Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отырардағы көп айтылмайтын бір әулие

19.01.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
38
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам өркениетінің Ұлы даладағы терең тамырлары Қожа Ахмет Ясауи мектебімен тікелей байланысты. Алайда сол ұлы рухани мектептің ірі өкілдерінің бәрі бірдей көпшілікке кеңінен танымал емес. Солардың бірі – Мұхаммед Данышманд Зарнуқи. Ол – Сүлеймен Бақырғаниден кейінгі Ясауидің ең белді шәкірттерінің бірі, халифасы.

Тегі мен рухани тәрбиесі

Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насаб-нама» нұсқаларында келтірілген деректерге сүйенсек, Мұхаммед Данышманд Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті болған Махмұд қожа Зарнуқидың ұлы. Әкесі оны жас кезінде Түркістанға алып келіп, Қожа Ахмет бабаға арнайы тәрбиелеуге береді. Осылайша Мұхаммед Данышманд Зарнуқи әулие дәргейі мен қылуетінде 40 жыл қызмет етіп, рухани кемелдікке жетеді. Бұл – тек шәкірттік емес, ұстазына адалдық пен рухани тәртіптің жоғары үлгісі.

Әрине, ол туралы дерек аз. Ясауиге ағайын екендігі де там-тұм ақпаратпен келеді. Дегенмен Данышпан атаға сол кездегі елбасыларының бірінің адал қызметі үшін «9 атаңнан бергі адал мүлкің болар» деп, Өгіз тауынан Қарашыққа дейінгі аралықты жер телімі етіп бергені секілді жазбалар көп жайдан хабар береді.

Қазақ ырымдарының жақсысы мен жаманы бар

Ырымға сенуге бола ма?

22.01.2026
Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

22.01.2026

Аңыздағы бейне және кереметтер

Халық жадында Мұхаммед Данышманд Зарнуқи тек ғалым, сопы ретінде емес, керемет иесі әулие ретінде сақталған. Аңыздарда оның бұлтқа мініп жүретіні, тіптен, солай Қағбаға барғаны айтылады. Қыдыр атамен ұзақ жылдар бойы сұхбаттас болғаны да сыр-құпияға толы бір бөлек әңгіме.

Маңғыстау өңіріне қатысты бір танымал аңызда: «Ясауийа шайықтары кәуірлермен соғысқанда оларға көмекке Мұхаммед Данышманд Зарнуқи тауға мініп барған» деп баяндалады. Осы аңызға байланысты Маңғыстаудағы бір тау «Данышпан тауы» деп аталып кеткен. Бұл деректер оның халық санасындағы аңыздық-әулиелік бейнесін айқын көрсетеді.

Ғалымдық қыры және тарихи рөлі

Мұхаммед Данышманд Зарнуқи тек аңыз кейіпкері емес, тарихи тұлға. Деректер оның өте алғыр, білімді, көреген адам болғанын дәлелдейді. Ол ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің айтқандарын жинақтап қағазға түсіріп, «Мират ал-Құлуб» (Көңілдің айнасы) атты еңбек жазып шыққан. Бұл оның ілімді терең меңгергенін көрсетеді.

Қырық жыл қызметтен кейін Қожа Ахмет Ясауи оған: «Отырарға барып сұфра тұқын» («Барғыл, Отрарда суфра туткил»), – деп, арнайы тапсырма береді. Содан сол Мұхаммед Данышманд Отырар алқабына қоныс аударып, сопылық жолмен шәкірт тәрбиелеумен айналысады. «Жами әл-Муршидин» еңбегінде Ислам дінін ұстанушыларға арнап мектеп ашқан тұлға ретінде де аталады.

Мұхаммед Данышманд Зарнуқидің ұрпағы Сафи ад-дин Орын Қойлақының өзі бұл оқиғадағы Ясауи әңгімесін жазбасында былай деп тарқатқан: «Менің ұлы бабам Әзірет Сұлтан інісі менің атам Данышпан Қожаға: «Әй, Данышпан, 40 жыл менің дәрет суымды жылытып, менімен бірге қартаятын болдың ғой. Сен Отырарға барып өз мектебіңді аш, суфра тұт», – деді, сөйтіп 300 қызыл алтынға жер сатып әперді».

Бұл туралы Тарихнаманың Қайалық нұсқасында да: «Ахмет Қожадан сопы Мұхаммед Данышмандқа нұсқау берілді: «Барғын Отырарға. Сұфра тұтқын, руханиятты таратқын», – деп бұйрық берді. Ол 70 (жыл) Отырарда сұфра тұтты, руханият таратты. 110 жыл өмірі болды» делінген.

