Сұрақ: Неге Құранда пайғамбардың (с.ғ.с.) есімі аз аталған?
Жауап: Құран болмысынан қасиетті әрі даналыққа толы кітап. Мұнда есімі бір мәрте аталса да сол нәрсенің ардақты һәм құрметті екенін білдіреді. Ал енді бір есімнің жиі аталмауы – Құранның баяндау әдісі мен хикметі деп білмек керек. Бұған қоса пайғамбардың есімі мен сипаты араб жазирасында кеңінен танымал еді.
Дегенмен пайғамбардың (с.ғ.с.) есімі Құранда аз аталған деген пікірдің өзі қате. Өйткені Кітапта Мұхаммед деп төрт жерде келсе, Ахмет есімі бір жерде аталады. Кейін оның негізгі міндеті елшілік миссиясы болғандықтан ол елші, нәби, пайғамбар, ескертуші және сүйінші хабарды жеткізуші деген сияқты есімдермен аталып отырады.
Құранда басқа пайғамбарлар (Мұса, Иса) деген сияқты есімдерімен аталып, пайғамбарымыз «елші», «нәби» деп дәрежесімен айтылған. Бұл да ол кісінің мәртебесін және оның елшілік міндетінің сонау қияметке дейін жалғасатынын аңғартады.
Жалғас САНДЫБАЕВ
Құранда бос ақпарат жоқ , себебі. Үнем – көптеген триллиондаған жылдардан тұратын макроэйондардағы (эйон не эон – мәңгіліктердегі периодтыңі бір түрі) өз эволюциялық дамуы барысында материяның бойына сіңірген қасиеті. Алла да үнемді ұнатқан. Бүкіл болмыс туралы Түпкі Даналық Құран шифрленген . Құран – Мәңгілік Дүниелерінің Қақпасы… Мысалы, «Хадид» сүресі – мұның атауын «Темір» деп аударып жүр. Бұл атаудың тағы бір мағынасы – «(Ғарыши) Жоғарғы Өркениеттер Технологиялары» . Сүреде аса – өркениеттердің (сверхцивилизации яғни super-civilisations) технологияларының құрылымы жайлы ілім шифрленген…
Тереңірек түсіну үшін келесі сілтеме ашып, комментарийлерді оқыңыз:
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352
https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632