Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ережеп айы туралы хадистер

23.01.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
3.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз ﷺ үш қасиетті айдың біріншісі – Ережеп айы туралы өз хадистерінде кеңінен баян еткен.

Мәселен, ережеп айы кіргенде: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!» (Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, I/259) – деген дұғамен қасиетті айларды бастайтын.

Икрима ибн Аббастан риуаят етілген хадисте Алла Елшісі ﷺ: «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, ал Рамазан – үмметімнің айы», – деген.

Әнас ибн Мәліктен (р.а) риуаят етілген осы хадистің жалғасында: «Ей, Расулалла! Ережеп айының «Шаһруллаһ» деп аталуының себебі не?» – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі ﷺ: «Ережеп – Алла Тағаланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала құзырында сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда Алла Тағала әнбиялардың, яғни пайғамбарлардың тәубелерін қабыл етіп, әулиелерді дұшпандарынан қорғаған. Бір кісі ережеп айын ораза ұстап өткізсе, Алла Тағаланың үш жақсылығына ие болады» деді.

Көк паспорттың қадірі

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026

Бір хадисте «Алла үшін айлардың жақсысы – ережеп айы. Ережеп – Алланың айы. Кім оны ұлықтаса, расында Алланың ісін ұлықтаған болады. Кім Алланың ісін ұлықтаған болса, ол нығметтерге толы  жаннаттарға  кіреді. Оған Алланың  разылығы түседі…»  делінеді.

Сәубан (р.а.) айтты: Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ екеуміз бірге кетіп бара жатыр едік. Жолымызда қабірлер болатын. Алла Елшісі ﷺ бір кезде қабірлерге қарап, көзіне жас алды. Содан соң маған қарап: «Ей, Сәубан, мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан құтқаруды тілеп, Алла тағаладан дұға еттім. Егер де бұлар Ережеп айында бір күн ораза тұтқанда немесе құлшылық етсе, яки осы айда дүниеден өтсе, онда бұларға қабір азабы болмас еді», – деді.

Сонда мен: «Иә, Расулулла, Ережеп айының бір күн оразасы қабір азабынан құтылуға каффарат бола ма?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Әр мұсылман ең болмаса Ережеп айында бір күн нәпіл ораза ұстаса, ғибадат етіп, құлшылық жасаса немесе осы айда бұл дүниеден озса, Алла Тағала ол кісінің амал кітабына бір жылғы ғибадаттың сауабын жазар», – деді.

Мұса ибн Имран Әнас ибн Мәліктің естігенін былай деп баяндайды. Пайғамбарымыз ﷺ: «Жәннатта бір өзен бар. Ол өзеннің аты – Ережеп. Сүттен ақ, балдан тәтті. Кімде-кім ережеп айында бір күн ораза тұтса, Алла Тағала ол кісіге сол өзеннен сусындауды нәсіп етеді», – деп ережеп айында ораза ұстауға үмметін ынталандырған.

Сол мезетте қарт кісі орнынан тұрып: «Иә, Алла Елшісі! Мен ережеп айының барлығында ораза ұстауға әлсізбін», – деп сұрағанда оған Пайғамбарымыз ﷺ: «Ережеп айының басында, ортасында, аяғында ораза ұстасаң, ережеп айының барлық күндерінде ораза ұстағандай сауапқа ие боласың. Өйткені, бір жақсылық он есеге еселенеді», – деген.

Ihsan.kz сайтында жарияланған Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлының мақаласынан қысқартылып алынды.

Таңбалар: басты тақырыпЕрежепқасиетті айлармиғраж түніРамазанШағбан айы
Бөлісу89Твитерге56Бөлісу11Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

14.03.2026
Адалдық – мұсылмандық қасиет
Видео

Адалдық – мұсылмандық қасиет

13.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Ережеп айы және ораза

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120846 бөлісті
    Бөлісу 48338 Твитерге 30212
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1591 бөлісті
    Бөлісу 636 Твитерге 398

Соңғы жарияланымдар

Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні
Жаңалықтар

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026
Наурызнама күнтізбесі
Инфографика

Наурызнама күнтізбесі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00