Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ұлы» болудан неге қорқамыз?

31.01.2025
- Қоғам
0
61
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Тәуелсіздік» дегенде біз тек 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланған саяси азаттығымызды ғана есімізге алатынымыз рас. Иә, бұл – ұлы мерекеміз. Тәуелсіздіктен қымбат қазынамыз да, байлығымыз да жоқ. Дегенмен халқымыздың рухани, мәдени, сана-сезім деңгейіндегі тәуелсіздікке ұмтылысы одан ертерек басталған және бұған бүгінде 105 жылдығын тойлап отырған біздің басылымның қосқан үлесі зор.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін большевиктер қазақтың және өзге де бұратана ұлт өкілде­рінің тегіне «ов», «ова» сынды отар­шылдық қарғыбауын тағып бергені мәлім. Азаттық жайын­дағы әңгіме құр арман-қиял емес, шындыққа айнала бастаған тұста тегіміздегі біздің ұлтқа тән емес жұрнақтан арылу туралы мәселе де жиі көтеріле бастаған еді. Сол кезде «Социалистік Қазақстан» деп аталған біздің басылым бетінде де бұл жайында көптеген материал жарық көрді. Тек сөз жүзінде мәселе көтермей, қазақ журналистикасының абызы Шерхан Мұртаза бастаған газет ұжымының «ов», «ова» жұр­на­ғынан бір күнде арылып, көпке үлгі көрсеткенін біреу білсе, біреу білмейді. Нақтырақ айтқанда, 1991 жылы 15 мамыр күні бас редактордан бастап бүкіл қызметкер өз тектерін «ов»-сыз жаза бастаған еді. Кейін осы үр­діс өзге де бұқаралық ақпа­рат құралдарына таралып, баспа­сөзге қазақы аты-жөнмен шығу игі дәстүрге айналды. Айта кетейік, сол оқиғадан тура бір айдан кейін, яғни 1991 жылдың 18 мау­сымында газетіміздің атауы «Еге­менді Қазақстан» болып ауысты.

Басылымның сол жылғы 28 қарашадағы санында журналист Қарашаш Әмзеқызының «ов», «ова»-дан қашан құтыламыз?» атты мақаласы жарияланған. «Ара­мызда әртүрлі пікір туғы­зып, біреу қабылдап, біреу қабыл­дай алмай жүрген өзекжарды әңгіменің бірі – фамилиямызға жамылған «ов», «ова»-дан қалай құтылу керектігі газетімізде мұ­нан бұрын да талай рет жазыл­ған еді» деген автор газет оқыр­манының осы мәселеге қатысты жолдаған хатынан үзінді келті­реді. «Газеттеріңізді жұрт сүйсіне оқиды. Жаңалықтың жаршысы болдыңыздар. Ел-жұрттың ойында жүргенді осы газеттен оқимыз. Көзі ашық, көкірегі ояу қауым бүгінгі аяқалыстарынан айнымаса екен деген тілекте. Әсіресе фамилиямызға жамалған «ов», «ова»-дан құтылуды өздеріңіз­ден бастап, басқаларға үлгі болдыңыздар», деп жазады Ақтөбе облысының тұрғыны Аманкөз Сейілов.

Хаттың соңында ол «ов» жұр­нағын алып тастауды көпшілік жаппай қолдағанымен, құжат ауыстырғанда кездесетін қиын­дықтар шаш-етектен екенін айтып қынжылады. Өйткені бір адамның басында қанша құжат бар, соның бәрін ауыстыруға тура келетінін, көп адам осы машақаттан қашып, бұрынғы тегімен қала бергенді жөн көре­тінін айтыпты.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Тәуелсіздік алмай тұрып бас­тал­ған осынау «отарсыздану» үрдісі әлі күнге жалғасын тауып келеді. Бірақ толықтай «қа­зақ» болдық деп айтуға да әлі ерте. Кейінгі кезде дүниеге келіп жатқан балаларына тегін бергенде «ов»-ты қоспау, сондай-ақ ересек адамдар арасында да са­налы түрде отаршылдық қарғы­бауынан арылып жатқандар көп. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Дегенмен «адамдар атым мен тегімді шатастырады», «бүкіл құжатыңды да ауыстыру керек», «шетелге шыққанда қиындық болады» деген желеумен әлі күнге фамилияға «ов» жұрнағын телуді заңдылық секілді көретін замандастарымыз да аз емес. Бұрын ата-бабамыз «Пәленшеұлы» деп жазушы еді, ал бүгінгілер «ұлы» болудан әлі де қорқақтайды.

Шын мәнінде бұл айтылып отыр­ған себептердің бәрі – негіз­сіз. Қазіргі таңда құжаттағы аты-жөніңді қазақшалау, «ов», «ова», «ин» секілді жұрнақтарды алып тастау, тіпті тегіңді ауыстыру – Халыққа қызмет көрсету орталығында «бір терезе» арқылы шешілетін мәселе. Бұрынғыдай сан есікті қағып шапқыламайсың. Әрине, тегіңді ауыстырамын десең, алдымен АХАЖ-ға барып, Туу туралы куәлігіңді ауыстыру керек. Бұл да – қазіргі күні қиын шаруа емес. Әрі дегенде жарты сағат көлемінде шешіледі, сосын бір апта ішінде жаңа құжатты алып кетуге ғана барасың.

Жаңа құжатты алғанда қо­лыңыз­ға «Тегін, атын, әкесі­нің атын өзгерту туралы куә­лік­ті» қоса береді. ХҚО маман­­дарының айтуынша, бас­қа еш­­қандай құжатты (диплом, неке куә­лігі, балалардың Туу ту­ралы куәліктері, аттес­тат, т.б.) ауыс­тырудың қажеті жоқ. Сұраған жерге аты-жөні ауысқаны туралы куәлікті көрсет­се жеткілікті. Ал бұл құжаттың бәрі қазір еGov сайты мен kaspi қосым­шасында қолжетімді екенін, оны өзіңмен тасып жүру қажет емес екенін ескерсек, «ов»-сыз далада қаламын деп алаңдау­дың ешбір жөні жоқ.

Сондықтан «ұлы» болудан қо­рықпайық. Тәуелсіз ел ұланда­рының аты-жөнінен де азаттық­тың айбары көрініп тұрғаны жақсы емес пе?

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: фамилия
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына бола ма?

27.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тұрақты қоғамның негізі – діни толеранттылық пен дінаралық келісім

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00