Сенбі, 19 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шайтан бар жерде отырмаймын!

10.08.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
658
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Елшісі сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен Хз. Әбу Бәкір (р.а.) қатысқан бір жиында, Хз. Әбу Бәкірге бір адам келіп ауыр сөздер айта бастады. Хз. Әбу Бәкір оған жауап бермей отыра берді. Алла елшісінің (с.ғ.с.) жүзі күлімсіреп, болған жайтты үнсіз бақылап отырды.

Жаңағы адам айқайын ондан ары күшейтіп, Хз. Әбу Бәкірді балағаттауын жалғастырса да, Хз. Әбу Бәкір әлі жауап бермеді. Әлгі адам балағат сөзін одан әрі айта бергенде, Хз. Әбу Бәкір шыдай алмай оған жауап қатты.

Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.) орнынан тұрып, ашулы кейіппен жанынан кетіп қалды. Дереу Хз. Әбу Бәкір оның соңынан еріп, қуып жетіп: «Уа, Алланың Елшісі! Бұл кісі сенің көз алдыңда мені қарғады, мен оған жауап бергенімде, сен маған ашуланып, жиналыстан шығып кеттің. Бұл жердегі менің қателігім не?» – деді.

Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Сенің жаныңда ол кісіге жауап берген бір періште бар еді [ол періштенің жауабына күлдім]. Сен ол адамға жауап бере бастағанда, періште шегінді, араға шайтан келді. Мен шайтан бар жерде отырмайтын шығармын!»[1] деген екен.

Адасқан шәкірт

Адасқан шәкірт

19.07.2025
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию

Рухани дипломатия қалыптастырудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі

19.07.2025

Бұл ғибратты оқиғадан мынадай сабақ алуымыз керек:

а) кейде дөрекілік көрсеткен адамға ең жақсы жауап – үнсіздік. Әрине, бұл үшін шыдамдылық, мықты төзім қажет. Сізді қорлаған, балағаттап, жаман сөз айтқан адамға жауап беруге оқталғанда, әлбетте ауыр сөздерді қолданасыз. Ал бұны естіген қарсы тарап, одан қаталырақ жауап береді, ал сіз оған одан да қаталырақ жауап бересіз, осылайша жалғасқан бұндай дау-дамай тек сөзбен ғана емес, іс-әрекетке көшуі әбден мүмкін.

Көптеген ұрыс-керіс пен дау-дамай кісі өлімімен де аяқталатынын көріп жүрміз. Мұндай жағдайдың болмауын немесе алдын алу үшін не істеу керек? Қарсы тараптың деңгейіне түспей, өз қасиетімізді жоғалтпай, үнсіздікті сақтау да бір жауап екенін білуіміз керек.

Адам баласының бойындағы бұл жақсы қасиет туралы Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің «Фұрқан» сүресінің 63 аятында Алла тағалла былай деп бұйырады: «Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілділікпен сыпайы жүріп, оларға надандар тіл тигізсе:  (ренжітпей) «Сәләм/ Тыныштық болсын» деп айтыңдар».

б) адам баласы жан мен тән сияқты екі болмыстан тұрғаны секілді бұл ғалам да екі болмыс шеңберінде жаратылған. Яғни көзге көрінетін болмыс пен көзге көрінбейтін (ғайып) болмыстың бар екенін біз білеміз. Күнделікті өмірімізде біз, көзге көрінетін болмыстармен тікелей жұмыс жасасақ, көзге көрінбейтін болмыстардың табиғаты мен жаратылысын білмесек те, олар (періштелер, жындар) біздің әлемімізде тіршілік жасайтынын, біз сезім мүшелерімізбен сезе алмасақ та, бұл жаратылыстардың бар екенін білеміз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) адамдар арасында физикалық тұрғыда өмір сүрсе де, Алла Тағаланың рұқсатымен ғайып әлеміне қатысты оқиғаларға да куә болған. Ол сахабаларымен бірге физикалық түрде отырып, олардың жүздеріне қарап тұрғанда, ол жиында тұрған періште мен шайтанды да көкірек көзімен көре білген.

в) жақсы әдеттеріміз бен мінез-құлқымызды, дұғаларымыз бен жақсы ниетімізді періштелер қолдаса, жаман әдеттеріміз бен мінез-құлқымызды шайтан қолдайды екен. Өміріміздің әр сәтінде, әрбір айтқан сөзімізді, әрбір ісімізді Алланың қалауымен деп жасасақ, сол істе берекет болады, Алланың разылығын аламыз мен сый-сияпатына кенелеміз. Ал өзіміздің жан-дүниемізге жараспайтын сөз айтсақ, Алла разы болмайтын істермен айналысатын болсақ, шайтандармен дос болып, солардың жолымен жүрген болады екенбіз.

Міне осы себептен де Алла тағала Құран Кәрімде бұл көзге көрінбейтін жаратылыстың жаманынан сақтану үшін бізге мынадай дұға жасауды үйретеді: «/Әй Мұхаммед!/ Әрі айт: Раббым! Шайтандардың мені арбап, азғыруынан Өзіңе жүгініп, қорғауыңды сұраймын. Раббым! Олардың жаныма келуінен Саған сыйынамын, қорғауыңды сұраймын» деп дұға жасауды үйреткен «Әл-Муминун сүресі 97-98 аяттарында.

Сөзімді «Алла барша бауырларымызды шайтанның жамандығынан, жынның перісінен, жаман адамдардың тіл көздерінен сақтасын» деген дұғамен аяқтағым келеді. Жаратқан баршамызға жақсылық нәсіп етсін. Әмин.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

PhD Доктор

[1] Ахмед бин Ханбал, Муснад, 15/390 (риуаят № 9624)

Таңбалар: жынібілісперіштешайтан
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жын кіре ме, жоқ па?
Сұрақ-жауап

Жын адамның ішіне кіре ме?

04.07.2025
Періште деген кімдер?
Сұрақ-жауап

Періште деген кімдер?

24.03.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алжир мен Ресей  алғаш рет лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларын өткізеді

Алжир мен Ресей алғаш рет лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларын өткізеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2822 бөлісті
    Бөлісу 1129 Твитерге 706

Соңғы жарияланымдар

Адасқан шәкірт
Ғибратты әңгімелер

Адасқан шәкірт

19.07.2025
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Рухани дипломатия қалыптастырудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі

19.07.2025
Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды

19.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00