Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Суицидтің емі – рухани тәрбие

25.02.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
104
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне жүгінсек, әлемде әр 45 секунд сайын бір суицид оқиғасы тіркеледі. Бұл – сағатына сексен, тәулігіне екі мыңға жуық, ал жылына 700 мыңнан аса адам өз-өзіне қол жұмсап ажал құшады деген сөз. Кейінгі 25 жылдың ішінде суицид саны едәуір қысқарғанымен, әлі күнге аса өзекті проблема күйінде қалып отыр.

Адам өмірін жалмау тұрғысынан соғыс пен кісі өлтіру қылмысынан асып түскен бұл кеселдің себептері жайында сөз сөйлеген сарапшылар пікірі сан-саққа жүгіреді. Біреу оған итермелейтін жайтты өмірден түңілген жанның айналасынан іздесе, енді бірі бар кінәрат адамның өз ішінде екенін алға тартады. Бәлкім бұл екі пікірде де шындықтың табы бар шығар. Қалай десек те, елімізде өз өмірін өзі қиғандар жұрттың жағасын ұстатып отыр.

Ересек адам суицид жасаса, оның себебін өмірдің түрлі қиыншылығынан іздеуге болатын шығар. Бәлкім, несиесін төлей алмай, қарызға белшесінен бату, отбасылық қиындықтар, ажырасу, маскүнемдік пен нашақорлыққа салыну, т.б. Ал он екіде бір гүлі ашылмаған мектеп оқушыларының өз-өзіне қол жұмсауын қалай түсінуге болады? Өмірдің ащы-тұщысын татып көрмеген, әке-шешесінің етегінен ұстап, үлкен өмірге қадам басып үлгермеген жасөспірімнің дүниеден баз кешуіне не себеп? Бұл – мәселенің шығу төркіні тереңде екенін көрсетеді. Атап айтқанда, оның түп-тұқиянын отбасындағы тәрбие мен имандылықтың әлсіздігінен, ішкі рухани шиеленісінен іздеген жөн секілді.

Бүгінде біз бетпе-бет келіп отырған ауыр шындықтың бірі – отбасында ата-ана мен бала арасындағы байланыстың үзілуі. Жұмысбасты әке-шешенің балаға қарайтын шамасы жоқ, олар өз ісімен әлек. Ал бала үлкеннің мейірімі мен назарынан тыс қалғандықтан, өзін жалғанда жанашыры жоқ жалғыз адамдай сезініп, алдынан шыққан әрбір қиындықты түпсіз трагедия деп қабылдайды. Депрессияға түседі, өмірден түңіледі. Оған қолдау болар ата-ананың көңілі – далада…

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Мамандардың айтуынша, өмірде оң-солын енді танып келе жатқан жасөспірімге әке-шеше мен үлкендердің қолдауы ауадай қажет. Соның ішінде рухани қолдау – имандылық тәрбиенің орны айрықша. Бұл – ұлы иманды, қызы ибалы болып өсуін қалайтын әрбір шаңырақтан табылуға тиіс тәрбие. Өйткені жастайынан адамгершіліктің арда қасиетін бойына сіңірген бала мінезі көркем болумен қатар, өмірдің қиыншылықтарына төзімді келеді. Ақыл кіре бастаған шағынан баланың өмір туралы түсінігін қалыптастыру, жақсы амалдардың қайыры, жаман істердің сұрауы болатынын ұғындырудың маңызы зор.

Дінтанушы Ысқақ Әбдірахмановтың айтуынша, ең алдымен ата-ана мен бала арасындағы көркем қатынас үзілмей, оларға өмірдің керемет сәттері жайында жиі айтып отыру керек. Жаратылыстағы көз жауын алар табиғи құбылыстар, олардың шығу тегі, өмірдегі әсерлі оқиғалар туралы әңгіме қозғалса, жас бала қиялға беріліп, өзі-ақ көз алдына керемет өмірді елестетіп, алдына жарқын мақсат қоя біледі.

«Есі кірген балаға адамның өз-өзіне қол жұмсауы үлкен күнә екенін Құран аятттары мен хадистер негізінде дәлелдеу дұрыс болмақ. Құранда «Өз қолдарыңмен өздеріңе қауіп төндірмеңдер» делінген. Өмірде басына түскен бәлекеттен өлім арқылы оңай құтыламын деу тура жолдан адастыратынын, бұл Алланың ісіне қарсы шығумен пара-пар екенін, сол үшін қандайда іске барарда алдымен сау ақылға салу қажет екенін айтып түсіндіру керек. Мұның бәрін балаға қарапайым тілмен жеткізіп, имани тәрбие беру – ата-анаға міндет. Әрбір істелген әрекет үшін жауапкершілік болатынын сезінген жасөспірімде өз-өзіне қол жұмсауға деген ниет болмайды. Жүрегіндегі иманы күнәлі істен қорғап тұрады. Ақылды таяқпен миға қондыру мүмкін емес. Баламен доспен сырласқандай тұщымды әңгіме өрбіткен маңызды» дейді ол.

