Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Андрей ГРЕБ: Неміс болсам да, жаным қазақ

28.02.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
216
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өткен ғасырдың қиын-қыстау жылдарында қонақжай қазақ жері тағдыр айдап келген талай жұртты қойнына сыйдырып, өзім деп бауырына басты. Ешкімді түріне, тіліне, дініне қарап бөле-жарып, өзекке теппеді. Бүгінде дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылып кеткен түрлі ұлт өкілдері қазақтан көрген жылу мен жақсылықты ұмытқан емес.

Қызыл террордың тырнағына іліккен халықтың бірі – кеңестік немістер. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Еділ бойындағы неміс автономиясы жойылып, халқының басым бөлігі Қазақстанға жер аударылған болатын. Жаңа мекенге келіп өсіп-өнген еліміздегі неміс халқының саны 1989 жылғы санақта бір миллионға жуықтаған. Дегенмен 80-жылдардың соңынан басталған ұлы көшпен түгелге жуығы тарихи отандарына қоныс аударды.

Солардың бірі – қазақ жерінде өмір есігін ашып, бүгінде Германияда тұрып жатқан Жамбыл облысының тумасы Андрей Греб. Ол 1965 жылы Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келіпті. Кезінде түрлі ұлт өкілдерінен құралған ауылда мектепте орыс тілінде білім алғанымен, өзінің ана тілі – неміс тілін де ұмытпағанын, алайда көзін ашқаннан күнделікті өмірде көбінесе қазақ тілінде сөйлеп өскенін айтады.

Мектепті бітірген соң, бұрынғы Жамбыл, қазіргі Тараз қаласында орта кәсіби-техникалық училищеде (СПТУ) оқып, өзі туып-өскен кеңшарда еңбек жолын бастайды. Кейін Таразға қоныс аударып, 1992 жылға дейін жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. 80-жылдардың соңында шекара ашылған соң, ауыл-аймақтағы ағайынының бәрі Германияға үдере көшкенде, туған-туыстар ішінен елде жалғыз өзі қалғанын айтады. Алғашқыда туған жерінен алысқа кеткісі келмеген. Алайда 90-жылдардың құлдырауы, ел ішін жұмыссыздық жайлап, тұрмыс таршылығы себеп болып, өзі де отбасын алып Германияға көшуге бел байлаған.

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

19.09.2025
Отбасы – ұлттың ұстыны

Отбасы – ұлттың ұстыны

19.09.2025

«Алдымен қартайған ата-анамды көшіріп әкелдім. Бастапқыда уақытша ғана болып, сосын ауылға қайтамын деп ойлаған едім. Бұл жаққа Қазақ КСР-інің төлқұжатымен келдік. Сөйтсек, біз кеткеннен кейін Қазақстанда құжат ауысыпты. Елге қайту үшін жаңа төлқұжат алу керек болды да, соның салдарынан осында қалып қойдым. Қазақ КСР-інің төлқұжаты әлі күнге қолымда» дейді ол.

Германияға алғаш келген немістерге жаңа мекенге үйрену оңай болмаған. Алыста қалған ауылды сағынып, кейін қайтуға әрекет қылғандар да аз емес еді. Әсіресе қарт ата-анасы ауылды бір көруді армандайды. Әкесі осыдан 21 жыл бұрын өмірден озса, бүгінде 88 жастан асқан анасы: «Қиын кезде қолдау білдірген ауылдастарымды, замандастарымды бір көріп кетсем арманым жоқ» дейді екен. Бірақ, алыс жолға денсаулығы жарамаса керек.

Қазір Андрей аға Виддерн қаласында өзінің шағын фирмасын ашып, жүк көлігін айдап, тасымал қызметімен айналысады. Қазақстаннан көшіп барған немістер бір жерде шоғырланып тұрмаса да, жиі араласады екен. «Немістен бөлек, арамызда неміс қызына үйленіп, бірге көшіп келген қазақтар да бар. Бірақ олар негізінен орыстілді. Осында жүріп немісше үйренді. Бірақ қазақша білмейді. Кейде шамыма тисе, ана тілдеріңді білмейсіңдер деп қазақша сыбап-сыбап аламын. Олар бәрі мені немістің қазағы деп атайды» дейді кейіпкеріміз.

