Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бала құқығын қорғау – басым бағыт

22.11.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
60
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бас прокуратура Оқу-ағарту министрлігінен «Заң мен тәртіп» тұжырым­дамасы негізінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау тетіктерін және тәрбие жұмысын күшейту бойынша шаралар қабылдауды талап етті.

Мұндай шешімнің қабылдануына бала құқығын қорғау саласындағы жүйелі кемшіліктер себеп болып отыр. Атап айтқанда, тәрбиесі қиын балалармен жұмыстың орындалмауы, кешкі және арнайы мектептердің, психологтердің, қорғаншылық органдары жүйесінің тиімсіздігі, министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың профилактика саласындағы жеткіліксіз іс-әрекеті, т.б.

Жасөспірім қылмысы кейінгі үш жылда тұрақты түрде көбейген. Мәселен, 2022 жылы 1 735 қылмыс тіркеліп, өсім 13,5 пайызды, былтыр 1 925 қылмыс орын алып, өсім 11 пайызды құрады. Осы жыл­дың 9 айы ішінде жасөспірімдер 1 267 қылмыс жасаған. Бұл заң бұзушы­лық­тардың нәтижелері бойынша минис­трліктің атына бала құқықтарын қорғау саласындағы тәсілдерді қайта қарау және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған шараларды күшейту бойынша нақты ұсыныс берілді.

Қазір елімізде тәрбиесі сын көтермей­тін балалар қабылданатын арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режімде ұстайтын білім беру ұйымдары бар. Олар Алматы, Абай, ШҚО, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында орналасқан. Өкініштісі, бұлардың қызметі көңіл көншітпейді. Қазір аталған мекемелерде 11-18 жас аралығындағы 300 бала тәрбиеленіп жатыр. Оқушылардың мекемеден жиі қашып кетуі, суицид әрекеттері, сондай-ақ қайталанатын қылмыстар, соның ішінде мекеме ішінде қайталанатын құқық бұзушылықтар жиі тіркеліп жүр. Мысалы, ШҚО-ның Серебрянск қаласындағы арнайы мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы бірнеше ай бойы басқа оқушыларға психологиялық қысым көрсетіп, оларды мекемеден қашуға итермелеген, сондай-ақ жазалау қаупімен үш тәрбиеленушінің денесіне өз Instagram парақшасының мекенжайын жазып татуировка жасаған.

Арбаушының үш амалы

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025

Бұл мекемелер тәрбиесі қиын жасөс­пірімдерді түзеу жұмыстарының сын көтермейтініне қарамастан, жыл сайын жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы алып келеді.

Осы сынды проблемалар кешкі мектеп­тер жүйесінде де бар. Бұлар өзінің негізгі мін­деті – жұмыс істейтін жас­тарды оқы­ту­дан алшақтап, девиантты мінез-құлық­тағы балаларға арналған мекемелерге ай­нал­ған. Елімізде 63 кешкі мектеп бар, олар­дың контингентінің жартысынан көбі – кәме­летке толмағандар. Прокурорлық талдау көр­сеткендей, өңірлерде үлгерімі нашар және заң бұзғыш оқушыларды кешкі мектеп­терге мәжбүрлеп ауыстыру тәжірибесі әлі күнге дейін қолданылады. Кешкі мектеп­тер материалдық-техникалық тұрғыда нашар жабдықталған, педагогикалық құра­мы толық емес, алдын алу жұмыстар жүргізілмейді.

Елімізде осындай мекемелерден асырап алынған балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары да азаймай тұр. Жыл басынан бері ұрып-соғу және азаптау фактілері Шымкент қаласында, Ұлытау және Ақмола облыстарында тіркелді. Мәселен, Ақмола облысында патронат тәрбиешінің 5 баланы ұрып-соғу фактісі анықталған. Тергеп-тексеру барысында оның үш жыл бұрын бір баланы өлтіргені де белгілі болып отыр. Ал Ұлытау облысында балаларды фермада жұмыс істеуге мәжбүрлеген әйел 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқу-ағарту министрлігі прокуратура­ның педагог психологтер қызметін кү­шей­­ту қажеттілігіне қатысты ұсыныста­рын да қолдады. Атап айтқанда, 1 ма­манға жүк­теме 500 оқушыдан келуге тиіс норматив заңна­малық тұрғыдан қайта қаралып жатыр.

Жыл соңына дейін девиантты мінез-құлқы бар балаларды «жағымды ортаға» бейімдеу бойынша жобаны іске асыру (беделді тәлімгерлерді бекіту, кадет сыныптарына және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалыс клубтарына, Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» т.б. орналастыру), ішкі істер орган­да­рының есебінде тұрған кәмелетке тол­мағандарды қосымша біліммен және т.б. қамту мақсатында оларға тексе­ру жүр­гізу жоспарланып отыр. Осы­ған дейін жүргізілген тексерулер нәти­жесінде заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде Оқу-ағарту министрлігінің бөлім басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Бала құқығыжасөспірімқылмыс
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешітте ұрлық жасап ұсталды
Жаңалықтар

Мешітте ұрлық жасап ұсталды

28.01.2025
Жамбыл: Зират қоршауын ұрлаушылар ұсталды
Жаңалықтар

Жамбыл: Зират қоршауын ұрлаушылар ұсталды

05.11.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
799-шы баспана кілті табыс етілді

799-шы баспана кілті табыс етілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80959 бөлісті
    Бөлісу 32384 Твитерге 20240
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    20 бөлісті
    Бөлісу 8 Твитерге 5

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00