Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кәмелет жасқа толмаған балалар жол апатына жиі ұшырайтын болған

19.10.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
167
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде болатын жол-көлік оқиғалары негізінен жазғы және қысқы уақыттарда жиілейді. Себебі қыста ауа-райының қолайсыздығынан туындаса, жазда демалыс кезеңінің басталуына байланысты жолдарда көлік құралдары көбейеді.

«Жалпы статистикаға келетін болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғаларының саны 2 есеге көбейді. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шеккен жол апаттары 5 есеге артып отыр. Талдаулар барысында анықталған барлық кемшіліктер, құқық бұзушылықтар бойынша прокуратураның қадағалау актісі енгізілетін болады», – деді Маңғыстау облысы прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы Мерген Меңдіғалиев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, осы жылдың бастапқы 8 айында 9 429 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 18,5% төмендеген.

Ал Құқықтық статистика жөніндегі комитеті жарақаттанғандардың саны – 8117, көз жұмғандар –  947 адам болған деп көрсетеді. Яғни қаза болғандардың ішінде –  689 ер адам, 258 әйел және 89 кәмелетке толмаған балалар.

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025

Ішкі істер министрлігі  жол-көлік апаттарының негізгі себептері жүргізушілердің белгіленген жүру жылдамдығын арттыру және маневр жасау кезінде ережелерді сақтамауынан туындайды дейді.

Сондай-ақ жол қиылысынан өткенде ережелердің сақталмауы, жол белгілерінің талаптары мен жаяу жүргіншілердің жүру қағидаларын жиі бұзулары жол апаттарының көбеюіне алып келіп отыр.

Сәйкесінше Құқықтық статистика комитетінің берген мәліметі осы факторларды айғақтайды. Расымен, ЖКО–да қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды − 344 адам қаза тауып, 2 897 адам жарақат алды.

Жол-көлік апатына қатысты деректер

Құқықтық статистиканың берген мәліметі бойынша, жол көлік апаттарының ең көбі, яғни 75% елді мекендерде болады екен.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері барлығы 10 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтаған. Соның аясында 119 мың жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралын мас күйде басқарған 13 мың жүргізуші ұсталған. Сот үкімімен 15 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылған болса, 12,5 мың ереже бұзушы әкімшілік қамауға алынған.

Аймақтар бойынша айтатын болсақ, ең жиі болатын жол-көлік апаттары Алматы қаласында – 2,7 мың. Яғни апат саны көп болған өңірлер үштігіне тағы Алматы обысы (1,4 мың жол апаты) және Жамбыл облысы (1029 жол апаты)  кірді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде автокөлік жүргізгендерді қатаң жазалау керектігін тапсырған болатын. Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент: «Елімізде, оның ішінде Алматыда жол-көлік оқиғаларының көп тіркелетіні алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан кем емес. Жол қозғалысы мәдениеті айтарлықтай төмендеп кетті – деді.

Айта кетерлігі, былтырдан бастап қаннан алкоголь табылса, онда ол бірден ауыр қылмыс санатына жатқызылатыны заң бойынша бекітілген. Яғни    татуласуға мүмкіндік берілмейді, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан және жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады.

Балжан Әбдіраш

 

 

 

 

 

Таңбалар: Qazaqstan
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Kazakhstan емес, Qazaqstan деп жазылса…
Қоғам

Kazakhstan емес, Qazaqstan деп жазылса…

22.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
Сұхбат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

03.01.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Берілген нығмет бағыңыз ба, сорыңыз ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73876 бөлісті
    Бөлісу 29550 Твитерге 18469
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2456 бөлісті
    Бөлісу 982 Твитерге 614

Соңғы жарияланымдар

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?
Инфографика

Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою