Сейсенбі, 28 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарға деген сүйіспеншілік

23.04.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
148
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Махаббат, сүйіспеншілік, жақсы көру деген сөздерді естісек, адамның көз алдына ең алдымен қыз бен жігіт елестейді. Онан кейін ата-анаға, балаға деген, сол сияқты жалпы адамдарға деген махаббатты ойлайды.

Тіпті, кейбір адамдар махаббаттан мүлдем мақрұм, есесіне дүниені, ақшаны өзінің туған анасынан да, баласы, туған-туыстарынан да артық жақсы көріп жататын жайттарды да өмірде кездестіретініміз ақиқат.

Ал мұсылмандардың сезімі басқалай болуы керек. Мүмін үшін Аллаға және Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік барлық нәрседен де артық тұруы тиіс. Бірақ кейбір мұсылмандардың арасында да пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген жақсы көру сезімін қалай оятсақ болады деген сұрақтың жауабын іздегендер де табылады.

Бұл сұраққа кімнің пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігі әлсіз болса, онда оның Аллаға деген сүйіспеншілігінің де әлсіз болғаны деп жауап беріп жатады ізгі-тақуалар.

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026
Қазақ жері – толеранттылықтың алтын бесігі

Діни төзімділік деген не?

27.07.2026

Себебі, кім қаншалықты Алланы сүйсе, оның пайғамбарына (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігі де соншалықты болғаны. Аллаға деген бойұсынушылығы қандай дәрежеде болса, сондай дәрежеде пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бойұсынады.

Құранда Алла Тағала «Әли имран» сүресі, 31-аятында: «Мұхаммед (с.ғ.с.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла Тағала сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де», – деген.

Сахабалардың пайғамбарымызды (с.ғ.с.) қалай жақсы көргендігі туралы оқиғаларды білу арқылы да олардан көптеген үлгі алуға болатынына көзіміз жетеді.

 

«Сен енді иман келтірдің, Омар»

Бірде пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) Омар бірге келе жатты. Омар:

– «Иә, Алланың Елшісі, өзімнен басқаның барлығынан сені артық жақсы көремін»,-дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:

– «Сен мені өзіңнен де артық жақсы көрмейінше, иман келтірген болмайсың»,-деді. Сонда Омар:

– «Иә, Алланың Елшісі, шын мәнінде, енді мен сені өзімнен де артық жақсы көріп кеттім», – дейді. Бұған пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– «Міне, сен енді иман келтірдің, Омар», – деді.

 

“Мені бір нәрсе алаңдатып жүр”

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында әрдайым жүретін сахабалар оны бір сәт көрмесе тағат таппай, сағыныштан оны қайта көруге асығатын. Бірде пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір сахаба келіп:

– «Иә, Алланың Елшісі, шын мәнінде, мен сені өзімнен де балаларымнан да бүкіл адамдардан да артық жақсы көремін. Ал қашан мен үйге барып, сен туралы жанұямның арасында айта бастасам, менің күш-қуатым мен сабырлылығым оған жетпей, сені қайта көруге және сенің дауысыңды есту үшін мен үйден атып шығып саған қарай аялдаймын. Бірақ мені бір нәрсе алаңдатып жүр. Алла Тағала жәннаттың ең жоғарғы сатысын саған беруге уәде етті. Егер сені онда көре алмасам ол жақта мен не істеймін?»-дейді. Бұған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ешнәрсе деп тіл қатпады. Себебі, Ол не жауап қатарын білмеген еді. Кейін оның жауабын Алланың Өзі жіберген еді: «Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бойұсынса, міне, солар АллаТағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады». («Ниса» сүресі, 69-аят)

Иә, бұл Аса Мейірімдіден болған ұлы жауап еді. Жақсылықтың қайтарымы – тек қана жақсылық.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: ҒибратмахаббатПайғамбарҮммет
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші
Ғибратты әңгімелер

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

23.07.2026
Бір кесе сорпаның бағасы
Ғибратты әңгімелер

Бір кесе сорпаның бағасы

22.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған

Ислам тек діни білім алуға шақыра ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    516
  • Бір кесе сорпаның бағасы

    47
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    29
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    22
  • Намаздың хикметі неде?

    19

Соңғы жарияланымдар

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа
Қоғам

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Қоғам

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00