Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлылық түсінігі және Қазақстан

19.12.2024
- Мемлекет және дін
0
156
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зайырлық түсінігі кең мағынада – жеке және қоғамдық дін істері мен мемлекеттік істердін бөлінуін, сондай-ақ мемлекеттің діни мәселелерде бейтарап ұстанымын білдіретін принцип ретінде түсіндіріледі. Бұл ұғым көбінесе мемлекеттің діни сенімге емес, азаматтық және құқықтық нормаларға негізделуін сипаттайды. Зайырлылық принципі мемлекеттің барлық дін өкілдеріне тең қарауына, әрбір адамның діни нанымына құрмет көрсетуіне мүмкіндік береді және қоғамда діни бейтараптылықты сақтауды көздейді. Зайырлы мемлекетте әр адам діни сеніміне қарамастан тең құқықтарға ие болып, дін және мемлекеттің қызметтері өзара тәуелсіз түрде жүзеге асады.

Зайырлылық немесе Секулярлық түсінігі орта ғасырлардан бері пайда болып 18-19 ғасырда әлемдік деңгейде кеңінен таралған саяси маңызы бар ұғымдардың біріне айналды. Латын тілінде «заман», грек тілінде «мекен» ұғымдар білдіретін «Секуляр» сөзі тарих бойынша әр түрлі мағынаға ие болып, өзгеріп отырған. Қазіргі таңдағы мағынасына қарай өзгеруі 1648 жылы батыстағы діни қақтығыстар нәстижесінде Вестфаль келсімшартынан басталғандығын айтылуда. Діни қақтығыстар барысында шіркеу тарапында болмаған адамдарға осы секуляр сөзі алғашқы рет қолдана бастады. Сондай ақ, уақыт өте келе шіркеу ішіндегі жұмыстан тыс басқа да аумақта жұмыс істеу үшін де секуляр сөзі қолданылған еді. Яғни шіркеу тысында жұмыс жасаушы дін адамдарын секуляр дін адамдары ретінде сипатталып отырды. Осы уақыттан бастап діни мекемелердегі іс пен діни емес мекемелердегі іс арасында айырмашылықты білдіретін түсінік қалыптаса бастады.

Секуляр немесе зайырлылық түсініктерінің кеңінен дамуының бірнеше негізгі себептері бар. Батыс шіреуінің діни дүниетанымы ғылымның дамуымен көптеп сынға ұшырып бастауы, зайырлық немесе секулярлық ұғымының қалыптасуына әсер ете бастаған еді. Батыстың тарихи тәжірбиесінде зайырлық түсінігі ағартушылық қозғалыстан дамуымен қатарлас болған деп айта аламыз.

Басқа бір фактор ретінде индивидуализмнің насихатталуы еді. Орта және ескі ғасырларда жеке тұлғалардың емес, бірлесіп өмір сүретін халықтан ортақ ұстанымдары мен көзқарастары арқылы негізге алынушы еді. Бір қоғамның бір ұстанымы немесе бір діні ғана болушы еді. Алайда индивидуализмнің дамуы арқылы әр бір адамның жеке ұстанымдары мен көзқарастарына ерекше көңіл бөлініп бастады. Осындай себептердің әсері де зайырлы ұстанымдардың дамуын жетілдірді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Мемлекет пен дін арақатынасында діннің саяси алаңнан бөлінуі әлемдік тарихтағы тәжірибенің шындығы болып отыр. Бұл үрдістің шығу себебі және дамуы саяси алаңда болғанын айта кеткен жөн. Жаңа заманның жаңа талыптары бойынша қоғамның бір қалпыты дамуы мен өрлеуі үшін мемлекеттің зайырлы ұстанымы негізгі шарттардың бірі екендігін түсіне аламыз. Қазіргі таңдағы ашық қоғамда әр түрлі діни түсініктер мен ой пікірлердің болуы қалыпты жағдай. Орта ғасырдағы дінге негізделген басқару жүйесі қазіргі таңның шындығына сай келмейтінін де ұғына аламыз. Сондықтан заманауи діни интелектуалдардың бұл мәселені түсініп «Мемлекеттің діні болса, ол тек – әділдік болуы керек» деп айтқаны осыдан. Мәжбүрлі түрде діни сеніміне қарай бөліп жару немесе құқықтық үстемдік беру үрдісі, адамдарды екіжүзділкке жетелейтін негізгі себептердің бірі болып кетуі әбден мүмкін.

Қазақ халқы мен тәуелсіз мемлекетінің зайрлық тәжірибесінің өз даму жолы мен түрлену ерекшеліктері бар. Ең алғашқы дін және мемлекеттік істердің бөлінуі нәтижесінде руханият пен сяасат алаңының айырылуы Алаш қозғалысымен тікелей байланысты болды.