Немістер – жақсылықты ұмытпайтын халық. Су ішкен құдығына түкіру, қиын-қыстау кезде жалғыз тілім нанымен бөлісіп, төрінен орын берген қазақтың мейірбандығын жоққа шығару – олар үшін жат. Сондықтан да Қазақстанда тұрған кездерді, қазақпен аралас-құралас ғұмыр кешкен өмірді сағынышпен еске алып, алғыстарын жаудырып жатады. «Мен Қазақстанда жүк көлігін айдап жүргенде бұрынғы КСРО-ның түкпір-түкпірін шарладым. Батысы Минскіден шығысы Улан-Удэге дейін, оңтүстігі Тәжікстаннан солтүстіктегі Сібірге дейін бардым. Сонда қазақтан артық халықты еш жерден көрмедім. Қай ауылға барсам да, танысын-танымасын сені төрге шығарып, дастарханын жайып, шайын құйып, бар тәттісін алдыңа тосатын мұндай халық әлемде жоқ шығар. Біз қазақтан ешқандай жаманшылық көрмедік. Көргеніміз – сыйластық, қонақжайлық, мейірбандық. Қазақтың салт-дәстүрін, тілін, әдет-ғұрпын танып өстік. Мен неміс болсам да, өзімді қазақпын деп санаймын. Міне, Германияда тұрып жатқанымызға 33 жыл болыпты. Бірақ қазақ тілін ұмытқан жоқпыз, ұмытпаймыз да. Балаларым да, жұбайым екеуміз де үйде тек қазақша сөйлейміз» дейді ол.

Кейіпкеріміз әңгіме арасында 70-жылдары Ойық ауылына келген республика басшысы Дінмұхамед Қонаевпен кездескені туралы естелігін айтып берді. Димаш Ахметұлының ата-бабасы сол өңірді мекен еткені белгілі. «Шамамен 74-75 жылдар болуы керек. Мен ол уақытта мектепте оқитын баламын. Біздің үйдің артындағы Тәжімбетов дейтін кеңшар директорының ұлының үйіне Қонаев қап-қара «Волга» автокөлігімен келді. Қасында бір милиционерден басқа қаптаған күзетші жоқ. Біз ойнап жүрген уақытта үйден шыққан Димаш Ахметұлы қасымызға келіп, балалармен амандасып, қалтасынан кәмпит алып таратты. Кейін аудан орталығы Ақкөлге қайтқанда мен де Қонаев отырған көлікке отырып бірге бардым. Жолда Димаш Ахметұлы кеңшар директорына мені нұсқап: «Мына балаға қараңдар. Бұл адам болатын бала» дегені есімде» дейді кейіпкеріміз.

Кеңестік немістер жаппай жер аударылғаннан кейін қазақ халқының арқасында аман қалғанын айтқан Андрей аға Қазақстанда қалған бақытты күндері, қазақтан көрген қамқорлық пен жақсылық жайында ұрпақтарына үнемі айтып отыратынын жеткізе келе: «Қазақ халқынаалғыстан басқа айтарым жоқ» деп сөзін тәмамдады.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Алғыс айту күніАндрей Гребнемістер
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Еңбек пен алғыс: дін өкілдері пікір алмасты
Жаңалықтар

Еңбек пен алғыс: дін өкілдері пікір алмасты

04.03.2025
Ынтымақ пен мейірім мерекесі
Қоғам

Ынтымақ пен мейірім мерекесі

01.03.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Оразаның халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады
Жаңалықтар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

19.09.2025
Отбасы – ұлттың ұстыны
Видео

Отбасы – ұлттың ұстыны

19.09.2025
Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат
Сұхбат

Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою