Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  

17.10.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
656
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Этносаралык және конфессияаралық келiсiм – өте нәзік дүние. Жер бетіндегі көптеген қақтығыстар мен соғыстардың көпшілігі осындай алауыздықтың салдарынан туындағанына көнекөз тарих куә. Қазіргі уақытта дін мәселесі мен қоғамның дамуы ең маңызды мәселелердің бірі болып отырғаны шындық. Көршілес елдерде орын алып жатқан қақтығыстар, отқа оранып жатқан қалалар мен түн тыныштығы бұзылған халықтардың бір кездері тыныш бейбіт халде өмір сүргенін баршамыз білеміз. Осы көріністердің барлығы әлбетте өзара бөліну мен алауыздық отына арбалудан басталған.

Қазақ елі зайырлы ұстанымды таңдап, дінаралық және ұлтаралық келісім мен достықтың өзіндік моделін қалыптастарғанының арқасында бейбітшілік даңғылына түсіп, мың құбылған әлемнің ортасынан мызғымас жолын тапты. Осы орайда Қазақстандағы тұрақтылық пен келісімнің негізінде жатқан конфессияаралық ынтымақтастықтың сырына бір үңілген жөн.

Жаһандану жағдайында еліміздің ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау үшін өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, діни-рухани құндылықтарымызды танып білу, ұлттық бет-бейнемізді жоғалтпай, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу өмір талабы.

Қазақстан егемендік жылдарындағы барлық іс-әрекетін тек ел халқының мәдениетін жандандыруға ғана емес, сонымен қатар, елімізде өмір сүріп жатқан ұлттардың этникалық және діни топтары арасындағы қарым-қатынастарын реттеуге де бағыттады. Экономика қаншалықты тұрақты, ішкі саясат қанша бейбіт болғанымен, ішкі саяси және ұлтаралық, дінаралық араздық бар жағдайды ушықтырып жібереді.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Қазақстан – тілі де, діні де бөлек көптеген ұлттың үйіне айналған ортада келісім мен бірлік болуын басты мақсат етіп қоя білді. Қазіргі кезде тек этносаралық келісімді сақтап, нығайту ғана емес, сонымен бірге ең алдымен діни төзімділікті, конфессияаралық пікір алысу мен келісімді сақтап нығайту Қазақстанның ішкі саясатының басты міндеттерінің бірі саналады.

Егер бұл саланы назардан тыс қалдырып, оған лайықты мән берілмейтін болса, онда Қазақстанды мекендейтін халықтардың ғасырлар бойына қалыптасқан бірлігіне сызат түсуі мүмкін. Басқаша айтқанда, діни келісімді әсірелеп айтпай-ақ келісімнің барлық өзге формаларының негізі ретінде қарауға болады, өйткені ол адамдар арасындағы ішкі, дүниетанымдық-бітімгершілік ұйтқы болып табылады.

Бүгінгі алмағайып та қым-қуыт дүниеде бейбітшілік пен ынтымақ күшейіп, дамуы үшін діндераралық үнқатысу мен төзімділіктің мән-маңызы жоғары. Жалпы алғанда Қазақстанда түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық жағдайлардың барлығы да жасалған, конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптасқан. Қазақстан Республикасындағы дін аясы бірқатар заңнамалық актілермен: Конституция, Азаматтық кодекс, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң, басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттелген.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялы және зайырлы мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адамның діни бостандығы құқығының сақталуына үнемі көңіл бөліп отырады. Қазақ жері тарихи жағдайлармен ұлы өркениеттердің – ислам, христиан, буддизм, конфуциандық өркениеттердің өзара іс-қимыл орнына айналды. Біздің шексіз кең байтақ даламыз өзіне алуан түрлі өркениет пен мәдениетті сіңірді. Сондықтан қазіргі полиэтностық және поликонфессиялы Қазақстан – ғасырлар бойғы рухани және мәдени дәстүрлердің мұрагері.

Қазіргі таңда Қазақстанда ондаған діни конфессия жұмыс істейді. Республикада олардың тұрақты диалог негізінде бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасалған. Мемлекет бұл процесте бастамашылық жасайды және қолдайды. Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдарындағы алғашқы қадамдардың бірі қазақстандықтардың діни бостандығына кепілдік беретін діни бірлестіктер туралы Заңның қабылдануы болды.