Алаш қозғалысы ХХ ғасырда Қазақ зиялыларының арасында пайда болып, Ресей патшалығының отарлау саясатына ұлттық реакция кейіпінде бой көтерген еді. Алаш азаматтарының негізгі көтерген мәселелері жер, тіл және дін мәселелері болатын. Бұл үш негізгі мәселені шешу жолында қазақ халқы саяси белсенділіктерін арттырып, ұлттық мүддені қорғайтын саяси ұйымдар құра бастады. Алаш қозғалысының көпшілігі батыстық ғылым мен білімді сол замандағы көп проблемаларының шешім жолы деп білді. Сондықтан халықты ағарту, мемлекект басқару түрін тандау және де саяси ұстанымдардың айқындауда прогресшіл батыстың моделдерін қолданды. Дәстүрлі құндылықтарға негізделген қоғамда өзгерістер еңгізу оңайға соқпады. Алаш зиялылары, алғақшы құрылтайында және оның нәтижесінде құрылған Алаш партиясының жарлығында дін және мемлекет бөлініп қаралып, заң жүзінде адамдарға сенім бостандығы беріледіндігі жайында бөлімдері қамтылып отырды. Сонымен қатар жеке Қазақ халқының муфтилігін құру, дін істерінде қазақ тілін қолдану секілді Ахун, Молда, Имамдар мен қатар басқа да дін қызметкерлерінің тұрақты түрде жұмыс істеулері үшін экономикалық жағдайлар жасауға тырысқан еді. Қазақ халқы зайырлық түсінігі мен моделі жайында алғаш рет Алаш заманыңда танысты.

Қазіргі таңда саяси қағидат пен ұстаным ретінде зайырлық пен демократия түсініктері мағынасы жағынан бір біріне жақын ұғым ретінде таңыстырылып келеді. Зайырлық немесе секулярлық жайында алғашқы ғылыми теориялар қоғамнын діннен алыстауы ретінде шыққанымен, уақыт өте келе саяси бір қағидат ретінде дін мен мемлекет ісінің бір бірінен бөлек екендігін қамтитын түсінікке айналды. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда өзін зайырлы әрі демократиялық мемелкет ретінде анықтап отыр. Тәуелсіздік жылдары дін және діни істер бойынша нақты бір заң мен ұстанымның толық қалыптаспағанын көрсек те уақыт өте келе заманауи зайырлық молделдерін зерттеп өзіне сай жолын тапты дей аламыз. Әлемде әртүрлі зайырлылық модельдері бар, олардың ерекшеліктері мен тарихы мемлекеттердің саяси, мәдени, және діни дәстүрлеріне байланысты.

Француздық модель – бұл модельде зайырлылық қатаң түрде жүзеге асырылады. Мемлекет пен дін толықтай бөлініп, дін тек жеке адамның ісі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік мекемелерде діни символдар мен рәсімдерге тыйым салынған. Бұл модель дінді қоғамнан шеттетпейді, бірақ қоғамдық өмірде діни ықпалға жол бермейді. Мақсаты – қоғамдық кеңістіктің нейтралдығын сақтау.

Америкалық модель – бұл модель жеке тұлғаның дін бостандығына басымдық береді. Мемлекет дінге араласпайды, сонымен қатар діннің мемлекет істеріне ықпал етуіне жол бермейді. Діни ұйымдар салық төлеуден босатылады және еркін жұмыс істей алады. Қоғамда діни плюрализм (алуандылық) кеңінен таралған. Бұл модельдің негізі – Конституциядағы шіркеу мен мемлекеттің бөлінуі туралы қағидаға негізделген.

Түрік моделі – бұл модельде зайырлылық мемлекеттің дінді қадағалауымен ерекшеленеді. Мемлекет діннің қоғамдық өмірге әсерін шектейді, бірақ діни мекемелерді Дін істері басқармасы арқылы басқарады. Бұл жүйе халықтың діни бірлігін сақтауға бағытталған. Түрік моделі Ататүрік реформаларымен енгізіліп, зайырлы мемлекет құруды көздеді. Сонымен қатар, ислам дінінің мемлекеттік деңгейде мәдени рөлі танылған.

Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретінде танытады. Бұл жерде мемлекет пен дін бөлінген, бірақ дәстүрлі діндердің мәдени рөлі мойындалады. Заң бойынша барлық діндер тең деп танылса да, кейбір діндердің қоғамдағы ықпалы жоғарырақ. Зайырлық түсінігі әрбір елдің өз тарихи және мәдени ерекшелігінде пайда болып, өздерінің тәжирбесіне негізделгенін көре аламыз. Сондықтан да зайырлық моделдерінен әр түрлі болып түрленуі қалыпты жағдай.

Медет СӘДІБЕКОВ,

                                                                                                      Дінтанушы

Таңбалар: басты тақырыпзайырлы мемлекетзайырлылық
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Гвинея-Бисау президенті Бас мешітте болды

Гвинея-Бисау президенті Бас мешітте болды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00