы ғалымдар, түнді ғибадатпен өткізіп, келесі күні ораза ұстауды мақұлдаған деп санайды. Керісінше, Хиджаз аймағындағы ғалымдар бұл түнді тойлауды дұрыс емес деп бағалап, оны бидғат деп санады. (Ибн Раджаб, Латаиф әл-Маариф, 137-бет)
Имам Шафиғи өзінің «әл-Умм» еңбегінде былай деген: «Бес күннің түнінде дұғалардың қабыл болатыны туралы риуаяттарда үйрендім: Жұма түні, Құрбан айт түні, Ораза айт түні, Ережеп айының бірінші түні және Шағбан айының ортасында келетін «Бараат» түні». (әл-Умм, I, 264)
Бұл түнде құлшылық етудің сауапты екенін айтатын барлық ғалымдар бұл түнге тән ешқандай құлшылық немесе дұға түрі жоқ екенін нақты айтқан. (Айни, әл-Биная, II, 522)Сонымен қатар, ғалымдар бұл түнді өткізу үшін мешіттерде жиналудың [яғни, осы түнге арналған арнайы дұғаларды оқудың] мәкруһ (жалған) екенін айтқан. (Молла Хусрау, Дурару әл-Хуккам, I, 117; Ибн Нужайм, әл-Бахру әр-Райқ, II, 56; (Науауи, әл-Мажму, IV, 56)
- БҰЛ ТҮНІ ЖӘНЕ КҮНДІЗ НЕ ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК?
Баррат түні, Рамазан айының жақындап келе жатқанының хабаршысы, және біз өзімізді сұраққа алуымыз керек. Сондықтан бүгін кешке мынадай жақсы амалдарды жасауға болады:
Бараат түні мұсылман алам жасай алатын ең маңызды нәрсе – өзі мен Раббысының арасындағы күнәлар үшін шын жүректен тәубе ету. Бұған «Тәубә и-Насух» деп айтылады. Бұл түн тозақ отынан арылу түні болғандықтан, бұл кешірімді алу үшін алдымен күнәлары үшін шын жүректен тәубе ету керек. Егер біз құқықтарын бұзған адамдар болса, олардан кешірім сұрау және аралары ажырасқандардың татуласуын негізге ал.
Қаза және нәпіл намаздарды оқу. Дегенмен, Исламда бұл түн үшін арнайы намаздың және дұғаның түрі белгіленбегенін білу маңызды.
Салату сәлем оқу, тасбих пен тәкбір сияқты зікірлер айту және дұға ету. (Шурунбулали, Марақи л-Фалах, 151-бет) Әсіресе, осы қиын кезеңдерде Қазақстанда және бүкіл әлемдегіқысым көріп, азап шегіп жатқан бауырларымыздың тез арада арылуын және мүміндердің немқұрайлылық пен бөлінушіліктен оянып, бірлікке жетуі үшін, еліміздің болашағы мен тәуелсіздігіміздің тұғыры үшін, елімізді сыртқы және ішкі жаулардан сақтауымен бірлігіміз бен берекемізді тіліп дұға ету қажет.
Бараат түнінің ертесі күні ораза ұстау. Себебі діни уақыт белдеулері күннің батуыменбасталады. Шағбан айының ортасы – айдың он бесінші күні, яғни түннен кейінгі күн.
Алла Тағала Бераат түнін біздің екі дүниемізде бақытқа кенелуімізге себеп болуды жазсын. Алла барша қазақстандықтарды оның ішінде мұсылмандарды барлық жамандықтанарылтсын. Ауызбіршілігіміз бен бірлігіміз, тәуелсіздігіміз бейбітшілігіміз тұғырлы болуын тілеймін. Елімізде табиғи апаттар мен көрінбейтін қазадан және бәледен Алла сақтасын.
Ислам құқық ғылымдарының PhD,
Исатай БЕРДАЛИЕВ