Егер тікелей Қазақстан жайында айтатын болсақ, онда рухани келісім елдегі басым көпшілікті құрайтын ислам мен христиандық діндерінің өзара тату болуы арқасында көрініс табады. Осы екі дін өкілдерінің ынтымақта өмір кешуі Қазақстан қоғамының тұрақтылығын қамтамасыз етпек.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде де рухани ұлттық қазыналарымызды сақтап қалу мен ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз. Қазақстан зайырлы мемлекет болғанмен Ата заңымызда діни конфессияларға аса мән беріп, азаматтардың ар-ождан бостандығына кепілдік берілген. Жоғарыда айтылғандай, халқымыздың басым бөлігі Ислам дінін ұстанушылар екендігі де мәлім. Сондықтан бүгінгі таңда мұсылманның бірінші қағидасы гуманизм, адамды сүю, адамгершілік қатынас, адам құқығын қорғау, Отанды сүю, иманды болу.

Өйткені, Ислам діні мемлекетте, тыныштық, әділдік болуын көздейді. Жасыратыны жоқ, Ислам өркениетінің арқасында адам баласы ұлтына, нәсіліне, географиялық жағдайына қарамай көптеген игіліктерге қол жеткізді. Қазіргі күні Қазақстан әлемдік қауымдастықтағы беделінің жоғарылығы нәтижесінде мұсылман елдерімен рухани, экономикалық байланыстар өсуде.

Аллаға шүкір, бұрындары арман болған барша мұсылман үшін ең қасиетті де киелі саналатын Мекке мен Мәдина қалалары орналасқан Сауд Арабиясы Корльдігімен рухани байланыс орнықты. Біріккен Араб Әмірліктерімен елімізде көптеген қайырымдылық шаралары атқарылуда. Мұның барлығы бәсекеге қабілеті елдердің қатарына ену жолында өз үлесін қосатын рухани бауырластықтың үлгісі.

Бүгінгі таңда рухани тұрғыда бәсекелестік те жоқ емес. Оның кейбірі шынайы сенімімізге селкеу түсіріп, бірлігімізді сетінетуге ықпал еткісі келеді. Алайда бүгінгі діни қызметкерлер уақыт талабынан туындаған қандай да бір жайттарды сауаттылықпен, байсалдылықпен, парасаттылықпен, көркем түрде шешуді меңгерген деуге әбден болады.

Себебі, егемендік алған тұстағы діни көзқарас пен бүгінгі талғамның арасында едәуір айырмашылық бар. Дінбасымыз дін қызметкерлеріне жаңаша бағытта жұмыс жасаудың тетіктерін көрсетіп, халықтың салт-санасынан бөлектенбей, дінге ықыласты қызмет атқаруды міндеттеп отыр. Осы талап үдесінен шыға отырып, атқарылған жемісті жүмыстардың барысында ұлтжандылық пен Отансүйгіштікке тәрбиелеуде имандылық адамның ар-намысының бет-бейнесіне айналды деп айта аламыз.

Иман тек дінге қатысты ұғым болып қалмай, дін туралы мәселенің шеңберінде шектелмей, ауқымы кең отбасылық, тұрмыстық, әлеуметтік өмірде өзінің лайықты орнын алып, халықтың рухани қажеттілігіне айнала отырып дамып келеді. Адамзат баласына тән ұстамдылық, сабырлық, төзімділік және бейбітшіліксүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген жас буын рухани құндылықтарын ешуақытта жоғалтпайды.

Әлде де болса рухани тәрбие тәсілі арқылы жас ұрпақтың бойында қоғам өміріндегі жат, келеңсіз құбылыстарға жиіркенішпен қарайтындай сезім қалыптастыруымыз қажет. Басты проблемаға айналып отырған суицид, нашақорлық, кісі қанын жүктеу, лаңкестік әрекет секілді екі дүниеде зардабы мол күнәлі істерден жас буынды арашалау баршамыздың басты міндетіміз.

Әрбір дін адамзат баласын бір болуға, өзара көмек көрсетуге үндейді. Олай болса, Отанымыздың өркендеуі жолында, еліміздің абыройын ойлап, халқымыздың жоғын түгендейтін, ар-намысын, ата дінін қорғайтын ұрпақ қалыптастыруды баршамызға нәсіп етсін. Зайырлы құндылықтарды ту қылған Қазақ елі қарыштап дамып, толеранттылық пен бейбітшіліктің бесігіне айналарына сенім мол.

Құрметті отандастар, 18 қазан – Рухани келісім күні құтты болсын! Рухымыз бір болса, алынбас қамал жоқ, бізге тізесін батырар жау жоқ!

Мақсатбек МАХАНБЕТОВ,

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы

Таңбалар: басты тақырыпдінаралық достықконфессияаралық келісімМақсатбек Маханбетоврухани келісім күні
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстанда алғаш рет дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионат өтті

Қазақстанда алғаш рет дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионат өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00