Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түрік жазушысы: Қазақстан Туындағы әр нышан «Біз түркілерміз» деп жар салып тұр

20.10.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
15
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Түркиялық жазушы Ахмет Саглам «Қазақстан Туының мифиологиялық қырлары: тарихи кодтар» атты кітап жазып шығарды. Kazinform тілшісі түркі тілдес елдердің туларын зерттеп бастаған жазушының таңдауы бірінші неге Қазақстан жалауына түскенін сұрады. 

— Түркі туларын зерттеуге арналған ауқымды жобаңызды неге дәл Қазақстан Туынан бастадыңыз?

— Әрине, менің түпкі мақсатым — түркі әлемінің барлық туларын ғылыми тұрғыдан таныстырып шығу. «Қырғыз этникалық бірегейлігі» атты магистрлік диссертациямды жазып жүрген кезде Кеңес билігіне дейінгі түркі ұлыстарын зерттеген едім. Сол кезде Қазақстан туына еріксіз назарым ауған. Қазақстан туы менің жеке рейтингімде ерекше орын алады. Бұл — түркі тұтастығын, бірегейлігін барынша толық бейнелейтін, ең сәтті символ. Сондықтан таңдауым бірінші көк туға түскен еді. Мифологияға деген қызығушылығымның арқасында Қазақстан туының көрнекі элементтері түркі тұтастығын бейнелейтінін байқадым. Түбі түркі ұлттар мен ұлыстардың дүниетанымын таныстыруға жарамды ең сәтті мысал — Қазақстан туы.

— Қазақстан туындағы ең негізгі әрі көз жауын алатын нышан не деп ойлайсыз?

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

— Қазақстан туындағы бүкіл таңбалар, нышандар, кескіндер маңызды. Бұл түркі мәдениетінен тамыр алып жатыр. Мысалы, «Күнді» алайық. Қазақ немесе қырғыз болсын, түрік немесе әзербайжан болсын, барша түркілер үшін Күн молшылық пен ана бастауының символы. Түркілер бүкіл тіршілігін табиғатқа тәуелді етіп байлаған көшпелі халық болды. Күн болмаса, малға азық жоқ. Ал төрт түліктің еті мен сүті түркінің негізгі тамағы болған. Сондықтан түркілер үшін күн — өмірдің қайнар көзі, қасиетті символ.

Қыран құс пен көк аспан — бүкіл түркі халқына ортақ рәміздер. Ал тудың шетіндегі ою-өрнек қазақ халқының аса талантты, шығармашыл ұлт екенін білдіреді.

— Қазақстан туының басқа тулардан негізгі айырмашылығы неде?

— Қазақстан туындағы нышандар «Біз түркіміз!» деп жар салып тұр. Қазақ туындағы барлық кескін ежелден түркілер үшін киелі нышан болған. Тіпті о баста авторлар күн мен қыранды туға бейнелеген кезде түркілік ауқымда ойланбаған күннің өзінде қазір түркі кодынан хабар беретін символ деңгейіне көтеріліп отыр. Мысалы, Түркі мемлекеттері ұйымының туында да Күн бар. Бұл жай сәйкестік емес. Біз осы нышандардың тарихи мәнін терең түсініп, келер ұрпаққа қастерлі қалпында табыстай алуымыз керек.

— Қорыта келгенде, сіздің кітабыңыздағы деректер қаншалықты объективті? Ғылыми деректермен үндесе ме?

— Бұл кітаптағы бүкіл ақпарат тек ғылыми зерттеулерге негізделген. Аяқ жағына өзім пайдаланған дереккөздердің тізімін арнайы бөлімге егжей-тегжейлі жаздым. Оқыған адам Қазақстан Туы бүкіл түркі халықтарының тарихи кодтарын топтастырған ұлы туынды екеніне сол сілтемелер арқылы көз жеткізеді. Бұл — бір қиялдан туған пафос емес, факті мен нақты дереккөздерге негізделген ғылыми жұмыс.

https://kaz.inform.kz/news/turk-zhazushisi-kazakstan-tuindagi-ar-nishan-bz-turklermz-dep-zhar-salip-tur-cb4250/

Таңбалар: Ахмет Сагламмемлекеттік ту
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды
Жаңалықтар

Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды

26.10.2025
Рәміздер – рух беретін күш
Видео

Рәміздер – рух беретін күш

04.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Екі алқа, бір шындық

Екі алқа, бір шындық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00