Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұхаммед ӘБДЕЛСАЛАМ: Діндердің ортақ мақсаты – бейбітшілікке үндеу

18.10.2024
- Сұхбат, Таңдаулы
0
41
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Осыдан 10 жыл бұрын дін көшбасшыларының ықпалын пайдалана отырып, бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту үшін тиімді шаралар мен шешімдер қабылдап, іске асыру мақсатында Мұсылман ақсақалар кеңесі құрылды. Кейінгі жылдары әлемнің бірқатар елінде, сондай-ақ былтыр біздің елде ұйымның филиалдары ашылып, жұмыс істеп жатыр. Рухани келісім күні қарсаңында біз кеңестің бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламды әңгімеге тартқан едік.

– Елордамызда өткен екі бірдей халықаралық іс-шараға қатыстыңыз. Әдемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының ХІІ отырысы мен Жас діни лидерлер форумынан қандай ой түйдіңіз?

– Әлем халықтарына ортақ мәселелерді шешуге арналған осындай маңызы зор форумдарға қатысу – мен үшін үлкен абырой. Бұл жиындар ғаламдық проблемаларды шешудегі және әділдік, диалог, сондай-ақ бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарын нығайтудағы діндердің ролі аса маңызды екенін тағы да көрсетіп берді. Сонымен бірге біз аталған съездің 2033 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын пысықтап, оның бейбітшілік пен диалоггқа бастайтын игі миссиясын жалғастырудың қадамдарын жасадық.

Ал жастар – біздің елдеріміздің негізі, болашағы әрі жүрегі. Мұслыман ақсақалдар кеңесі түрлі бағдарламалар мен бастамалар арқылы олардың өз құқықтары мен мүмкіндіктерін қолдау мен кеңейтуге жіті назар аударып келеді. Сол бастамалардың бірі – Жаңа бітімгершілер форумы. Алғашқы жиыннан бастап-ақ ол жастардың өзара қарым-қатынас орнатуы үшін ғаламдық платформа жасап берді. Бұл платформа бүкіл әлемде бейбітшілік мәдениетін насихаттау мен нығайту үшін өз таланттары мен жасампаз идеяларын пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің кеңес тарапынан қолға алынған басқа да көптеген жұмыстарымыз бар.

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025

Астанада өткен Жас діни лидерлердің алғашқы форумы да түрлі конфессиялар арасындағы диалогты тереңдетуге және олардың игі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған маңызды қадам. Біз оны Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі кейінгі толқынмен сабақтастығын қамтамасыз ететін әрі жаңа жас діни лидерлердің жетекшілігімен съезге жаңашыл қарқын беретін алаң деп білеміз. Жастар өздерінің заманауи көзқарастары мен күш-жігерлері арқасында діни дсикурсты өзгертіп, біздің бәрімізді жалғаап тұратын адамзаттық құндылықтарды дамуына үлес қоспақ.

– Діндер съезі мен Мұсылман ақсақалдар кеңесі арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Астанадағы филиалдың жұмысы жайында не айтар едіңіз?

– 2003 жылы Астана қаласында алғашқы жиыны өткен кезден бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Қазақстанға тән діни көптүрлілікті паш етіп, жаңашыл қадамдарын бастады. Ықылым заманнан қазақ жерінде түрлі дін мен сенім өкілдері өмір кешкен. Оны Қазақстанның бүгінгі келбетінен де анық көруге болады. Мешіттер мен шіркеулер, басқа да ғибадатханалар шынайы бейбіт тіршілік етудің үлгісін көрсетіп тұр. Осы жиырма жылдың ішінде Қазақстанда әлемді кжәне дәстүрлі діндер көшбасшыларының жеті съезі өтті. Мұсылман ақсақалдар кеңесінің үні де осы жылдары көріне бастады. Ал 2022 жылғы жетінші съезге әл-Әзһардың ұлы имамы және біздің кеңестің төрағасы Ахмет ат-Тайебтің қатысуы екіжақты қарым-қатынастың шыңы болды.Мұсылман ақсақалдар кеңесі өз қызмет аясын белсенді түрде кеңейтіп, әлем бойынша филиалдарын ашып жатыр. Бұл бөлімшелеріміз өзара диалогты, толеранттылықты және адами бауырластықты дамытуға ықпал ететін бастамаларымызға қолғабыс ету үшін үкіметтік, діни, азаматтық қоғам ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. Соның ішінде Индонезия, Малайзия, Пәкістан және Қазақстандағы филиалдарымызды ерекше атауға болады. Астанадағы бөлімшеміз біздің кеңестің өзара қатар өмір сүру мен диалог құндылықтарын нығайту жөніндегі миссиясын ілгерілетумен айналысады. Бұл мақсатқа Орталық Азия мұсылмандарын жақындастыратын көпір орнатуға бағытталған ілкімді бастамалар мен жобалар арқасында қол жеткізіледі.

