Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рәтбек қажы Нысанбайұлын ақтық сапарға шығарып салды

19.01.2026
- Жаңалықтар
0
32
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алматы Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Төрағасы, 1990-2000 жылдары аралығында Бас мүфти қызметін атқарған елімізге белгілі дін қайраткері, марқұм Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазретті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Марқұмның жаназа намазын Рәтбек қажының шәкірті, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оқып, қайғы жамылған әулетке сабыр тіледі.

«Рәтбек қажы хазірет – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғана емес, халқымыздың үлкен ақсақалы еді. Зиярат етіп барғанымызда әркез халықтың, елдің тілеуін тілеп отыратын. Марқұмның тіршілігіндегі барша ізгі амалдарын Алла Тағала қабыл етсін! Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Алла Тағала қандай да бір құлына жақсылық бергісі келсе, оны қолданады», – деген. Сонда адамдар: «Уа, Алланың елшісі! Оны қалай қолданады?» – деп сұрайды. Алла Елшісі: «Ол адамға дүниеден өтер алдын ізгі амал атқаруға күш-жігер береді», – деген (имам Термизи).

Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады

Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады

09.03.2026
Моджтаба Хаменеи Иранның Жоғарғы Көшбасшысы болып сайланды

Моджтаба Хаменеи Иранның Жоғарғы Көшбасшысы болып сайланды

09.03.2026

 

Хакім Абай:

 

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – дейді.

Ұстазымыздың жасаған қызметі, істеген ізгі амалы қабыл болып, халқымыздың жадында мәңгі сақталғай. Марқұмның иманы жолдас, жаны жәннаттық болсын!», – деді Бас мүфти.

Сонымен қатар, рәсім барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Нысанбаевтар әулетіне жолдаған көңіл айту жеделхаты оқылды.

Сондай-ақ жерлеу рәсімінде бірқатар мемлекеттік тұлғалар мен шет елдердің дін басшыларынан келген көңіл айту жеделхаттары оқылып, марқұмның отбасына табысталды.

Ас соңында ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен еліміздегі Құран жаттау орталықтарында 40 Құран хатым түсіріліп, марқұмның рухына бағышталып дұға жасалды.

Еске сала кетейік, осы апта басында, 12 қаңтар діни басқарманың құрылған күніне орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазретті арнайы зиярат етіп, Ислам дінінің дәріптелуіне, діни білім мен ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғаларға берілетін ҚМДБ-ның ең жоғары марапаттарының бірі — «Шарапат» орденімен марапаттаған болатын.

Таңбалар: жаназаРәтбек қажы Нысанбайұлы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды
Жаңалықтар

Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды

16.01.2026
Наурызбай қажы Тағанұлы тұңғыш Бас мүфтиді зиярат етті
Жаңалықтар

Наурызбай қажы Тағанұлы тұңғыш Бас мүфтиді зиярат етті

12.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Отырар хикаялары

Отырардағы көп айтылмайтын бір әулие

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120537 бөлісті
    Бөлісу 48215 Твитерге 30134

Соңғы жарияланымдар

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!
Қоғам

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026
Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат
Сұхбат

Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат

09.03.2026
Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады

09.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00