Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Әртүрлілік арқылы бірлік»

15.08.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мақаламның басын Қасиетті Құранда «Хужурат» сүресінің 13 аятында: «Уа, адамдар! Шүбәсіз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың» – деген Алла тағаланың сөзімен бастағанды жөн көрдім. Расында, әлемде қазіргі таңда 8 млрдтан астам адам өмір сүріп жатыр. Ойлап қараңызшы, қаншама ұлыстар мен ұлт өкілдері бір-бірімен араласып, байланыс құрып өмір сүріп жатыр. Әрбір ұлттың өзіндік тілі, діні, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата тарихы мен шежіресі, наным-сенім, отбасы құндылықтары мен тәрбиесі және өмір сүру салты бар. Соған қарамастан олар көршілес өзге мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас жасап өмір сүруде. Олар бір-бірін өзгертуге тырыспайды, керісінше өзара ақпарат алмасып, терең зерттеп даму үстінде.

Наным-сенім және дін мәселелерінде де ешқандай да қысым көрсетпей құрметпен қарап, татулықта өмір кешуде. Әлем бетінде сан түрлі діндер мен діни ағымдардың кеңінен тарап кеткендігі көңілімізді қынжылтады. Ата-бабамыз қаймағы бұзылмаған түрде бір дінді бізге жеткізіп, салт-дәстүрмен бірге саралап, осы уақытқа дейін ізгі жолды ұстанып келе жатқандығы бәрімізге мәлім. Бірақ қазір өздерін қандай да бір ұлттың өкілі емеспін, дінді ұстанушы өкілмін деп жүргендер қаншама. Өкінішті ….

Жақында бір отырыста өзге ұлттың қызымен танысып, қызығушылық танытып «Мына ұлттың өкілісіз бе?» – деп сұрап едім, «Жоқ, мұсылманмын» – деген суық жауапты алдым. Күлейін бе? жылайын ба?…

Сонда елінен, ұлтынан безген без бүйрек адамнан біртұтас ұлт болып, мемлекет болып қалыптасамыз деген арман, мақсатымыз бекер болғаныма. Шынымен де еліміз бір шаңырақ астында 130-дан астам адам ұлт пен ұлысты, 18 түрлі конфессияаралық діннің басын қосып, жинаған қазағым тату тәтті өмір сүріп жатқан жандардың дұрыс емес діни ағымның жетегінде кетіп жатқандығы жанды ауыртады.

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

23.09.2025

Адам санасын улаған теріс идеологияның шынайы өмір мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, өзінің ағымына арбап жатқандығы тағы да бар. Сонда өз ұлтын, тілін, салт-дәстүр, мәдениетін ұмыттырып жатқан бұл қандай дін? Ата-бабамыз менің дінім «осындай, былай, мынандай» – деп жария етпеген. Себебі ол кісілердің сөзі мен ісінде діндарлығы мен адамгершілігі айдай анық көрінген. Ия, шынымен де қазір дін ұстанушылар өздерінің кім екендерін ұмытып, әбден құлдық санасымен қоғамды улауда.

Дін ол адамның рухани жаңғыру, тазару, жандану, жүрек тыныштығы мен көркем мінез, жүріс-тұрысының түзулігі емес пе. Ол Жаратушы иесі екеуінің арасындағы байланыс, сенім мен махаббат. Неге мына қоғамнан безіп, өзінің кім екендігін ұмыттыруда. Мақаламның басында айтып өткенімдей Жаратушы иеміздің өзі бізді сан түрлі ұлттарға бір бірімізді тану үшін жаратпады ма?

Яғни қазір дін атын жамылған дінсіз, қараңғы адамдардың ұлттың ұлт ретінде, мемлекет ретінде жоқ болып кетуді көздейтін теріс идеологиясының болғаны ғой.

Жас ұрпақ әке-шеше, бауырдан қашып, елінен безіп жат ағымның артынан кеткені өте өкінішті. Көзі ашық, оқудан жалықпайтын, дамыған заманда жан жақты зерттеп, біліп, қарайтын, сыни көзбен қарайтын жастарымыздың жат ағының артынан еріп кетіп жатқандығы қоғамға қауіпті. Әлде, қазіргі тілмен айтқанда заманауи жастардың қандайда бір дінді ұстанып, насихаттап, солай киінуі тек еліктеушіліктің салдарынан туындап отыр ма? Тілінде не түзу сөзі, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілігі, отанға деген махаббат, патриоттықтың жоқтығын жастарымыздың бойыннан көруге болады. Адамгершілік пен адамның көңіліне қарап сөйлеу керек деген көркем мінезділігінің жоқтығы сәнге айналуда ма? Әлеуметтік желілерде неше түрлі ойлар мен ақпараттар, мағынасыз бейне материалдар адам санасын ешбір қарусыз улауда.

Тоқсан ауыз сөздің түйініне тоқталсақ, азғындалып жатқан мына қоғамда бір сәт өзіңіздің немен айналысып, не оқып, қайдан ақпарат жинап, білім алып жатқаныңызға мән бергеніміз дұрыс.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты, – деп  Міржақып Дулатов айтқандай қазір дамыған заманда дұрыс жерден білім алып, қоғамға пайдасы тиетін технологиялар ойлап тауып, жаңалық ашып, миды қозғайтын уақыт туды. Мемлекеттің қорғауын сезініп, елі үшін еңбек етіп жатқан ұйымдардың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, дұрыс білім беру мекемелерінен білім алу керек.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұмыс жасасақ әлемнің менмін деген мемлекеттердің басында жүретінімізге сеніміміз мол. Біздің ата-балаларымыздың тілегі, ниеті, дұғаларының арқасында төл тарихы бұзылмаған мықты ел болып отырғанымыздың бірден-бір кепілі десек те болады. Осы бізге берілген нығметтер мен мүмкіншіліктерді бағалап, сақтап, дамытуымыз өз қолымызда. Ұлтымызбен, дінімізбен, тілімізбен, мемлекетімізбен мақтанып, бағалау әрбір қазақстандықтың парызы.

Отанға опасыздық еткенін,

Өз түбіне өзің жеткенін. – дегендей әрбір теріс ағым мен теріс пікір ел арасындағы ауызбіршілікті жоятынын естен шығармайық!

Алпысбаева Назым Сейтхановна
Психолог

Таңбалар: әділдінДін және салт-дәстүр
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бүлікке бастаған бір ауыз сөз
Видео

Бүлікке бастаған бір ауыз сөз

13.08.2025
Дін – саясаттың шоқпары емес
Видео

Дін – саясаттың шоқпары емес

12.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мектепте хиджаб киюге бола ма: Министрдің жауабы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті
Жаңалықтар

«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

23.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою