Жұма, 16 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балаға жақсы есім қоюдың маңыздылығы

06.12.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
144
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла тарапынан бізге міндеттелген маңызды істердің бірі – соңымыздан салиқалы ұрпақ қалдыру болып табылады. Сол себепті мұсылмандар сәбидің дүниеге келуінің алғашқы кезінен-ақ балаларының бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге тырысады. Бала тәрбиесінің «бастапқы нүктесі» – азан шақырып, есім қою рәсімі екенін білеміз.

Жаңа туған нәрестені әдемі, үйлесімді және мағыналы есіммен атау – болашақ тұлғаның бойында белгілі бір қасиеттердің болуын қамтамасыз етеді деген ырым бар.

Қазақ халқы ежелден, тіпті исламға дейінгі дәуірде де ат қоюға мұқият болған. Исламның қабылдануы есім беру рәсіміне өзіндік түзетулер енгізді. Қазіргі заманда қазақ отбасыларында ат қою рәсімі ислам дінінің негіздері мен жергілікті мәдени ерекшеліктерді қамтиды.

Қасиетті Құранда есім қоюға қатысты келесідей аят бар:

Ерім дейтін ел қайда?

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025

(Сонда Алла Тағала періштелері арқылы): «Уа, Зәкәрия! Сені есімі Яхия болатын ұлмен сүйіншілейміз (қуантамыз). Біз бұған дейін ешкімді оған аттас қылған емеспіз (яғни, оның атын ешкімге қойған емеспіз)», – деп уахи етті» («Мәриям» сүресі, 7 аят).

Бұдан бөлек, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі) өзінің бір хадисінде:

«Қияметте өздеріңнің және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Сондықтан балаларыңа жақсы ат қойыңдар», – деп мұсылмандарды жақсы ат қоюға үндеген.

Балаларымызға қандай есім беру керек? Дініміздің тұрғысынан ең әдемі есімдер қандай?

Біріншісі: «Абд» (құл) және Алла Тағаланың есімдерінің қосындысынан туындаған Абдулла («Алланың құлы»), Абдуррахман («Рахманның құлы»), Абдуллатиф (Ғайыпты білушінің құлы) және т.б. есімдер.

Екіншісі: Алланың пайғамбарлары мен елшілерінің есімдері. Аталмыш санаттағы есімдердің кейбірі: Адам, Ыдырыс, Нұх, Салих, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Юсуф, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Юнус, Ілияс, Зәкәрия, Иса, Мұхаммед.

Бұл аттардың ішінде, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімінің орны ерекше. Ата-бабаларымыз балаларын «Мұхаммед» деп атамай «Махамбет, Мәмбет, Мұқан, Мұқаш» және т.б. деп атауына келсек оның да өзіндік себебі жоқ емес.

Мәселен, Әзірет Омардың (р.а.) кезінде мынадай бір оқиға орын алған екен. Бір күні Мұхаммед ибн Зәйдке әлдекімнің «Әй, Мұхаммед! Осы істі басыңа салған – Алла» дегенін естіген Омар Зәйдті шақырып алып: «Сен үшін адамдар Алла елшісін сөгуде. Аллаға ант етейін, бұдан былай Мұхаммед деп аталмайсың», – деп, атын Абдуррахман деп өзгерткен екен.

Үшіншісі: ізгі адамдардың есімдері. Яғни, сахабалардың, ғұламалардың, салихалы әйелдер мен ерлердің есімдерін қою керек. Бұның бәрі бала соларды жақсы көріп, құрметтеп өссін, мінез-құлқы, ізгілігі мен білімге талпынуында олардан үлгі алсын деген ниеттен туындайды.

Төртіншісі: бұл санаттарға жатпайтын есімдер. Біздің мәдениетіміз үшін дәстүрге айналған және әдемі мағына беретін ізгілікті, батылдықты, тектілікті және тақуалықты білдіретін, айтылуы жеңіл, естілуі әдемі, ең бастысы иесіне жарасатын есімдер.

Балаларымызды теріс мағыналы, Исламға қайшы ұғымдармен атауға тыйым салынатынын да есімізден шығармағанымыз абзал.

Қорыта келе, халқымыз тарихтағы атақты тұлғалардың және қасиетті Құраннан есімдері қойылған балалар өскенде есіміне дақ түсірмей аты затына сай ұлағатты азамат болып өсіп, қалыптасады деген ойда болған.

Алла баршамызға ізгі, салихалы, қайырлы, саналы ұрпақ нәсіп етіп, олардың біз үшін жасаған амалдарын қабыл етсін! Әмин!

Алматы облысы, облыстық Қапшағай мешітінің
найб имамы Сакен Еншібайұлы

Таңбалар: азан шақыруЕсім қою
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Нью-Йоркте азанға рұқсат берілді
Жаңалықтар

Нью-Йоркте азанға рұқсат берілді

31.08.2023
Есімнің естісін қою – міндет
Қоғам

Есімнің естісін қою – міндет

30.01.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имандылық жүректе

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75568 бөлісті
    Бөлісу 30227 Твитерге 18892
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2475 бөлісті
    Бөлісу 990 Твитерге 619
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4810 бөлісті
    Бөлісу 1924 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2712 бөлісті
    Бөлісу 1085 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Ерім дейтін ел қайда?
Қоғам

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00