Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылбастар деп кімдерді айтамыз?

15.09.2023
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
630
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қызылбас атауы алғаш рет Х ғасырдан исламды қабылдай бастаған және осы жаңа дінді бұрынғы кейбір наным-сенімдері мен дәстүрлерімен қатар ұстаған көшпелі түркімен тайпаларына берілді. Қызылбас атауының шығу тегі туралы түрлі көзқарас бар. Көне түркілердің бас киіміне байланысты «қарақалпақ», «қоңырбөрік», «қызылбөрік», «сарыбас» т.б. ру-тайпа аттары пайда болғаны белгілі. Одан өзге діни ағымдардың да өзіндік меншікті киімдеріне байланысты атаулар ортаға шыққан.

Мысалы, Бұқара сопылық мектебінің өкілдерін «Йешилбаш» (жасыл бөрік), Орталық Азияға келген қайсанилерді «Мубайдия» (ақкиімділер) деп атағаны секілді үрдістер орын алған. Сол секілді алғаш ислам дінін қабылдаған түркімен тайпалары қызыл бөрік киетін. Негізінде, қырғыздың ишкилик бөлімінде «Қызылбаш» деген ру және ауғандықтардың да кейбір тайпалары «Қызылбаш» аталған. Кейін келе әһлі-сүннеттік бағыттың басымдығына байланысты исламды қабылдаған тайпалардың ішінде шиға топтары ғана Қызылбас атауына иеленген.

Қызылбас атауының шығу тегіне қатысты түрік зерттеушілері бұл сөзді ежелгі түркілердегі бақсылардың құстардың қауырсындары бар қызыл баскиім кигенімен байланыстырады. Осы дәстүр Бекташи сопылық мектебіне әсер еткен. Олар да қызыл бөрік киген. Яғни, Қызылбас атауы түркілердің ежелгі киім кию дәстүрінен бастау алғанға ұқсайды. Тарихи деректерде Қызылбас атауы Х ғасырда ұшырасса да, бұл атау діни әлеуметтік топтарға ХV ғасыр шамасында беріле бастаған.

Сефевидтер мемлекетінің негізін қалаушы Шах Исмаилдың әкесі шейх Хайдардың (894/1488 ж. өл.) Әзербайжан мен Шығыс Анадолы түрікмен тайпаларынан тұратын жақтастары шиғалардағы он екі имамның құрметіне бастарына он екі шұғадан тұратын қызыл орамал тағатын. Осы үрдістің кең тарауына орай біртіндеп Сефефилер «Қызылбаш» деп аталды. «Таж-и хайдари» немесе жай ғана «тәж» деп аталатын бұл бас киім құмыра пішінді он екі сегментті, ақ дәкемен оралған қызыл тақия еді. Бастапқыда саяси сипат алған бұл атау алғашқы сефефилердің діни үгіт-насихатының нәтижесінде он екі имамның сенімін ұстанды. Осылайша Қызылбас атауы шиғалардың формалық атауына айналды.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Шиға өкілдері Қызылбас атауын исламның алғашқы кезеңінде болған оқиғалармен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша әзіреті Әли яһудилердің Хайбар қамалын жаулап алған кезде басына қызыл тақия киген. Келесі бір әпсана бойынша Ұхуд шайқасында әзіреті Пайғамбарды (с.ғ.с.) қорғаған Әбу Дужананың басындағы тақия қызыл қанға боялғандықтан, оған Қызылбас лақабы берілген. Тағы бір әпсана бойынша Сиффин шайқасында әзіреті Әли өз сарбаздарын Муауияның сарбаздарынан ажырату үшін қызыл тақия кигізген. Шиғалар арасына тараған тағы бір әпсана бойынша Қызылбас атауы Шейх Хайдар және басқа имамдар түсінде әзіреті Әлиді көріп, оның бұйрығымен шәкірттеріне он екі қызыл шұғамен өрнектелген бас киім кигізгені баяндалады.

Қызылбас атауын әдепкіде Шейх Хайдардың жақтастары қолданса, соңыра шиғалық ілімнің кең қанат жаюымен Сефефидтерге тиесілі ұланғайыр аймақ тұрғындары Қызылбастар деп атала бастады. Шах Исмаи бұл атауды мақтаныш көрсе, оның саяси қарсыластары Қызылбас атауына кемсітетін мағыналар таңды. Мысалы, XVI ғасырдан бастап Сефефилермен көп жауласқан османдықтар Қызылбас атауын диссиденттер мен анархистерге қатысты қолданды. Сонымен қатар, Осман мемлекетінің діни идеологиясы тұрғысынан шиға ілімі сыналып, ендігі кезекте Қызылбас атауы әһлі сүннет діни ұстанымына қарсы барлық діни иелеріне де қолданылды. Яғни, Қызылбас атауы діни адасушы мағынасын беретін.

Ал Сефефид империясында Қызылбас атауы мүлде басқаша мағынада қолданылды. Алғашқыда мемлекетті құрушы түрік және түркімендерді Қызылбас деп атаса, кейін әкімдер мен әскери ақсүйектерді де Қызылбас деп атай бастады. Мысалы, түркімен тайпалары «Таваиф-и Қызылбаш», әмірлер «Умара-йи Қызылбаш», әскерлер «Ләшкер-и Қызылбаш», билеушілер ​​«Пәдишах-и Қызылбаш» мемлекет «Дәулет-и Қызылбаш» деп аталды. Сондай-ақ, кейбір ғылыми пікірлерге қарағанда, Әзербайжан билеушілері «Сефефи» атауынан құтылу үшін өздерін Қызылбас деп атағандығы айтылады. Тағы бір ғылыми көзқарас бойынша Сефефилер өздеріне ең басты дұшпан деп османдықтарды білген. Осман патшалығына қарсы азаматтық соғысты көбінесе Қызылбастар жасады. Сефефилер Қызылбас қауымын қолдау мақсатында немесе османдықтарды мұқату тұрғысында өздерін Қызылбас деп атауды жөн санаған.

Қазіргі уақытта Түркия аймағында шиғалық элементтері бар Бекташилік пен Алауия діни ағым өкілдеріне Қызылбас атауы қолданылады. Ауғанстанда да Қызылбас деп шиғалық сенімді ұстанушыларды атайды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басына дейін өмір сүрген Қоқан, Бұқар, Хиуа хандықтарының тарихын баяндайтын еңбектерде де Қызылбас деп шиға сенімін ұстанушылар аталған. Әу баста Қызылбас атауы шиға сеніміндегі түркімендерге қатысты қолданылса, бүгінде саяси тұрғыда ираншыл көзқарасты ұстанушылар да Қызылбас деп аталады.

Қазақ халқының жыр-дастандарында Қызылбастар көшпелілердің ата-жауы ретінде сомдалады. Бірақ, қазақ эпостарында Қызылбас деп діни сенімі адасқан қауым ретінде емес, көшпелілермен саяси араз ел ретінде көрсетіледі. Мысалы, Алпамыс және Қобыланды жырларында қоңыраттар мен қыпшақтарға қысастық жасаған агрессор ел ретінде суреттеледі. Дегенмен, қазақтар өз тарихында Қызылбастармен тікелей соғыс жағдайында болмаған. Жауласса да, жанама түрде ғана жауласқан.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: діни ағымдарМухан Исаханшииттер
Бөлісу15Твитерге10Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандар біліктілігін арттырды
Жаңалықтар

Радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандар біліктілігін арттырды

06.07.2024
Ғибратты әңгімелер

«Бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрету керек»

18.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстан Иранмен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Иранмен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00