Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Президент: Алтай – барша түркінің алтын бесігі

17.09.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
30
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтай – түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің қалыптасу тарихы» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларын құттықтады.

«Баршаңызды аса маңызды тақырыпқа – Түркі өркениетінің түп-тамырын зерделеуге арналған ғылыми конференцияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазірдің өзінде халықаралық ғылыми қауымдастық дүние жүзіндегі түрлі елдердің мықты ғалымдары мен зерттеушілерін тоғыстырған осы беделді форумға әлем өркениетінің жылнамасындағы айрықша географиялық және тарихи құбылыс саналатын Алтай мәселесі арқылы түркі дүниесі туралы пікір алмасып, ақпарат бөлісетін бірегей басқосу ретінде назар аударып отыр.

Көне замандардан бері барша түркінің алтын бесігі болып келе жатқан Алтай бүгінгі әлемдік ғылымның биігінен терең зерттеп- зерделеуді қажет етеді. Мұндай кешенді зерттеулер аңғары аңызға толы қарт Алтайдың бауырынан өсіп-өнген күллі түркі жұртының мәдени ықпалдастығын нығайту жолында ауқымды халықаралық диалог орнату үшін де қажет.

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026

Бүгінде Алтайдың төрт тарабын Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия мемлекеттері тең жайлап жатыр. Сондықтан мен жақында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тяньцзинде өткен саммитінде «Трансалтай диалогын» бастау туралы ұсыныс айттым. Бұл қадам біздің елдеріміздің мүддесіне сай келетін ғылыми-гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигізеді.

Ресей әлемдік түркітану ғылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы бір өте маңызды ғылыми бағыттың алдыңғы шебінде жүрген орыс ғалымдарының археология, этнология, лингвистика, нумизматика және түркі елдерінің тарихына тікелей қатысы бар басқа да салалардағы зерттеу жұмыстары әлемдік ғылымның жетістігі саналады. Сондай-ақ олардың еңбектері қазіргі замандағы бірлік пен ынтымақтың және өзара ықпалдастықтың пәрменді құралы ретінде бағаланады.

Қазақстан да түркітану ғылымын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Еліміздің бастамасымен 2010 жылы Астанада Халықаралық түркі академиясы ашылды. Бұл мекеме түркі тілдес және басқа да елдердегі белгілі сарапшылардың ғылыми әлеуетін ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірегей орталыққа айналды.

Біз Алтай аймағындағы мемлекеттермен ғылым-білім саласындағы байланысымызды кеңейтуге баса мән береміз. Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында арнайы кафедралар мен институттар табысты жұмыс істеп тұр. Белгілі ғалымдардың халықаралық ұжымы көп ұзамай жарыққа шығатын Қазақстанның академиялық тарихының екінші томына өз үлесін қосып жатыр. Бұл еңбекке түркология саласындағы ең соңғы жаңалықтар да енгізілетін болады.

Бәріміз күш біріктіріп, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін дәріптеу жолында көп жұмыс тындырдық. Дегенмен атқаратын шаруа әлі де көп. Біз түркі дүниесі туралы білімімізді кейінгі ұрпаққа мирас ету үшін оны жүйелей түсуіміз керек.

Басқосу аясында мазмұнды пікірталас өтіп, тың идеялар айтылады деп сенемін. Сондай-ақ түркі өркениетінің өрісін кеңейтуге қатысты аса маңызды мәселелерді бірлесе зерттейтін ғылыми жұмыстардың бағыт-бағдары айқындала түседі деп ойлаймын.

Конференция жұмысы табысты болсын!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!» делінген құттықтауда.

Таңбалар: АлтайқұттықтауПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Президент: Әйел – ұлттың жаны
Жаңалықтар

Президент: Әйел – ұлттың жаны

08.03.2026
Жаңалықтар

Президент: Алғыс айту дәстүрі – төл руханиятымыздың темірқазығы

01.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Маулен Ашимбаев: Съезд становится универсальной глобальной площадкой межрелигиозного и межцивилизационного диалога

Съезд қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120848 бөлісті
    Бөлісу 48339 Твитерге 30212
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1592 бөлісті
    Бөлісу 637 Твитерге 398

Соңғы жарияланымдар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні
Жаңалықтар

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00