Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
105
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ даласындағы жер-су атаулары көбіне тарихи тұлғалармен, діни қайраткерлермен, әулиелермен және халық жадында сақталған рухани оқиғалармен тығыз байланысты. Солардың бірі – Ақмола атауы. Бұл атаудың шығу төркініне қатысты ел арасында кең тараған бірнеше аңыздық-діни нұсқалар бар. Төменде солардың ішіндегі ең белгілі екі нұсқаны рет-ретімен ұсынамыз.

I-нұсқа: Ақмолла – ағартушы молла және мешіт

Ерте заманда, жазу-сызудың кең таралмаған кезінде, Арқа өңіріне бір молла келіп, ел ішінде бала оқытып, дәріс жүргізеді. Халық оны ауылдан-ауылға шақырып, балаларын сауаттандыруды тапсырады. Өзінің терең білімімен, діни сауаттылығымен және парасатымен танылған бұл молланы ел ерекше құрметтеп, өз есімімен емес, «Ақмолла» деп атап кетеді. Аңыз бойынша, ол шын мәнінде де аққұба өңді, нұрлы жүзді адам болған деседі.

Уақыт өте келе Ақмолла балаларды ел аралап оқытқаннан гөрі, бір тұрақты орында жинап дәріс бергенді жөн көреді. Осы ниетпен ол мешіт салғызады. Мешіт салынған сол мекенді халық алғашында «Ақмолла мешіті», кейін қысқартып «Ақмола» деп атай бастайды.

Республикалық медресеаралық олимпиада өтті

Республикалық медресеаралық олимпиада өтті

27.04.2026
Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

25.04.2026

Бұл нұсқада Ақмола атауы – діни білім мен ағартушылықтың, моллалық қызметтің белгісі, яғни белгілі бір рухани тұлғаның есімімен байланысты топоним ретінде түсіндіріледі.

II-нұсқа: Әулие молла және ақ түсті мазар

Екінші нұсқада Ақмола атауы молланың әулиелік, көріпкелдік қасиетімен байланыстырылады. Баяғы заманда Арқа өңірінде бала оқытып қана қоймай, көрегендігімен де танылған бір молла өмір сүрген екен. Ел ішінде бір нәрсе жоғалса, немесе қиын жағдайға тап болса, жұрт сол кісіге барып жүгінген. Халық оны әулие санап, ерекше құрметтеген.

Бірде бір жарлы-жақыбайдың жылқысы жоғалып, молланың айтуымен оны көрші ауылдағы бай ауылынан тауып алады. Осы оқиғадан кейін бай моллаға өшігіп, оның соңынан шырақ алып түседі. Жақсы адамдардың ескертуімен молла елден кетуге мәжбүр болады. Сол сапар үстінде өзі бұрыннан сырқаттанып жүрген молла жапан түзде қайтыс болады.

Өлер алдында ол жанындағы серіктеріне мынадай өсиет қалдырады:

«Мені алысқа апарып әуре болмаңдар, осы маңға жерлеп, басыма бейіт соғарда саз балшықты ешкінің майы мен сүтіне араластырып жасаңдар», – дейді.

Халық аманатты бұлжытпай орындайды. Мазар тұрғызылып болған соң, жұрт таңғаларлық бір жайтты байқайды: бейіт аппақ түске боялғандай болып шығыпты. Осыдан кейін ел бұл өңірді «Ақ мола», яғни «Ақмола» деп атап кетеді.

Бұл нұсқада атау әулиенің мазары, оның тазалығы мен сакральдылығы арқылы қалыптасқан деп түсіндіріледі.

Тұжырым

Екі нұсқада да Ақмола атауының негізінде діни тұлға, рухани қызмет, моллалық пен әулиелік сипат жатыр. Бірінде – ағартушы молла салдырған мешіттің атауы ретінде, екіншісінде – әулие молланың ақ түсті мазары арқылы қалыптасқан сакральді топоним ретінде көрініс табады.

Қай нұсқа тарихи шындыққа жақын болғанымен, халық жадында Ақмола атауы тазалықтың, руханияттың, дін мен білімнің символы ретінде сақталып қалғаны анық. Бірақ мұны жалқы құбылыс деуге болмас. Жамбылдың бұрынғы атауы – Әулие ата немесе Қызылорданың ескі атауы – Ақмешіт те осы қатардан. Өз кезегінде олар бөлек әңгіменің жүгі!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: АқмолаАқмоллаАстана
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді
Жаңалықтар

Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді

12.03.2026
Астанада Өнер музейі ашылды
Жаңалықтар

Астанада Өнер музейі ашылды

10.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дұға материалдық байлыққа жеткізе ме?

Дұғада «Қаласаң, мені кешір» деп айтуға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123354 бөлісті
    Бөлісу 49342 Твитерге 30839
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5257 бөлісті
    Бөлісу 2102 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3076 бөлісті
    Бөлісу 1230 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Республикалық медресеаралық олимпиада өтті
Жаңалықтар

Республикалық медресеаралық олимпиада өтті

27.04.2026
Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Салт-дәстүрді жоққа шығаратындар кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Жат діни ағымдардың алдын алу – қоғам қауіпсіздігі

26.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00