Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жұмақтың өзі өлімді талап етеді

17.07.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
121
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Құрбан етпей, жеңіске жете алмайсың. Жұмақтың өзі өлімді талап етеді» – дейді сұхбат беруші ізгі бір тақуа жан.

Иә, бұл дегеніміз өмірдің шындығын терең мағынамен түсіну.

Нағыз үлкен жетістіктер мен сыйлықтар көбінесе құрбандықпен, шығынмен келеді. Жұмақ – мәңгілік бақыт мекені – соның өзінде де оған жету үшін өлімнен өту керек, дейді ұстазы сөзін жалғап. Сұқбатқа қатысушылардың арасынан бір дәруіш,

– сонда қалай ұстаз, ашықтап жіберсеңіз деп төтеннен сұрағын қояды. Сұқбат беруші ізгі бір жан мына бір ғибратты оқиғаны жеткізген екен;

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

Таудың етегінде, адам аяғы көп баспаған тыныш бір ауылда Қасым деген бір тақуа қарт өмір сүріпті. Жас кезінде көп нәрсеге қол жеткізген, бірақ бәрін де уақыт өте келе тағдырдың жазуымен жоғалтқан еді. Ол байлықтың да дәмін татқан, махаббатты да сезінген, достықты да көрген екен. Бірақ бірінен соң бірі барлығы қолынан сусып шығып кеткен деседі бұрыңғылар.

Қасым қартая келе көп ойланды. Өмір не үшін берілген? Жоғалту не үшін керек? Неге адамдар тек ауырған кезде ғана шындықты іздейді? – деген сауалдарға жауап іздеген.

Күндердің бір күні ауылға Нұржан есімді жас жігіт келеді. Ол қалада өскен, өмірді тек жетістік пен рахат ретінде елестеткен жігіт екен. Қасым қариямен кездесіп, әңгімелесіп отырып, күліп былай деген екен;

– Ата, сіздің өміріңіз тек жоғалтумен өтіпті ғой. Онда не үшін өмір сүрдіңіз? – депті. Қарт үндемей біраз отырғаннан кейін, баяу ғана былай деп жауап бердіпті:

– Балам, сен жұмақ жайлы естідің бе?

– Әрине, естідім. Ол – бақыттың мекені екен дейді. Қария сонда,

– Дұрыс айтасың. Бірақ ол мекенге ешкім жай ғана жетпейді. Әр қадам -сынақ, әр жоғалту – тазалану. Мен байлықты жоғалттым – тәкаппарлығыммен қоштастым. Сүйгенімді жоғалттым – шынайы махаббаттың не екенін түсіндім. Достардан айырылдым – жалғыздықта Алланы таптым деп, Қасым қария бір сәт үнсіз қалып, көкжиекке көз тігіп:

– Жұмақтың өзі өлімді талап етеді, – деді күбірлеп, ал өмір – сол Жұмаққа апарар өткел ғана, депті.

Сөзін бөлместен тыңдап отырған Нұржан үнсіз қалады. Оның көкірегінде бір терең ой оянып, көзқарасы өзгерді. Сол күннен бастап ол өмірдің жеңілдігі емес, мәні туралы ойлана бастаған екен.

Иә, расында біз мекен еткен дүние ақырет үшін әзірлік жасайтын сынақ алаңы. Дүниенің соңы бар, ал ақырет мәңгілік және ақиқат. Сондықтан бабаларымыз «Екі дүниең абат болсын, қос тойың қабат болсын» деп ұлағатты ой қалдырып кеткен. Қорыта айтарымыз мықты иман, бес уақыт намаз, адал ризық-несібе иесі болсақ, бұл дүниенің де, ақыреттің де бақытын тапқанымыз. Раббымыз бізге «бұл дүниеде де жақсылық бер әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!» деп дұға жасауға үндейді.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: құрбандықөлімӨмір
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Шәкірттің талабы
Ғибратты әңгімелер

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Сұрақ-жауап

Құрбандық малының етінен қасапшының ақысы деп беруге бола ма?

04.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Әл Фараби» мешітінің жамағатымен жүздесті

«Әл Фараби» мешітінің жамағатымен жүздесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00