«Әзірет Сұлтан» мешітінде салтанатты түрде 200 шәкіртке сертификат табысталып, алғашқы Құран кітаптары сыйға тартылды.
Қыркүйек айынан бастап сауат ашып, бүгінде Алланың Кітабын оқуға жеткен шәкірттерді марапаттау қасиетті Шағбан айына тұспа-тұс келіп, шараның маңызын одан әрі арттырды.
Кештің шымылдығын Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов көркем насихатымен ашып, игі шараға ақ батасын берді. Одан кейін мешіт ұстаздары Бекет Күлсара, Әсел Қыдырмина, Абдуманапқызы Гүлнұр, Нұргүл Әлиханқызы шәкірттерге жүрекжарды құттықтау сөздерін арнап, ізгі тілектерін білдірді. Ұстаздар әр шәкіртке өз Құранын табыстап, мешіт іші қуаныш пен тебіреніске толды.












Әзірет султан мешітіне қалай шәкірт болуға болады? Жас шектемесі барма? Оқу қаражат қанша болады?
Бұл туралы мешіттің өзіне хабарласыңыз. Олардың сайтында байланыс мәліметтері бар шығар: muslim.kz