Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тарихшы: Кәмпескелеу мен ашаршылықтың ақиқаты әлі толық ашылған жоқ

10.07.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
58
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Табаны тиген жердің бәрін тажалдай қанаған қызыл империя жендеті Филипп Голощекиннің елімізге басшы болып келгеніне биыл күзде 100 жыл толады. 20-жылдардағы кәмпескелеу мен 30-жылдары болған жаппай ашаршылық тікелей осы кісінің басшылығымен жүзеге асқаны мәлім. Алайда, ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Медеубаевтың айтуынша, Ф.Голощекиннің еліміздегі саяси мансабы мен сол уақыттағы зобалаңдар ақиқаты әлі де толыққанды ашылмаған.

– Ерлан Исламұлы, қазақ жерінде дүниеге келмеген әрі бұрын-соңды жұмыс істемеген Ф.Голощекин елімізге не үшін келді және оның алдына қандай мақсат қойылды?

– Қолда бар деректерге сүйенсек, 1925 жылдың қыркүйек айында Ф.Голощекинді Бүкілодақтық коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақ өлкелік атқару комитетінің жауапты хатшысы қылып тағайындауға бірнеше себеп түрткі болған.

Біріншіден, 1920-жылдардың бірінші жартысында елімізде партиялық және кеңестік құрылыс үдерістерінің жүзеге асу барысы Мәскеудегі шенді-шекпенділердің көңілінен шыққан жоқ. Олар Қазақ Республикасының мемлекеттік билік құрылымдарына жиналып жатқан адамдарды большевиктердің бұрынғы саяси жаулары, соның ішінде «Алаш» қозғалысының қайраткерлері, 1917 жылға дейін мемлекеттік қызмет атқарғандар, қазақ ауылдарындағы бай-шонжарлар табының өкілдері деп санады. Бұған қоса, Мәскеу қазақ коммунистері орталықтан беріліп жатқан тапсырмаларды жеткілікті түсінбейді әрі қоғамдық-саяси өмірде кеңестік мемлекеттің жауларымен тым жақын араласып кетті деген пікірде болды.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Екіншіден, осы кезеңде КСРО коммунистерінің арасында, әсіресе большевиктер партиясының орталық комитетінде билік үшін қызу күрес жүріп жатқан еді. Елдің барлық аймағын уыстан шығарып алмау үшін билік тізгінін қолына ұстағандар ұлттық республикалардағы жоғары партия лауазымдарында өздеріне сенімді адамдардың отырғанын қалады. Осыған байланысты олар Голощекинді біздің елде партиялық аппаратты жасақтап, саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік саланың бәрін Қазақ өлкелік атқару комитеті мен оның аймақтық құрылымдарының толықтай бақылауына алып, Мәскеуден берілген тапсырмалар мен бұйрықтарды бүкпесіз орындап отыру үшін арнайы жіберді. Сондықтан оны елімізде коммунистік партияның толыққанды диктатурасын орнатқан адам деп қарауға негіз бар.

Тағы бір айта кетер маңызды жайт – Голощекин басқарған Қазақ өлкелік атқару комитетіне азды-көпті таныла бастаған беделді қазақ қайраткерлерінің бәрін елдің саяси өмірінен толықтай аластату міндеті де қойылған еді. Бұл орайда тек бұрынғы «Алаш» белсенділері ғана емес, орталықтың ойынан сәл-пәл басқаша көзқарасты ұстанған қазақ коммунистері де нысанаға ілікті.

– Голощекин келе сала «Қазақстанда кеңес билігі орнамағанын» алға тартып, «кіші Қазан» ұйымдастыруға бастамашы болған деседі…

– Иә, қазақ халқының басым бөлігі қоныс тепкен ауылдық жерде жеделдетіп кеңестік тәртіп орнату үшін ол ең әуелі жергілікті элита санатындағы ірі байларға, дін өкілдеріне, бұрынғы шенеуніктерге қарсы белсенді қанау науқанын қолға алғаны белгілі. Голощекин мен оны қолдаған атқосшыларының пікірінше, ауылда Коммунистік партияның көздегеніндей саяси және экономикалық реформалардың жүзеге аспауына сол адамдар кінәлі еді. Ұлтжанды таптың қарсылығын басу үшін ең алдымен олардың материалдық әл-ауқатын шайқалту керек болды.

Сондықтан билікті өз қолына алған соң бір жылдан кейін, яғни 1926 жылы бай-бағландарға қарсы қуғын-сүргін шараларын, атап айтқанда, олардың шабындық және жайылым жерлерін тартып алып, мал-мүлкін кәмпескелеуді бастап кетті. Голощекин бұл қылмысын қазақ қоғамында Қазан төңкерісі идеяларын іске асырып, «қанаушы тапты» жоюға бағытталған қадам деп бүркемеледі.

– Кәмпескеден кейін қазақтың басына келген ең үлкен нәубет – ашаршылықтың да оның тікелей басшылығымен ұйымдастырылғаны рас па?

– Шын мәнінде, ғылым секілді тарих та нақты фактілер мен дереккөзге сүйенгені жақсы. Қазіргі таңда ашаршылық зұлматының дәл осы Голощекиннің тікелей бастамасымен ұйымдастырылғанын дәлелдейтін ресми құжат жоқ. Алайда, оның партиялық көшбасшы тағындағы қызметін тиянақты зерделесек, қолға алған барлық бастамасы мен шешімдері 30-жылдардың басындағы экономикалық апатқа, атап айтқанда ашаршылыққа душар еткенін анық көруге болады. Жалпы бұның қолдан ұйымдастырылған аштық болғаны дау туғызбайды.