Ал исламтанушы Исатай Бердалиевтің айтуынша, адамның басына қиыншылық түскенде жағымсыз ойларға берілуі – шайтанның уәсуәсі. Бұл әркімнің өмірінде болатын жағдай. Өмірде қуаныш пен қиындық кезектесіп келіп отырады. Сондай шақта адастыруға тырысатын шайтанның айла-тәсілдері бар екенін ұмытпаған абзал, дейді ол.

«Пенде қиыншылыққа тап болғанда, шайтан оны қиял әлемінде бір сәт өткенге, бір сәт болашаққа ой жібертеді. Осы кезде оның сабырын сынау, Құдайға қарсы шығуға итермелеу үшін басынан өткерген басқа да бақытсыз күндері мен қиындықтарын есіне салып, өмірдің қиыншылыққа толы, адам төзгісіз екенін, ешқашан, ешкімнен жақсылық көрмегенін сездіру арқылы азғырады. Мұндай психологиялық күйге түскен адам бұл өмірде жақсылық пен сыйластық сирек кездеседі деген ойдан арыла алмайды. Осылайша, Алла тағаланың өзіне берген барлық нығметін ұмытып, жақсылықты жоққа шығарып, шүкірліктен бас тартумен қатар, тікелей Аллаға қарсы келетін күйге түсіп, тағдырына налып өмірге келгеніне өкініп жатады» дейді ол. Ал жастайынан имандылық тәрбие алған саналы пенде басына келетін түрлі жағымсыз ойдың бәрі ізгі жолдан тайдыруға тырысқан ібілістің айласы мен тұзағы екенін жақсы біледі де, тиісінше бұл оны суицид секілді қате қадам жасаудан тыятынын айтады.

Осы орайда суицид жасаудың дініміздегі үкімі жайында айта кеткен орынды болар. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі арнайы пәтуа шығарған. Онда адам баласының өз-өзіне қол жұмсауы – адамдық тұрғыдан да, дін тұрғысынан да үлкен күнә екені айтылады.

«Алла Тағала қасиетті Құранда: «…өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді», деген… Өзіне қол жұмсаған кісі ауыр күнәға батқанымен, діннен шықпайды. Ғұламалардың көпшілігі өз-өзін өлтірген адамның жаназасы оқылады деп пәтуа берген. Алайда мұндай жағдайда күнәнің ауырлығын білдіру әрі басқаларға сабақ болу мақсатында жаназаны мүфти, дін ғалымдары, имамдар емес, жергілікті имамның ұйғарымымен жаназа шарттарын білетін басқа кісілердің шығарғаны жөн» делінген пәтуада.

Сөз соңында біздің дініміз адам баласын қорқытушы емес, ең алдымен жақсылыққа талпындырып, дүниенің қиындығы мен сынағына шыдап, сабыр қылғандарды жақсылықпен қуандырушы әрі жәннатпен сүйіншілеуші екенін ұмытпаған абзал. Қасиетті Құранда: «Кім Алладан шын қорықса, Алла оны кез келген қиындықтан құтқарады және күтпеген жерден ризық-несібе береді», делінген.

Ізгі амал жасағандардың өмірде қуанышқа кенелетіні, қандай қиындыққа тап болса да, оны өткінші сынақ деп қабылдап, мойымағандардың жолы ашылатыны, өзгеге мейірімділік көрсеткендердің өзі де айналасынан мейірім көретіні, т.б. хадистерде де кеңінен баян етіледі. Мұның бәрі имани тәрбиенің тірегі, жасөспірімді суицид секілді жағымсыз істен сақтайтын өнегелік өзегі екені сөзсіз.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: өз-өзіне қол жұмсаусуицид
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлемде суицид саны үш есеге қысқарды
Жаңалықтар

Әлемде суицид саны үш есеге қысқарды

20.08.2025
«Вертер әсері»: суицидке медиа себеп пе?
Қоғам

«Вертер әсері»: суицидке медиа себеп пе?

02.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Астанада республикалық уағызшылар форумы басталды

Астанада республикалық уағызшылар форумы басталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00