Сенбі, 3 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл күшейтілмек

17.10.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
238
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасы Президентінің №1038 Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған қаржылық мониторингіні дамыту Тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім еткендей, Тұжырымдама халықаралық стандарттарды, сондай-ақ кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың өзекті қатерлерін ескере отырып әзірленген.

Азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілері арасында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) бойынша кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Жоғары оқу орындарында, колледждерде және мектептерде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәрістер өткізіледі. Бұл жұмыс әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйелі негізде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта АЖ/ТҚҚ саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін оқу бағдарламасы жоқ. Тұжырымдаманы іске асыру жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін мамандандырылған оқу орнын құруға арналған жұмыстар басталды.

СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

02.10.2026
Діни дүкен иелерімен кездесті

Діни дүкен иелерімен кездесті

02.10.2026

Сондай-ақ, қаржылық мониторинг субъектілерінің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайын нақтылау бөлігінде ФАТФ стандарттарын ұлттық заңнамаға имплементациялау жалғасып жатыр. Активтерді бұғаттау жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде құқықтары бұзылған адал үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін тетіктер көзделген.

Құжат сонымен қатар, қолданыстағы АЖ/ТҚ жүйесін жетілдіруді қарастырады. Осы мақсатта қаржылық мониторинг субъектілерінің күдікті қызмет туралы хабарламаларды хабарлау практикасы енгізіледі. Қаржылық барлау бөлімшесінің Талдамалық әлеуетін бюджет қаражатының жұмсалуын мониторингілеу үшін пайдалану жоспарланып отыр. Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің болуына жаңа қаржылық қызметтер талданады.

Кірістерді жылыстату тәуекелдерін анықтаудың жеделдігі бизнес-процестерді автоматтандыру, Ақпараттық жүйелер базаларын интеграциялау, үлкен деректерді талдау құралдарын енгізу есебінен қамтамасыз етіледі.

Қаржылық мониторинг субъектілері мен мемлекеттік реттеуші органдардың белсенді өзара іс-қимылы үшін Агенттік порталының функционалын пысықтап жетілдіру көзделген.

Цифрлық активтер нарығының қарқынды өсуі кірістерді жылыстатуды және оларды пайдалану арқылы жасалған терроризмді қаржыландыруды мониторингілеу және болдырмау жөніндегі міндеттерді қосуға себеп болды. Тұжырымдамада қаржылық мониторинг субъектілері үшін цифрлық активтердің айналымына байланысты күдікті операциялар туралы хабардар ету режимін күшейту көзделген.

Осы міндетті іске асыру үшін Агенттік Binance халықаралық криптобиржасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оның негізгі мақсаты – қылмыстық жолмен алынған, сондай-ақ кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға арналған цифрлық активтерді пайдалана отырып, операцияларды белгілеу және бұғаттау бойынша ақпарат алмасу.

Заңсыз қаржылық операцияларды қадағалау жөніндегі жұмысқа IT құралдар енгізілмек. Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі цифрлық активтерге байланысты ерекшеліктерді қосу бөлігінде қайта қаралады.

АЖ/ТҚҚ саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – қылмыстық кірістерді іздеу және қайтару. Бұл міндетті іске асыру үшін капитал жылыстайтын юрисдикциялармен шарттық-құқықтық базаны кеңейту, активтерді іздеу бойынша IT құралдарын енгізу жоспарланған.

Не арқылы: inform.kz
Таңбалар: терроризм
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни экстремистік іс-әрекеттерге не жатады?
Ағымдар ақиқаты

Өшпенділіктің ұшқыны қайдан тұтанады?

25.09.2026
Ердоған: «Терроризмсіз Түркия» үдерісі мемлекеттік жоба ретінде жүзеге асырылуда
Жаңалықтар

Ердоған: «Терроризмсіз Түркия» үдерісі мемлекеттік жоба ретінде жүзеге асырылуда

20.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«HALAL EXPO-2022» көрмесі жақын күндері өтеді

«HALAL EXPO-2022» көрмесі жақын күндері өтеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

    Намаздағы ықылас

    22
  • Халал индустриясы саласындағы ынтыматақтастық жанданады

    21
  • ҰҚК: Қылмыстық схемалардың жолы кесілді

    16
  • Жастар ел болашағына сеніммен қарайды

    13
  • Мүфтият Исматулла Мақсұмға қатысты мәлімдеме жасады

    11

Соңғы жарияланымдар

СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр
Жаңалықтар

СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

02.10.2026
Діни дүкен иелерімен кездесті
Жаңалықтар

Діни дүкен иелерімен кездесті

02.10.2026
Басты мақсат – теологиялық оңалту тиімділігін арттыру
Жаңалықтар

Басты мақсат – теологиялық оңалту тиімділігін арттыру

02.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00