Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рамазанның артықшылықтары

04.04.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
259
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан – тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт. Материалдық әрі рухани тұрғыдан жылдың ең берекетті күндері.

Әрбір мұсылман намазы, оразасы, жақсылықтары, қызметтері мен дұғасы арқылы осы рақымдылық пен берекеден нәсібін алуға тырысуы керек. Біліп және білмей істеген күнәлары үшін Алладан кешірім тілеуі қажет. Жаратушысына жалбарынуы керек. Хақ Тағала құлының шынайы дұғасы мен тілегін қайтарусыз қалдырмайды, күнәларын кешіріп, рақымшылығына бөлейді.

Рамазан қандай ай? Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы. Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі. Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші «Құран» атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрәк ай.

Рамазан – Хақ-Тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып-таситын айрықша ай. Рамазан – пенделік қылықтардан мейлінше арылып, барынша рухани кемелденіп, ішіп-жеуден уақытша болса да тыйылып, «періштеге» ұқсап бағудың табылмас сәті.

Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026

Рамазан – он бір ай кір шалып, тот басуға аз қалған рух пен жүректің қайта тазарып, кемелденуі үшін Құдай Тағаланың арнайы бекіткен киелі бағдарламасы іспепті.

Рамазан – атойлаған нәпсіге тойтарыс беріп, оған қылбұрау сала ауыздықтау айы. Рамазан – қара ниетті шайтанның ауыз бекіткен адам баласын азғыруда амалы құрып, кері шегінетін айбарлы айы. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) «Рамазан айы келгенде, жәннаттың есіктері айқара ашылып, тозақтың есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді» деуі бұл айда шайтан атаулының көксегеніне жете алмай дымы құритынын білдіреді.

Рамазан – құлдың шын ықыласпен тәубаға келіп, ұлы Жаратушысына бет бұру заманы. Рамазан – құлдың Хақ тағалаға барынша жақындау үшін күллі қам-қарекетін салатын, бар жігер-қайратын төгетін ұлы майданы.

Рамазан – сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекетті айы. Бұл айда үлкенді-кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі.

Рамазан – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Ал сабырдың қайтарымы – жұмақ. Рамазан – жәрдемдесу айы, мұсылмандардың ризығын арттыратын ай.

Рамазанда кеш сайын оқылатын тарауық намазы – бұл айдың түндерін үлкен мәнге ие етіп, нұрландыратын ғибадат. Жүректер мен көңілдер осы рухани атмосферамен тазаланады. Сондай-ақ ауыз ашқан соң, денені бір ауырлық басатыны белгілі. Бұл тек тарауық намазы арқылы ғана кетеді, ас оңай қорытылады. Адам физиологиялық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да рахатқа бөленеді.

Рамазан айы мүбәрәк болсын, жамағат. Ал Жаратқаннан сабыр жаудырып, тура жол, тақуалық пен кешірім беруін тілейміз. Алла Тағала қасиетті Рамазан айындағы ұстаған оразаларыңызды, берген садақаларыңызды қабыл етсін. Әмин!

                                             Нұрлан САМАТҰЛЫ,

Орал орталық мешітінің баспасөз хатшысы

Таңбалар: басты тақырыпоразаРамазан
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Кеше рас айттым, бүгін жалған сөйлемедім»

«Кеше рас айттым, бүгін жалған сөйлемедім»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120866 бөлісті
    Бөлісу 48346 Твитерге 30217
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00