Шыңғыс ханмен байланысы

Тарихтағы ең қызықты деректердің бірі – Мұхаммед Данышманд Зарнуқидың Шыңғыс ханға кеңесші болғандығы. Бұл туралы мәлімет атақты тарихшы Рашид ад-Диннің «Жылнамасында» кездеседі.

Отырар ханы Білге хан (Қарахандық заңды династия өкілі) сол заманның Сыр бойын жаулаушысының бірі – үргеніштік Хорезмшах Мұхаммед әмірімен өлтірілгеннен кейін, ол Шыңғыс хан ордасына барып пана табады. Кейіннен әйгілі дүрбелең басталып, дала қосындарының Сартауылды азат ету жорығы басталғанда, ол өзінің Зарнұқ (Отырарға жақын маңдағы өзінің туған қаласы Оқсыз) қаласына елші ретінде жіберіледі. Онда қала халқына Хорезмшахтың қашып кеткенін және еш көмек болмайтынын, сол себепті өз еріктерімен берілуін, сонда шапқын болмайтынын түсіндіреді.

Қала бұқарасы оның сөзіне құлақ асып, қарсылық көрсетпейді. Сөйтіп мағынасыз да мәнсіз қасап қырғыннан аман қалады. Осы бейбіт шешім үшін Шыңғыс хан қаланы «Құтлығ балығ» деп атап, ерекше мәртебе береді.

Рухани сабақтастық

«Насаб-нама» деректерінде Мұхаммед Данышманд Зарнуқидің 93 жыл өмір сүріп, оның 40 жылын Отырарда ұстаздыққа арнағаны, 3000 шәкірт тәрбиелегені айтылады. Бірақ әлгіндей 110 жас жасағанын (кей аңызда 112 жыл) және атаулы шаһарда 70 жыл тұтқаны да балама мағұлымат бола алады.

Қалай дегенде де оның рухани жолы мынадай сабақтастықпен жалғасады:

⇓ Мұхаммед Данышманд Зарнуқи →

⇓ Сүксүк қожа →

⇓ Әулие Мәлік →

⇓ Мүлк ата (Осылай тізіліп кете береді)…

Яғни оның шәкірті – Сүксүк қожа (Қазақ аңыздарында ешкі пірі Сексек ата). Сүксүк қожаның шәкірті – әулие Мәлік. Әулие Мәліктің шәкірті – Мүлк ата. Өз кезегінде, бұл киелі тізбек Отырар өңіріндегі сопылық дәстүрдің совет билігі орнап, тіптен, 1960 жылдарға дейін үзілмей жалғасқанын көрсетеді.

Қабірі қайда?

Мұхаммед Данышманд Зарнуқи шамамен 1222 жылдары дүниеден өткен. Оның қабірі Арыстан баб кесенесінен шығысқа қарай 150-200 метр жерде орналасқан. Қазіргі таңда ол жер кішкентай төбешік күйінде ғана сақталған. Жергіліктілер оны «Сопы Данышпан төбесі» деп атайды (Арыстанбаб кесенесі мен Отырартөбе арасындағы тас жолдың күншығыс жиегі).

Сонымен, Мұхаммед Данышманд Зарнуқи – Отырар тарихындағы ғана емес, күллі түркі сопылық дәстүріндегі көп айтылмайтын, бірақ аса маңызды әулие тұлға. Ол – тариқат пен шариғатты ұштастырға діни ғұлама, Қожа Ахмет Ясауи мектебінің рухани тереңдігін, даналық пен мәмілегерлікті, ілім мен әулиелікті бір бойына тоғыстырған тарихи бейне. Оның өмірі – бүгінгі ұрпақ үшін сабыр, білім, рухани қызмет пен бейбітшілікке шақырудың жарқын үлгісі.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: әулиеМұхаммед Данышманд Зарнуқиотырар
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Отырарға барсаң, ақынмын деме!
Ғибратты әңгімелер

Отырарға барсаң, ақынмын деме!

19.11.2025
Балуандығымен танылған әулие-ишандар
Сұрақ-жауап

Діндегі әулие түсінігі қандай?

13.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шағбан айының қасиеті неде?

Шарапаты мол Шағбан

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қазақ ырымдарының жақсысы мен жаманы бар
Сұрақ-жауап

Ырымға сенуге бола ма?

22.01.2026
Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме
Жаңалықтар

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

22.01.2026
Үш ұлы ақиқат
Ғибратты әңгімелер

Үш ұлы ақиқат

21.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00