Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

26.05.2023
- Сұхбат, Таңдаулы
0
125
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Жуырда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті баспана өз иесін тапқан болатын. Осы жайында кеңірек айтып берсеңіз?

– Иә, жоба аясында 661-ші баспана кілті Маңғыстау облысы Тұщыбек ауылының тұрғыны Бақытжан Нұрсайынұлының отбасына табысталды. Игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы Шаймұрза Жаңайұлы, аудан бас имамы Құралбай Амалбайұлы, дін қызметкерлері, елді мекен ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

6 баласы бар бұл отбасы 1 сәуір күні орын алған өрт салдарынан үйсіз қалған болатын. Қалың елдің және жергілікті мекемелердің қолдауымен Бақытжан Нұрсайынұлының жанұясы жаңа шаңыраққа ие болды. Бұдан бөлек, рамазан айында 30 отбасыға 30 баспана берілгенін айта кетейік.

–  Бұл 30 баспана «Ел үлесі – пәтерге» жобасынан тыс берілді ме? Яғни өз алдына бөлек жоба ма?

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

– Аталған акция «Ел үлесі – пәтерге» жобасының ішінде болды. Айырмашылығы – пәтерлердің қасиетті ораза айында берілуі. Рамазан кезінде арнайы күшімізді салып, көп мұқтаж отбасылардың баспаналы болуын қаладық. Нәтижесінде 7 дін қызметкеріне, 23 көпбалалы отбасыға 30 баспананың кілті берілді.

            – Бұдан басқа қандай жобаларыңыз бар?

– «Денсаулық» деген жобаның аясында «Өмірге үміт сыйла» және «Үміт сыйла сәбиге» деген екі бағытымыз болды. «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында 130 отбасыға 6 207 886 тг көлемінде көмек берілді, ал «Үміт сыйла сәбиге» жобасы аясында 176 бала  қамтылды. Бірінші акция бойынша дәріге мұқтаж науқастарға және шетелде ем қабылдауға зәру адамдарға көмек көрсеттік. Бұл біздің ең үлкен іс-шараларымыздың бірі болды.

«Зекет және қайырымдылық» қоры өткен рамазан айында бірнеше жобаларды қатар қолға алып, жүзеге асырды. Атап айтсам,  «Қолдан – қолға» («Қош келдің, Рамазан» акциясы) жобасы аясында 13 669 отбасы қаржылай қайырымдылық көмек алды. «Рамазан тәттісі» жобасы аясында 17 063 балаға тәттілер мен ойыншықтар таратылды. Киім-кешекпен 2 381 отбасы көмек алды. «Ауызашар себеті» жобасы бойынша 165 679 адамға ауызашар себеттері таратылды. «Шарапатты Рамазан» жобасы бойынша 1 861 827 адамға ауызашар дастарханы жайылды. «Жетім көрсең, жебей жүр» жобасы аясында 396 жетім балаға түрлі көмек берілді. «Рамазанда мешітке кітап сыйла» жобасы бойынша мешіттерге 2 543 кітап сыйға берілді. «Алтын құрсақты батыр аналарға тосын сый» бойынша 131 анаға сый берілді. 3 млн адамға ауызашар дастархандары мешітте жайылды.

  • «Өмірге үміт сыйла» акциясы жөнінде кеңірек айтып бере аласыз ба?

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық бағытындағы жұмыстар ауқымын кеңейтіп, бірнеше жылдан бері ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оңалту орталықтарымен бірлесе игі істерді атқарып келеді. Бұл соның бір көрінісі. Қазіргі уақытта қоғамдағы аса күрделі мәселелердің бірі – аутизм, БЦП, ЗПР, Даун синдромы бар науқас балалардың саны уақыт өткен сайын артып жатқаны жанымызға батады. Сондықтан «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры осындай ауыр дерті бар балаларға қолдау көрсету бастамасын қолға алды.

Ерекше балалардың психологиялық процестерін, орталық жүйке жүйесін, сөйлеуін дамытуда ұсақ моториканың маңызы зор екені белгілі. Осы қасиетті рамазан айында Астана қаласындағы ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оңалту орталықтарына арнайы балалардың ой-өрісін дамытуға арналған ойын түріндегі құрылғы – «бизибордты» табыстадық. Біз бұл жобаны тоқтатқанымыз жоқ. Әрі қарай аталған бағытта жүйелі және тұрақты түрде қайырымдылық жасап келеміз.

«Зекет және қайырымдылық» қоры ерекше балалардың ой-өрісін дамытуға көмектесетін құрылғының бір үлгісін сатып алып, бизиборд жасауға бейім жандардың көмегімен «Zeket Hub» орталығында мыңдаған данасын құрастырып шықты. Бүгін бірнеше балаларды оңалту орталығына табыс етілсе, алдағы уақытта республика көлемінде ерекше балалардың күтімімен айналысатын орталықтарға 1000 данасын жеткізу жоспарда бар. Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау.

– Бұл көрсеткіш елімізде қайырымдылық жасаудан аянбайтың жандардың көбейгендігін білдіреді ғой?

– Расымен, қайырымдылық жасаудан аянбайтын жандар баршылық. Олар көбіне банк қосымшалары арқылы аударымдар жасайды. Бірақ аттарының жария етпеуін сұрайды. Себебі құпия берілген садақаның сауабы көбірек болатыны белгілі. Ал өз басым жариялап отырған дұрыс деп есептеймін, ол басқаларға да үлгі болады.

– Рахмет, қайырымды істеріңіз азаймасын. Аманшылықта жүздесейік!

Әңгімелескен Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: «Ел үлесі – пәтерге» жобасыЗекет және қайырымдылық қорыРамазан айы
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Ел үлесі – пәтерге»: 869-шы баспана табысталды
Жаңалықтар

«Ел үлесі – пәтерге»: 869-шы баспана табысталды

20.11.2025
Қайырымдылық – ізгі қасиет
Видео

Қайырымдылық – ізгі қасиет

14.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00