Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
35
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқының дәстүрінде ана мен баланың арасындағы рухани тазалық пен адалдық ерекше маңызға ие. Бұл ұғым әсіресе сәби күтімінде, оның ішінде емізу кезінде айқын көрініс табады. Қазақтың нешеме ұлы тұлғаларын тәрбиелеген аналар баласының дені сау, иманды, адал, арлы азамат болуын тілеп, өздерін барынша рухани және тәндік тазалықта ұстауға тырысқан. Сол себепті, кейбір деректер мен аңыздарға сүйенсек, олар сәбилерін дәретсіз емізбеген. Яғни Құнанбай тәрізді кісілердің шешелері ана сүтін тек биологиялық азық емес, рухани тәрбие бастауы ретінде да қарастырған. Анасының сүтімен бірге балаға мінез, тектілік, имандылық та дариды деп сенген.

Баяғыда, Отырардың көне шаһарында, Алланың нұрына шомылып, тақуалығы жұртқа мәлім болған бір Асыл ана өмір сүріпті. Бұл ана діннің шын мәнін бойына сіңірген, әрбір амалы мен әрекетінде тазалық пен тектілікті ұстанған кісі екен. Оның өмірлік ұстанымы бала жүрегіне тек мейір мен адалдық, сүт арқылы тек сафа мен салиқалылық сіңіру еді.

Оның Алла берген тамаша қос ұлы бар екен. Екеуі де жас кезінен-ақ Құран жаттап, намаз оқуға машықтанып, жүректері иманмен нұрланған жандар болып өсіпті. Анасы оларды кішкене күнінен дәретсіз емізбеген, жыласа да, шырылдаса да, алдымен дәрет алып, сосын ғана аналық мейірін төгіп, ақ сүтін беріп отырған екен.

Күндердің күнінде, ол екі ұл жастары толысып, жігіттікке жетіп, өз беттерімен құлшылық ететін, дербес рухани ізденетін шағына жетіпті. Бір күні екеуі қатарласып, түнгі намазға тұрып, бар ықылас-ниетімен сәждеге бас қойған сәтте, олар періштелер нұрын көріпті. Тек бір айырмашылық: үлкен ұлы періште нұрын жанамалап, бұлдырап көреді де, ал кенже ұл тап-таза, ап-анық күйде көреді. Тіпті періштенің өзі оған күлімсіреп, мейіріммен қарағандай болады.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Намаздан соң, үлкен ұл ішінен мазасызданып, анасының алдына келіп, көкейінде күпті боп тұрған сауалды қойыпты:

– Анашым, інім періште нұрын ап-айқын көріпті, ал мен болсам тек көмескі жарық қана байқадым. Неге бұлай болды екен?

Сонда анасы үнсіз отырып, терең дем алып, бір сәтке өткенді есіне алғандай ойланып қалыпты да, мейір мен мұңға толы көзқараспен оған қарап былай депті:

– Балам, бұл бекер нәрсе емес. Сендердің періште нұрын көрулеріңнің себебі менің амалдарыммен тікелей байланысты. Мен сендерді сәби күніңде ешқашан дәретсіз емізбеген едім. Ана сүтінің өзі – адалдықтың алғашқы тамшысы, жүрекке алғаш тамған иман. Бірақ…

– Бірақ не, анашым? – деп ұлы тағатсыздана сұрапты.

Сонда анасы:

– Сен сәби кезіңде бір күні мен түнгі намазға тұрған едім. Сол сәтте сен шырылдап жылай бастадың. Мен Аллаға бет бұрып тұрған соң, намазымды үзбей жалғастырдым. Сол кезде көрші үйден бір әйел келіп, жылаған дауысыңа шыдай алмай, сені қолына алып, өзі емізе бастапты. Намазымды тәмамдаған соң, дереу жүгіріп келіп әлгі әйелге «Сіз дәретпен бе едіңіз?» деп сұрадым. Ол еш қысылмай «Жоқ, мен дәретсіз едім» деді. Сол сәтте жүрегім тітіркеніп, жаным дір ете қалды. Сен сол әйелден бірер тамшы сүт емдің. Сол бір тамшы – сенің рухани әлеміңе кішкентай да болса кінәрат салды. Сол себепті, балам, сен періште нұрын көмескі көрдің. Бұл – ана сүтінің, ниет пен амалдың, тазалықтың салмағын ұғын деген ишара, – деп пұшайман болыпты.

Анасының сөзі жас жігіттің жүрегіне найзадай қадалып, ойдың тереңіне жетелейді. Сол күннен бастап ол жігіт өзінің әр амалына, әр сөзіне, тіпті әр тынысына мұқият қарап, ішкі тазалыққа бұрынғыдан бетер бет бұрыпты деседі.

Бұл хикая ел арасында ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа тарады. Отырарлықтар оны «Ана аманаты» деп атады. Себебі бұл әңгіме тек сүттің, тазалықтың, иманның ғана емес, ана жүрегінің тылсым тереңдігін, тәрбиенің көркемдігін ұғындыратын қасиетті бір сабақ еді.

Қазақ халқы бұл секілді аңыздарды қасиетті деп біліп, оны жалаң оқиға емес, өмірлік өсиет ретінде қабылдаған. Өйткені хикметті хикаялардағы ең бастысы – дерек емес, дүниетаным мен рухани мағына.

Әлбетте, бұл аңыз – бір тамшы сүттің де, бір сәттік амалдың да мәңгілік әсері болатынын ескерткен. Бұл дәстүр бүгінге дейін аз да болса кейбір ауылдарда сақталған: сәбиін емізетін ана дәрет алып, «Бісміллә» деп емізуді әдетке айналдырған. Бұл жай ғана санитарлық тазалық емес, рухани тәрбие мен ниеттің де тазалығы.

Қалай дегенде де, қазақ халқының ілкі де тұмса қалыбын бұзбаған тәрбиелік мұрасы –терең мағынаға, дін мен дәстүрге негізделген рухани жүйе. Сол жүйенің өзегі – ана мен бала арасындағы тылсым да нәзік байланысқа құралған десек артық емес. Ырым-тыйымдар да осы қағидатты барынша сақтаған.

Дәретсіз емізбеу дәстүрі ананың өз баласына алғашқы рухани «иммунитетті» беруімен тең. Бұл – баланың бойына енетін алғашқы «тәрбие дәні». Ана қандай көңіл күйде, қандай жағдайда емізсе, баланың болмысына сол әсер етпей қоймайды. Асылында, ол жай ғана діни жоралғы емес, терең психологиялық әрі тәрбиелік маңызы бар амал. «Ана сүтімен кірген мінез, сүйекпен кетеді» деген халық мақалы да осыны меңзейді емес пе?

Рас, осы күнде бұл дәстүр ұмытылып бара жатыр. Бірақ баланы саналы, иманды етіп тәрбиелеуді мақсат еткен ата-аналар үшін бұл ұстаным әлі де құнды. Заманауи ғылым да ананың рухани-эмоциялық күйінің бала психологиясына әсер ететінін растайды. Демек, қазақы дәстүр мен қазіргі ғылым өзара үйлесім тапқан деуге толық негіз бар.

Солай!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: ана сүтіаңыздәрет алу
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қандай жағдайларда дәрет бұзылады?
Сұрақ-жауап

Қандай жағдайларда дәрет бұзылады?

25.11.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алғанда айтылатын дұға бар ма?

23.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд

Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00