– Кәмпескелеу мен ашаршылық тақырыбы толық зерттелген бе? Қанша қазақ шетелге үдере көшті, қаншасы аштан қырылды?

– Кейінгі уақытта 1920-жылдардың аяғындағы халықтың жеке мүлкі мен мал-мүлкін кәмпескелеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен қазақтың көшпелі шаруашылығына қатысты жүргізілген қылмыстық саясаттың салдарынан орын алған жаппай ашаршылықты тереңнен зерттеу бойынша бірқатар кешенді жұмыстар қолға алынды. Бұлар Мемлекет басшысының 2020 жылдың 24 қарашасындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлығы шеңберінде жүзеге асты.

Дегенмен, әлі күнге кәмпескелеу тарихы толық зерттелген жоқ. Бұл бағытта жүйелі еңбек етіп жатқан отандық тарихшылар бар, алайда ашылмай жатқан ақтаңдақтар әлі де жетерлік. Мәселен, кәмпескелеуге іліккен адамдардың жалпы саны белгілі болғанымен, бұл сан үнемі жаңарып жатыр. Олардан тартып алынған малдың да болжалды саны бар, бірақ нақтылауды талап етеді. Шетелге көшкен қазақтың саны да аз зерттелген. Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға үдере көшкендердің саны кейбір зерттеулерде шамалап келтіріледі, алайда ресми статистика жоқ. Осы науқанға қатысты жаңа деректердің ашылып жатқанына қарамастан, көптеген құжаттың кеңестік билік тарапынан жойылуы немесе жасырылуы трагедияның толыққанды картинасын жасауға кедергі болып отыр.

Ашаршылықта қаза тапқандардың саны да әлі күнге нақты емес. Отандық тарихшылар шамамен 1,5 миллионнан 2,3 миллион адамға дейін қырылғанын айтып жүр, дегенмен кейбір шетелдік зерттеушілер одан да көп адамның нәубет құрбаны болғанын алға тартады.

– Ал Голощекиннің еліміздегі қызметіне қатысты тың деректер табылып жатыр ма?

– Бұл адамның жеке басына қатысты зерттелмеген дүние де аз емес. Оның саяси көзқарастары мен ұстанымдары қалыптаса бастаған ілгергі мансап жылдары, елімізге келгенге дейінгі және 1933 жылы кеткеннен кейінгі саяси өмірбаяны күңгірт. Бізге белгілісі – өзінің де кейін қуғын-сүргінге ұшырап, 1941 жылы атылғаны. Оның өмірі туралы толыққанды архивтік құжаттар бізге қолжетімсіз. Соған байланысты, сапалы ғылыми зерттеулер де жоқтың қасы.

Ал Ресей тарихнамасында Голощекин көбіне-көп соңғы орыс патшасы мен оның отбасына тағайындалған жаза – ату үкімін орындаған адамның бірі ретінде көрініс табады. Бірақ бұл деректің бізге қатысы шамалы екені мәлім.

– Кейінгі уақытта Голощекиннің қызтеке болғаны жайында мәліметтер пайда болып жатыр. Мәселен, уикипедиядағы ол туралы мақаладан да сондай деректі оқуға болады. Бұған қатысты не айтар едіңіз?

– Бұл туралы менің қолымда ешқандай дерек жоқ. Сондықтан ештеңе айта алмаймын.

– Соңғы сұрағым: жаңа замандағы отандық тарихта Голощекин тұлғасына қандай баға беруіміз керек?

– Әлбетте, заманауи отандық тарихнамада, академиялық және оқу әдебиетінде Ф.Голощекиннің республика басшысы кезіндегі қызметіне теріс баға берілгені сөзсіз. Ол басқарған Қазақ өлкелік атқару комитетінің шешімдері мен саясаты біздің халқымыз үшін ауыр трагедияларға әкеп соқтырғаны талассыз шындық. Дегенмен ол мұнда келген кезде КСРО басшылығының тапсырмасын орындағанын есепке алып, 20-30 жылдардағы зобалаңның бәрін бір адамға жаба салу да негізсіз екенін айту керек. Голощекин тоталитарлық коммунистік режімнің бұйрықтарын орындаушы болды. Сол кезеңдегі оқиғаларға жүргізілген зерттеулердің маңызды бөлігі ретінде Қазақ өлкелік атқару комитеті басшылығының өзге де белді өкілдері, атап айтқанда Е.Құрамысов, Е.Ерназаров, Л.Рошаль, С.Голюдов секілді адамдардың, коммунистік партияның өз ішімізден шыққан басқа да қаныпезер өкілдерінің саяси өмірбаяндарына назар аударуымыз керек деп санаймыз. Халықты қайғы-қасіретке душар еткен солақай саясат осы кісілердің де қолымен жүзеге асқаны белгілі.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: ашаршылықсаяси қуғын-сүргінФилипп Голощекин
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ашаршылық құрбандарына құран бағыштады
Жаңалықтар

Ашаршылық құрбандарына құран бағыштады

15.09.2024
Видео

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31.05.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шәкірттің талабы

Шәкірттің талабы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00