Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аманжол Әлтай: Қазақ намаз оқитын-оқымайтын деп бөлініп кетті

05.10.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
150
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жат ағымдарға заңмен тыйым салатын кез келгенін айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткенде ғана AMANAT партиясы қасиетті домбырамыз бен қастерлі ұлттық құндылықтарымызды діни фанатизмнің жолына бермейтінімізді айттық. Біз Парламенттегі ең ірі фракция ретінде де, ұлтты бөлетін, арамызға жік салатын қозғалыстарды да жөнге келтіре алатынымыз анық. Елді ушықтыруға жол бермейміз, – деді ол.

Депутаттың ойынша, дүрбелеңі көп, бүгінгі аласапыран қоғамда ұлттық асыл мұраларымыз – салт-дәстүрлерімізге деген шабуыл көбейіп барады.

Әсіресе, жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелейтін жат ағымдардың қатары күн санап артып келеді. Бұл тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызға төнген қауіп. Қасиетті домбырамыздан бастап, шашу, тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүріміздің барлығын «харам» деп бас тартуға уағыздау – ұлттың тамырына балта шабудың қауіпті көрінісі. Тіпті, ұлыстың ұлы күні саналатын «Наурыз» мейрамын да қаралаушылар көбейіп барады, – дейді Әлтай.

Ол көшедегі қазіргі жағдай көңіліне тиіп жатқанын айтты.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Күнделікті көшеде, қоғамдық орындарда қара жамылып, паранджамен бетін тұмшалап алған қаршадай қыздарымызды, сақалының ұшына қайшы тигізбей жалбыратып, балағын кесіп шолтитып, екі көзі қанталап келе жатқан ұлдарымызды көргенде қабырғаң қайысып, көңілің құлазиды. Соқыр сенімнің, білімсіздіктің, діни фанатизмнің, радикалды ағымның кесірінен Сирияға кетіп, қыршынынан қиылған, құнсыз нысанаға айналып, оққа ұшқан ұлдардың тағдыры, содырлардың қолжаулығына айналып, апта сайын талақ болып абыройынан айырылған қазақ қыздарының тағдыры бүгінгі қоғамға сабақ болуы тиіс еді. Бірақ біз сабақ алмадық. Қазір қазақты намаз оқитын қазақ, оқымайтын қазақ, мешітке баратын қазақ, бармайтын қазақ, хиджаб киетін қазақ, кимейтін қазақ деп бөліп жардық, – деп айтты депутат.

Оның сөзінше, бұған себеп мемлекет діннен бөлекпіз деп, жат-ағымдардың тайраңдауына жол берілді. Өкінішке қарай, етек-жеңімізді жинап, есімізді жия алмай келеміз.

Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз келді. Еліміздің өнер, спорт, ғылым, білім саласындағы есімі елге мәлім тұлғаларымыз, шығармашылық өкілдеріміз дін мәселесіне өте сергек, асқан жауапкершілікпен қарамасақ, бізге қарап, бой түзеп келе жатқан мыңдаған жастарымызды адастырамыз. Бүгіннің өзінде спорт түрлерінде тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері бар екенін білеміз. Дінді жамылып алып, спортшылардың өміріне өз салттарын кіргізіп әлек. Дәстүрге суарылмаған, білімге бағытталмаған дін – ақымақтың қолына ұстатқан қару секілді, – деп атап өтті депутат Аманжол Әлтай.

Депутат халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салу қажеттігі маңызды екенін жеткізді.

Не арқылы: baq.kz
Таңбалар: Аманжол Әлтай
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жат ағым жетегіндегілер елді адастырғысы келеді – депутат
Жаңалықтар

Жат ағым жетегіндегілер елді адастырғысы келеді – депутат

13.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Нұртөре Жүсіп: Жат ағым алаңдатып тұр

Нұртөре Жүсіп: Жат ағым алаңдатып тұр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00