Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шәкірттік хәл

26.05.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
62
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сүйікті Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) «Талбесіктен жер-бесікке дейін білім іздеңіздер!» деген өсиетін білмейтін мұсылман кемде-кем. Қасиетті Құранның Алла Елшісіне түсірілген алғашқы аяты – адам баласына бұйырылған негізгі үкім: «Оқы! Сені ұйыған қаннан жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деген аят екені де белгілі («Ғалақ» сүресі, 1-2-аят).

Бұдан шығатын түйін: мұсылман адам – білім жолындағы адам; «Әлем» немесе «Өмір» атты Кітапты оқи алуға қабілетті, сол арқылы Жартақан Иесін танып-сүюге қабілетті жаратылыс! Осылайша адам баласы оқу арқылы, білім-ілім меңгеру арқылы өз борышын атқара алады, жаратылу мақсатын орындай алады…

Алла Тағаланың Өзі қандай Құдіретті, қандай Дана болса, Ол жаратқан Әлем де, таным мен білім де – сондай шексіз, сондай түпсіз! Замандар өте келе, ғылым-білім дами келе, қаншама жаңа заңдылықтар мен құбылыстар, жаңа заттар мен жаңа технологиялар ашылуда. «Мына ғылымның немесе өнердің шегі осы, осымен тоқтадық» деп ешкім айта алмайды. Құдірет деген, Шеберлік деген, Даналық деген осы!

Енді осыншама білім-ғылымды игеру үшін, сол арқылы Тәңірі Тағаланың рыздық-нығметін пайдалана алу үшін бізге не керек? Білімге деген тойымсыздық, Ғылымға деген сүйіспеншілік, жалықпайтын ізденгіштік қажет! Ол үшін адам бойында «шәкірттік хәл» деген сипат болуы тиіс! Әңгіме басында айтылған хадис пен аяттың көздегені, ардақты Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) өсиетінің бір қыры-талабы – мұсылман баласының бойында осы шәкірттік хәлдің болуы!

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

«Мен бәрін түсіндім, болдым-толдым» деген адамның тоқырауға ұшырайтыны анық. Өзін «білгір», «ғалым» санап, енді оқитын, үйренетін ештеңе қалмағандай күйге түсіп, сөйтіп нәпсінің шырмауы мен әзәзілдің азғыруына ұшырап қалмау үшін әркез осы шәкірттік хәлден ажырамау қажет. «Қытайдан болса да, барып білім ал» деген хадистің астарына үңілсек: біз үшін діни біліммен қатар дүниелік білімді де меңгерудің қажеттігі анық көрінеді. Бұл ойды «Даналық – мұсылманның жоғалтқан нәрсесі, қайдан тапса да, алсын» деген Пайғамбар өсиеті одан ары толықтыра түседі. Расында, үздіксіз ізденуді меңзейтін шәкірттік хәлге мықтап жармасу – кез келген тоқыраудың алдын алады…

Мұсылман кісі, әсіресе дін ғылымын меңгеру барысында осы хәлден айнымауы керек. Әр аят пен хадисті, әр хабарды алғаш естігендей тұщынып тыңдауы тиіс. Егер екінші рет естіп отырған болса: білетініне шүкір етіп, сосын «бұған амал еттім бе?» деп өзін тексеруі тиіс; егер іске асырған болса, онда тағы бір мәрте шүкірлігін айтып, «бұл білімді басқа бауырларыма жеткіздім бе?» деп өзінен сұрауы керек; егер жеткізген болса, онда «бұл дүниені не үшін қайталап естіп отырмын? Бұның нендей хикметі бар?» толғануы қажет. Бұл да – шәкірттік хәл.

Иә, «Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз» демекші, «мұсылман» дегенде: қолынан кітабы мен қаламы түспейтін, іздену мен кемелдену жолындағы адам елестеуі керек! Шәкірттік хәлін жоғалтпаған кішіпейіл, жасампаз адам елестеуі керек! Бір идеалымыз осы…

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Алғадай ӘбілғазыұлыБілімғылымоқушәкірт
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ілім – мызғымас іргетас
Видео

Ілім – мызғымас іргетас

02.09.2025
Білім – ізгілік қайнары
Видео

Білім – ізгілік қайнары

01.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
11 қариға ижаза берілді

11 қариға ижаза берілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00