Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Татулық пен келісім миссиясын атқарған Астана

20.09.2025
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі
0
26
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлемнің әр түкпірінен ділі мен діні бөлек болса да, ниет-тілегі бір рухани көшбасшылардың басын бір ортада қосып, «бейбітшілік пен келісім» атты адамзатқа ортақ құндылықты дәріптеуге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі де өз жұмысын тәмамдады. Әлемге мейірім мен махаббаттың, толеранттылық пен татулықтың дәнін сеуіп жүрген съездің миссиясы мұнымен тоқтамақ емес. Делегаттар, амандық болса, 2028 жылы елорда төрінде тағы да кездесуге уағдаласып, дәстүрлі декларация қабылдады.

Расында, бұл съездің уақыт өткен сайын мәртебесі артып, көтерілетін тақырыптарының да өзектілігі алға озып барады. Өкініштісі, кейінгі жылдары әлем құбылмалы геосаяси ахуалды бастан кешіре бастады.

Әр жерде тұтанған әскери қақтығыстар мен үлкенді-кішілі соғыс ошақтарындағы халық әбден қажып-ақ жатыр. Сол себепті де съезд аясындағы пленарлық, секциялық отырыстарда, дөңгелек үстелдерде сөз сөйлеп, баяндама жасаған, журналистерге сұхбат беріп, пікір білдірген делегаттар жаһандық тыныштықтың шырқын кетіріп тұрған терроризм мен соғыс сынды зұлым-күштерді айыптап, барынша бейбітшілік тұрғысынан ой айтып, ұсыныс білдірді.

Съезд соңында қабылданған декла­рацияның 13-тармағында: «Біз экстре­мизм­нің, радикализмнің және терро­ризмнің кез келген түрі мен көрінісін қатаң айыптаймыз, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда пайдалануға мүлде жол берілмейтінін атап өтеміз. Осы бағыт­тағы діни және саяси көшбасшылар­ды ынтымақтастыққа шақырамыз», делінген. Мұндай бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев та пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде құптап, қостады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025

«Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбейіп барады. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алып отыр. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда, бүгінгі съездің мән-маңызы айрықша. Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен Бейбітшілік елшілері деп айтуға болады», деген Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды жиында сөйлеген сөзінде жаһанда түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан кезеңде дін көшбасшылары барша халыққа адамгершілік қасиеттер мен гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс екенін жеткізді.

Жалпы, үш жыл сайын өтетін жаһандық съезд жұмысының қорытын­дысын шығаратын декларацияға тоқталсақ, 34 тармақтан тұратын бұл құжат БҰҰ-ның ресми құжаты ретінде тіркеліп, әлемге таратылмақ.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін 2033 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында» бекітілген құнды­лықтар мен мақсаттарға адалды­ғымызды растай келе, мәдени және діни әртүрлілікті құрметтеудің маңыздылы­ғын атап өте отырып, сондай-ақ әлемнің түрлі аймағында жалғасып жатқан қақ­ты­ғыстарға, олармен қатар жүретін гума­ни­тарлық дағдарыстар мен бейбіт тұр­ғын­дардың азап шегіп жатқанына қын­жыла отырып, осы тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаңа жаһандық қозғалыс құру мақсатында ізгі ниетті барлық адамның күшін біріктіру жөніндегі үндеуін құптай қабыл­данған құжат съездің салмағын ауырлатпаса, мәртебесін төмендете қоймас.

Бұл жолғы басқосудың басты тақы­рып­тарының бірі ретінде жасанды интел­лектінің қоғамға келтірер пайдасы мен төндірер қауіп-қатерлері де сөз болды. Секциялық отырыстардың бірі цифрлық даму мен жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар мәселесіне арналды.

Отандық маман, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның жасанды интеллект мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Алексей Самойлов жасанды интеллектінің адам қолынан шыққан туынды екенін ұмытпауымыз керектігін айтты.

– Ол – өздігінен пайда болған сананың жаңа түрі емес. Біз – рухани әрі саналы әлемнің перзентіміз. Сондықтан жасанды интеллектінің керемет құдіреті жоқ. Ол бар болғаны инженерлік ойдың жемісі ғана, адамның қажетіне қызмет етуге арналған құрал, – дейді ЖИ маманы.

Расында, кезінде ғаламтор деген «құдыреттің» нағыз прогреске айналған кезінде жұрт барлық керегін, тіпті діни мәліметтерді де осы интернет желісін­де жасырылған «уағызшылардан» ал­ды. Адасушылықтың көкесі сонда бол­ған. Әрине, съезд барысында жасанды интел­лектінің жайы қозғалғанда осы мәселе де ұмыт қалмады. Қазіргі ақпараттық технология жемісі саналатын нейрожелінің мүмкіндігі өте көп. Алайда А.Самойлов жасанды интеллектінің түрлі пікірдің алуан қырын ажырата алмайтынын, дәстүрді білмейтінін, діни сенім тұрғысындағы тәжірибесінің жоқтығын ескерте кетті.

Кім біледі, қамысты бос ұстасаң қолды қиятыны сияқты, жасанды интеллекті­нің де алдағы уақытта жылдар бойғы қордаланар қаупі, террористік актінің де салдарынан анағұрлым салмақтырақ болып шығуы әбден мүмкін. «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Сол себепті, съездің бір тақырыбы ЖИ-ді тиімді пайдаланып, оның қаупінен қорғану мәселесіне арналғаны көңілге қона кетті.

– Бүгінде жасанды интеллект экстремистік мазмұндағы материалдарды бақылауға, интернеттегі зорлық-зомбылыққа шақыруларды анықтауға қолданыла бастады. Алгоритмдер орасан ақпарат ағынын талдап, қауіп туралы дер кезінде белгі береді. Бұл қауіп­ті идеялардың таралуына тосқауыл қоюға, қоғамдағы тыныштықты сақтауға көмектеседі. Әрине, жасанды интеллектінің өзі зұлымдықты жеңе алмайды, бірақ ол қоғамның, құқық қорғаушылар мен бейбітшілік орнату­шылардың қолындағы тиімді құралға айнала алады, – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның жасанды интеллект мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Алексей Самойлов.

аа

Ол осы баяндамаға дайындалу барысында Дубайдағы әріптестерінің тәжірибесімен танысыпты. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын Біріккен Араб Әмірліктері «кибер-муфтиятты» іске қосты. Бұл – әлемдегі алғашқы мемлекет­тік AI-қызмет, ол онлайн режімде діни сұрақ­тарға жауап береді. Жобаның басты мақ­саты жастарды интернеттегі радикалды үгітшілермен бетпе-бет қалдырмау екен. Яғни рухани қолдау-кеңес іздеген адам ресми чат-ботқа жүгініп, дәстүрлі ис­лам­ға негізделген кез келген жауабын ала алады. Қазіргі заманға сай бұл баста­ма­­ны съезд қатысушылары да қолдай кетті.

Қорыта айтсақ, съездегі әлем жұртшы­лығын, саяси көшбасшыларды бірлікке, қантөгіс­сіз бейбіт өмірге шақыру бастамалары құр ұран күйінде айтылмады. Делегаттар небір ойды ортаға салды, қағазға хатталды, ол ұсыныс-пікірлер декларация болып қабылданып, БҰҰ-на жолданды. Тыныштық пен татулықтың жаршысындай болған ресми Астана келесі съезді қарсы алуға да дайын екенін көрсетті.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпконфессияаралық келісім
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шейх Әл-Иса: Палестиналықтардың тағдырына саясат ықпал етті

Шейх Әл-Иса: Палестиналықтардың тағдырына саясат ықпал етті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00