Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Толеранттылық – сыйластық мәдениеті

27.05.2024
- Мемлекет және дін
0
214
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазір қоғамда жиі айтылатын сөздің бірі – толеранттылық. Естіген боларсыз? Мағынасын да жақсы білесіз деген ойдамыз. Өйткені, насихаты күшті. Солай болуы да керек. Неге десеңіз, бейбіт өмірді, қамсыз тұрмысты сақтап тұру үшін қоғам толерантты болуы тиіс. Әсіресе, түрлі тарихи себептерге байланысты қаншама ұлт пен ұлыстың баласына Отан болған Қазақстан үшін бұл ұғымның маңызы өте зор.

Әлқиса, қазақ үшін толеранттылық – жаңа сөз болғанымен, жаңа ұғым емес. Ұлы Даланың заңына бағынып, мыңдаған жылдар бойы дәстүр-салтын берік ұстанған халқымыз кез келген пендеге шынайы пейілмен, бауырмалдықпен қараған. Әсіресе, қонақ күту салтын алып қараңызшы. Дала заңы бойынша, құдайы қонаққа ас ұсынып, қонақжайлық таныту үй иесінің парызы саналады. Бұл ретте қонақтың қауіпсіздігі, алып келе жатқан мал-мүлкінің сұғанақ қолдарға жем болмауын қамту да қожайынның міндетіне кіретін. Бұлжымас заң бәріне ортақ саналды. Қонақтың ұлты, нәсілі, діні мен тегі рөл ойнамайды. Кейбір әдебиеттерге көзсалсаңыз, қастасып, дұшпан болған адамның өзі құдайы қонақ есебінде ауылына келсе, үй иесіз оны риясыз пейілмен күтіп алып, аттандырып отырған жайттарға куә боларсыз.

Иә, дархан қазақтың табиғатындағы осы бір жақсы қасиет күні бүгінге дейін сақталды. Кешегі кеңестік биліктің озбыр саясаты жүздеген ұлт пен ұлысты туған жерін қуып, сақылдаған сары аязда қазақ даласына вагон-вагонымен әкеп төккен болатын. Сонда өздері кеше ғана ұлы аштықты бастан кешіріп, шықпа-жаным шықпалап отырған қазақ ауылдары жер ауып келгендерге тосырқай қараған жоқ. Қайта жарты нан бөліп беріп, тар үйінің бір қуысынан орын ұсынды. Сөйтіп аман сақтап қалды. Әлгі «Құрт – асыл тас» дейтін аңызға бергісіз әңгімені естіген боларсыз? АЛЖИР тұтқындар лагерінде болған Гертруда Платайс есімді әйелдің оқиғасы ғой.

«Боранды қыс болатын… Тұтқын әйелдер Жалаңаш көлінің жағасында қамыс жинайтынбыз. Әр әйелге бекітілген жұмыс жоспары болады және оны орындау үшін тәулігіне 17 –20 сағат талмастан , тынбай еңбек ету керек . Бірде көл маңындағы Жанашу деген ауылдың қазақтары балаларын ерте келіп , оларға бізге тас лақтыртып қойды . Күзетте тұрған сарбаздар : » Көрдіңдер ме , сендерді Мәскеу түгелі мына қазақтар жақтырмайды» – деп кекете тарқылдай күлді. Мұндай «таспен ұрулар» бірнеше күн тоқтамады. Әйелдер тағдырдың оларды қатал тәлкекке салғаны үшін қынжылай жылап , көздерінен жастарын тыя алмады. Бір күні мен шаршағаннан сол тастарға тайып құладым. Бір мезетте мұрныма ірімшік иісі келгендей күй кештім… Біз қорғанып жүрген тастардан сүттің иісі аңқып , олар өте дәмді болып шықты. Шамам келгенше тастарды жинап қазақ әйелдері отырған баракқа алып барғанымда , олар мұны ірімшіктен күнге қақталып жасалған «құрт» деді. Сонда біз бұл әрекеттердің аз да болса әйелдерге көмектескісі келген қазақтардың тапқан айлаларының бірі екенін түсіндік. Қазақтар ашаршылықты бастарынан өткерсе де , қамыстардың арасына піскен ет , құрт , таба нандарды біз үшін жасырып кететін», дейді Гертруда Платайс өз естелігінде.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Хош, бұл өткен күндердің елесі ғой. Қазір әлем күн санап емес, сағат санап өзгеріп жатыр десек, артық айтқанымыз емес. Әсіресе, геосаяси ахуал ушығып тұр. Иә, біз барынша бейтарап позицияны ұстанып, араздасушыларды ақылға шақырып-ақ келеміз. Десек те, етек-жеңімізді жинап, тастүйін дайын отырмасқа тағы болмайды. Өйткені, жеріміз орналасқан аумақтың стратегиялық маңызы өте зор. Одан қалса, Қазақстандағы бейбітшілікті жойып, дүдараздықты қоздырғысы келетіндердің де бары байқалып қалады. Ең қауіпті майдан да сол. Ашық ұрысқа шықса, алысып жүріп жеңесің ғой. Ал, астыртын арандатып, ішкі араздыққа май құюшылар қоғамның тыныштығын бұзуды, сол арқылы мемлекет іргетасын әлсіретуді көздейді. Бұл ретте қоғамды іштен іріту үшін адамдарды дінге, діни топтарға, ұлт пен нәсілге, бай мен кедейге бөлуді, олардың арасына от салуды мақсат тұтады. Өкінішке қарай, әлемде болып жатқан жағдайларға қарасаңыз, жымысқы топтың адамдары көп жағдайда діттеген мақсаттарына жететінін де аңғарып қаласыз.

Мәселен, деструктивті діни ағымдар деген сөзді естіген боларсыз. Деструктив сөзінің өзі құрылымды бұзу деген ұғымды білдіреді. Яғни, діни ағымдар, топтар арқылы қалыптасқан қоғамдық құрылымды бұзу. Әлгі шектен тыс діндар болып, ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қарсы шауып, мәдениетті жоққа шығарып жүретіндер бар ғой. Міне, солардың деструктивті топтар дейміз. Олар жақтастарының миын жалған ақпаратпен әбден улап, қоғамға қарсы қояды. Өздерінің санатында жоқтың бәрін жау санайды. Сөйтіп, діни алауыздық пен ұлтаралық жанжал туғызуы мүмкін. Ал, ол мемлекет қауіпсіздігі мен бейбітшілікке үлкен қауіп төндірері сөзсіз.

Хош, бұл алапатқа қарсы тұруға бола ма? Әрине болады. Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» өлеңін еске түсіріңізші. Шын мәнісінде, жер әлемдегі 8 миллиард адамның бәрінің табиғаты бірдей емес пе? Онда біреуді өзгеден артық көру, қай сасқандық? Жоқ. Адамның бәрі тең, бәрі құрметке лайық. Иә, әлеуметтік ахуалы бөлек, сенімі басқа болуы мүмкін. Туған жеріне қарай ұлты мен нәсілінде де айырмашылық бар шығар. Бірақ, олар да адам баласы ғой. Олар да құрметке лайық. Егер адамзат бір-бірін құрмет тұтып, сыйластық таныта білсе, демек араздық та азайар еді. Толеранттылық дегеніміздің өзі осы – сыйластық мәдениетін сақтау ғой.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

Ақпараттық-тұсіндіру тобының мұшесі

Теміртау қаласы

Таңбалар: дінаралық келісімТолеранттылық
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025
Толеранттылық туы биікте желбіресін
Видео

Толеранттылық туы биікте желбіресін

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00