Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Салт-дәстүрді бағала

23.01.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
115
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамдық – талбесіктен жербесікке дейін әр ісін пейіл мен пиғыл таразында қайырымдылық, мейірім, сүйіспеншілік секілді саф қасиеттердің есесін арттыру. Үлкенге құрмет танытып, кішіге ізет пен ілтипаттың үлгісін көрсету. Көмекке зәру болған адамның жанынан табылып алғау болу, кемшілікті жасырып, кемтігін толтыру. Қысқасы мына қоғам деген тағдырлар мен таңдаулардың шиеленісінде әр ісіңде адалдық танытып пенделіктен бір саты биік тұру.

Осы тұста қалайша әрқашан қоғамға қолайлы, жалпыға жағымды адам боламыз және оның әрқайсысын елеп-екшей отырып жасау қиындық тудырмай ма деген көкейтесті, өзекжарды сауал туындайды. Оның мәні мен маңызын ескере отырып жауап іздегенде, ең теңдессіз шешімін байырғы бабаларымыз бәсіре еткен салт пен дәстүрінен табуға болады. Әр салт пен дәстүр, жөн мен жоралғы осы бір адамдықтың алғышарты боларлық ізгі қасиеттерді белгілі бір салттың немесе ғұрыптың бойына жинап, санамызға сіңіріп тастаған және оған мысал боларлық ұстанымдар жетіп жатыр.

Ағайынның арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтың белгісі болған асар, жылу жинау, белкөтерер секілді салттарымыз бар. Асарға бардым деген адамның адами тұрғыдан өзге адамға көмек қолын созғанын, рухани тұрғыдан қолдау болғанын, өзге бауырларымен бас қосып туыстық тұғырын бекітіп келгенін ескерер болсақ, бір ғана салттың аясында бірнеше жақсылық жасағанын көруге болады.

Ал тойларымызға келсек, беташар секілді теңдессіз салтымыздың орны тым бөлек. Ағалы-інілі, нағашылы-жиенді, апалы-сіңлілердің, абысын-ажындардың басын біріктіру секілді, қарт көңілі қалжырап қоғамнан жатсынып өз маңызын жоғалтқандай жаны жалғызсыраған қанша егде кісілердің есімін атай отырып, әулет пен әлеуметтегі орнын көрсетіп сый мен құрметке бөлеу, жаңа түскен келінге туыстарын таныстыра отырып, ізет пен ізгілікті сіңіріп асқан ілтипатпен қарсы алу секілді және тағы сол сияқты көптеген жақсылықтарды жасаудың өзі жәй ғана беташарға бардым деген сөзің аясында кетер еді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Міне, адамгершілікке ұмтылып, жаны жақсылыққа құштар адам үшін ең оңай жол – салт-дәстүрдің, ырым-тыйым мен әдет-ғұрыптың соңына еру жеткілікті. Онда қоғам мен адамзат үшін пайдалы болған жақсылықтың телегей теңіз қоры жатыр.

Сандыбай ПІРЖАН,

«Нұр-Мүбәрак» Египет университетінің студенті

Таңбалар: Беташарсалт-дәстүр
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам – дәстүр ме әлде өмір сүру салты ма?
Сұрақ-жауап

Псевдосәлафилер неге дәстүрді жоққа шығарады?

11.11.2025
Салт-дәстүр ұғымының құрылымы
Қоғам

Дін мен дәстүр – егіз ұғым

05.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Қысқы қиял» көрмесі ашылды

"Қысқы қиял" көрмесі ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00