– Кешегі отырыста съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаушылық білдіріп, дін көшбасшылары атынан жанжалдасқан тараптарды бейбіт өмірге шақырды. Мұсылман ақсақалдар кеңесі тарапынан аталған аймақтағы кикілжіңдерді шешу үшін қандай шара жасалып жатыр?

– Діндердің ортақ мақсаты – адамзат баласының бейбіт өмір сүруіне деген үмітін өшірмеу және жалпыға тән игіліктерді пайдаға асыру. Әсіресе, ислам діні Құдаймен, әлеммен арадағы, сондай-ақ адамдар арасындағы әмбебап қарым-қатынастары арқылы жарқын болашаққа деген үміт отын оятады. Мен жоғарыда кеңестің ұйытқы болуымен көптеген бастамалар мен жобалар қолға алынғанын, соның бірі – Жаңа бітімгерлер форумы екенін айттым. Сонымен бірге, Шығыс-Батыс диалогы, Халықаралық бейбітшілік сақшысы секілді өзге де жаңашыл жобаларымыз бар. Бұл іс-әрекеттеріміздің бәрі қазіргі заманғы адамзат баласының басына төнген проблемаларды шешу үшін діннің рухани күшін пайдалану арқылы жасалады, сондай-ақ 2019 жылы Әбу-Дабиде әл-Әзһардың Жоғарғы имамы мен Папа Франциск қол қойған Адами бауырластық туралы құжат қағидаларына сәйкес жүзеге асады. Әзірге әлемнің 14 елін қамтыған бұл бастамаларымыз арқылы кеңес кикілжіңдерді азайтып, өзара диалогты, толеранттылықты және ынтымақтастықты дамыту мақсатында жұміс істеп келеді. Мәселен, Орталық Африка мен Мьянмадағы жанжалдасқан тараптарды татуластыруға бағытталған бастамаларымызды атап айтуға болады. Кеңес діндердің өзара қақтығыстар мен соғыстарға емес, толеранттылық пен достыққа шақыратын күш екенін насихаттап келеді.

– Естуімізше, «Біз қатар өмір сүру үшін жариялаймыз» атты тағы бір бастамаларыңыз бар. Оның мақсаты – түрлі тілдерде жазылған кітаптарды тарату. Сонымен қатар, «20 қағида хартиясы: БАҚ саласындағы адами бауырластықтың әдеп кодексі» атты бастамаларыңыздың да орны бөлек. Осылар жайында не айтар едіңіз?

– Мұсылман ақсақалдар кеңесі зияткерлік және мәдени тақырыптағы өз туындылары арқылы халықаралық кітап көрмелеріне қатысудың маңызын жақсы сезінеді. Сондықтан біз Al Hokama Publishing атты баспахана аштық. Ол жерде ағартушы, салиқалы ойларды тарататын және адасушылықтарды түзейтін кітаптарымыз жарық көреді. Біз халықаралық кітап көрмелерін түрлі мәдениеттер мен сенімдерді ұстанатын адамдар арасындағы зияткерлік және мәдени қарым-қатынас көпірі ретінде қарастырамыз, сондай-ақ түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін гуманитарлық қағидаттар мен құндылықтар туралы құлағдар ететін тиімді құрал ретінде пайнадаланамыз. Қазіргі таңда баспаханамыздың жеті тілде жарық көрген 220 кітаптан тұратын портфолиосы бар.   Мұсылман ақсақалдар кеңесі жалпыадамзаттық құндылықтарды таныту мен таратуда бұқаралық ақпарат құралдарының шешуші ролін жақсы түсінеді. Сондықтан өзіңіз айтқан «20 қағида хартиясы: БАҚ саласындағы адами бауырластықтың әдеп кодексі» жобасын қолға алып, оған араб әлемінің 200-ден аста мжурналисі қол қойды. Бұл құжат қатар өмір сүру, толеранттылық және адам бауырластықты дамытудағы БАҚ-тың жауапкершілігін арттырып, фанатизм, жеккөрушілік, экстремизм мен терроризм секілді зиянды құбылыстарды ашық түрде айыптайды. Хартия аталған ізгі адамзаттық құндылықтарды одан әрі таратуда бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіби нұсқаулық ретінде қызмет етеді, сондай-ақ кеңестің бейбітшілікті қалыпан келтіру мен БАҚ жұмысындағы әдеп тәжірибесіне айрықша назар аударатынын кқрсетеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: дінаралық татулықМұхаммед Әбделсалам
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?
Сұрақ-жауап

Астанада өтіп жатқан діндер съезінің мақсаты не?

18.09.2025
На Съезде лидеров мировых и традиционных религий обсудят вопросы социального статуса женщин
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Бірлік пен түсіністікке жол ашады

13.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Келешектің ұстыны – конфессияаралық келісім

Келешектің ұстыны – конфессияаралық келісім

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны
Видео

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025
Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

22.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою