Сұрақ: Намазды уақыты кірмей оқып қойса, не болмақ?
Жауап: Намаз – бес парыздың бірі. Әрқайсысы өз уақытында оқылады. Адам байқаусызда уақыты кірмей тұрып намазын оқып қойса, ол намаз дұрыс болып есептелмейді.
Намаздың дұрыс болу шарты – оның уақытының кіруінде. Байқаусызда ерте оқылып қойылса, уақыты кірген соң қайтадан оқып алғаны дұрыс. Ал оқылған намазы нәпіл ретінде есептелінеді.
Намазды шынайы ықыласпен, дайындықпен оқу – қайырлы іс. Уақытында оқылған намаз – Алла үшін ең сүйкімді, қайрлы амал. Егер түрлі себептермен нақты уақытты анықтауда қиындық туындаса, намаз кестесіне немесе жақын маңдағы мешіттің азанына сүйенген дұрыс.
«Ниса» сүресінің 103-аятында: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда парыз етілді» деген.
Икрам АЙТАЕВ










