Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Валентин күні» ғашықтар мерекесімен байланысы жоқ

14.02.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
407
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әулие Валентин күнін қазақтар бұрынғыдай атап өтпесе де әлі қоғам санасында сақталып қалған. Әйтсе де оның шығу тарихы ғашықтар мерекесімен еш байланысы жоқ екен. Оны бірі білсе, бірі білместікке басып осы күнді күтетінін әлеуметтік желілерде ашық айтып жүр.

Бұл «мерекенің» тарихына көз жүгіртсек, оны азап шегу және дін үшін жан берумен байланыстырады. Яғни бүгінгі ғашықтар мерекесімен байланыстыруға келмейді.

Дінтанушы Айбек Аташевтің айтуынша, бұл мерекеге байыппен, сау ақылмен тарқатып қарасақ астарында адам мен қоғамды аздыруға, рухани және ұлттық құндылықтарды жоюға  арналғандығы айқын.

– Тарихшылардың тұспалдауынша, ежелгі христиандардың аңыз-ертегілерінде бір емес, үш бірдей Валентин болғандығы мәлім. Осы үшеуінің өлімі ит азаппен, қорлықпен зорлық көрсетіліп қыршын қиылған. Дерек көздерге сүйенсек римдіктерде 14 ақпан махаббат тәңірі Юнон мерекесі. Жоғарыдағы үш боздақ Валентиннің бірінің ажалы 269 жылы 14 ақпан, ату жазасы еді. Міне, осылайша «Іздегенге сұраған»,-демекші бір-бірімен байланысып мереке болып жарияланып кете барған. Бұл мереке батыстың бізді жан-жақты жаһандану тәсілімен жаулап алу саясатының бір тармағы. Өкінішке қарай дәл қазір біздің қоғам іші-бауырымызға кіріп бара жатқан індетті селт етпестен қасқайып қарсы алудамыз,- дейді дінтанушы.

Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026

Айбек Аташев ислам дініміз жалған мерекеге түбегейлі қарсы екендігін алға тартады. Мұсылман ғұламаларының пікірінше, «әулие валентин» мерекесі пұтқа табынушылықтың бір белгісі ретінде де сипатталады.

– Мұны тек біз емес, Батыстың беткеұстар ғалымдарының өзі мойындап отыр. Өйткені мұнда балгерлік, сәуегейлік сияқты дін шеңберінен тыс әрекеттер орын алады. Мәселен, адамдардың әр түрлі заттарға сеніп оған табынып, оның нұсқауымен екінші жартысын табуға тырысуы. Нәпсіні қоздыратын тағамдар мен ішімдіктер де Исламға жат, әрі харам болып есептеледі. Алайда бұл түрлі-түсті көңіл көтеру асыл дініміздің қағидаларымен, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы насихаттап келген моральдық құндылықтарымен сәйкес келмейді. Мұсылман адам махаббат сезімін біреуге білдіру ісіне селқос қарамауы керек. Ол өзінің жүректен жарып шығатын ыстық сезімін болашақта отбасын құруға және өзінің адал жарына сақтауы тиіс. Ислам дінінің шариғатында тәлім-тәрбиесі жоқ мерекелерді атап өтуге жол жоқ,- деді.

Ал дінтанушы Нұрлан Саматұлының айтуынша, христиан діні алғаш тараған жылдарда Валентин есімді католик шіркеуінің қызметкері болған екен.

– Әулие Валентинге қатысты бірқатар аңыз бар. Солардың бірінде ол Рим императоры Клавдий II тұсында өмір сүрген. Сол уақытта жас жігіттер әскерге бармау үшін ерте үйленетін болыпты. Бұндай қулықтың алдын алу үшін Клавдий II олардың әскерге бармай тұрып үйленуіне тыйым салады. Ал Валентин оларды құпия түрде некелестіріп отырған. Алайда оның әрекеті әшкереленіп, 14 ақпан күні басы шабылады. Кейінірек 469 жылы Римнің Геласиус деген императоры бұл күнді «Әулие Валентин» күні деп жариялаған екен.

Тағы бір аңызда Валентиннің дін қызметкері болып, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалған. Сөйтіп ол түрме қызметкеріне ғашық болғаннан басы кесілген екен. Енді бірінде Валентин шіркеу қызметшісі ретінде қызға сезімін білдіре алмай, оған жүрек тәрізді хаттар жолдайтыны баяндалған. Кейін оның ісі әшкерленіп, жазаға тартылады. «Әулие Валентин» күнін Батыс Еуропа елдері ХІІІ ғасырдан бастаса, АҚШ 1777 жылдан бастап мереке ретінде тойлаған.  Одан кейін біздің елімізде де «Әулие Валентин» күні атап өту дәстүрге айналды. Алайда аталған мерекенің шығу тарихынан жастарымыздың көпшілігі бейхабар, – дейді ұстаз.

Орал облыстық орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимов жастардың көпшілігі осы күннің тарихын білмегендіктен арзан сезімге бой алдырып, бір-біріне сыйлық ұсынып жатады дейді.

– «Әулие Валентин» күні Еуропадан біздің дінімізге келген, қазақы салт-дәстүрімізге жат мереке. Сондықтан бұл күнді мереке ретінде қабылдап, тойлауға мүлде болмайды. Біз жақсы қасиеттерді ислам діні мен салт-дәстүрімізден аламыз. Яғни ислам дінінде адамдар арасындағы өзара махаббат – Алла тағаланың разылығы, яғни ислам дінінде адамдар арасындағы өзара махаббат Алла тағаланың разылығын және оның заңдарының шеңберінен шықпауға, адамдардың бір-біріне деген бауырмалдыққа негізделеді, – дейді имам.

Сондықтан бір-бірімізге деген махаббат пен сүйіспеншілікті бір күнге ғана шектемей, күнделікті көрсетіп тұруымыз қажет екендігін ұмытпайық.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: валентин күніғашықтар күніИслам діні
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылмандық – өз мекеніңде
Видео

Мұсылмандық – өз мекеніңде

02.02.2026
«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Жаңалықтар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

03.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Декоммунизация: Украина 8 наурыз бен Жеңіс күнінен бас тартпақ

Декоммунизация: Украина 8 наурыз бен Жеңіс күнінен бас тартпақ

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120878 бөлісті
    Бөлісу 48351 Твитерге 30220
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00